Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Уақытты өлшеуге арналған механикалық аспаптар



Pdf көрінісі
бет93/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   216
7.4.3. 
Уақытты өлшеуге арналған механикалық аспаптар 
Жеке  меншік  уақыттың  механикалық  шамасы  бар 
электрлік сағаттар 
Электрлік сағаттар уақытты өлшеуге арналған аспаптарды ұсынады
оларда  ең  кемінде  функцияларды  бірі  -  жетек,  бағытты  реттеу, 
индикация  блогына  энергияны  беру  немесе  уақытты  көрсету  - 
электрлік элементтер мен құрылғылар көмегімен іске асырылады. 
Электрлік 
сағаттарда 
жетек 
энергияның 
электрлік 
жинақтаушылары  көмегімен  іске  асырылады  (батареялар,  қорек 
көзінің төмен кернеуі желілері). 
Тербелістік  жүйе  ретінде  айналмалы  осцилляторлар  немесе 
камертондар  қолданылады,  олар    магнитті  жұмсақ  болаттан 
жасалған  тісшелермен,  тұрақты  магниттен  немесе  катушкалармен 
жабдықталған.  Осцилляторлар  механикалық  немесе  түсіру 
механизмімен  магниттік  байланыспен  байланысқан  жəне  оны 
тікелей  жоғары  көтереді.  Тербелістік  жүйеге  энергияны  беру 
осциллятордың өзімен реттеледі. 
Контактілік  басқару  кезінде  энергияны  беру  ауыстырып 
қосылатын  контактілер  арқылы  жүргізіледі.  Олардың  кемшілігі  ең 
алдымен  контактілердің  механикалық  тозуына  негізделеді. 
Контактісіз  реттеу  кезінде  энергияны  беру  ауыстырып  қосатын 
транзисторлар көмегімен іске асырылады. 
Айналмалы  тербелістік  жүйелерді  пайдалану  кезінде  жиілікті 
диапазон  5  Гц-тен  төмен  болады.  Камертондар  300  Гц  жуық 
жиілікпен жұмыс істейді. Энергияны беруге арналған камертондық 
жүйелерде  камертоннан  бағыт  механизміне  үлкен  берілістік  саны 
бар прецизиондық тісшелі беріліс қажет. 
Электрлік  сағаттар  кəсіпорындарда,  мектептерде  жəне  т.с.с 
орнатылады.  Негізгі  сағаттарды  дабылдық  жүйемен,  электрлік 
таймерлермен,  өндірістік  процесстерді  басқаруға  арналған 
дыбыстық  дабылдық  құрылғылары  бар  негізгі  (басты)  сағаттарды 
жалғау қажеттілігі туындайды. 
Электрлік  сағат  қондырғылары  негізгі  сағаттар  мен  бірнеше 
екіншілік  сағаттардан  тұрады.  Негізгі  жəне  екіншілік  сағаттар 
сымдардың  өзіндік  желісімен  жалғанған.  Негізгі  сағаттар  уақыттың 
бірдей  интервалдары  арқылы  электрлік  бұралады;  олар  гір  немесе 
спиральдық серіппе көмегімен бағытталған маятникпен жабдықталған. 
Маятник  0,5-тен  1  Гц  дейінгі  жиілікте  тербеледі.  Бұл  жиілік 
механикалық  түрде  сағат  механизмінде  редуцирленеді.  Шаппа 
доңғалақ  немесе  жұдырықша  көмегімен  ток  аударғышпен 
қосылады, 
125 


олар оң немесе теріс импульстарға тұрақты ток дабылын таратады. 
Бұл импульстер екіншілік сағаттарға түседі. Секундтық  сағаттарды 
(1  с  үшін  қосылудың  1  импульс)  жəне  минуттық  сағаттарды  (1 
минутта қосылудың 1 импульсі) ажыратқан жөн. Екіншілік сағаттар 
индикация  жүйесін  əрекетке  келтіреді  (беріліс  арқылы  қадамдық 
ауыстырып қосқыш көмегімен). 
Қызмет  көрсетілетін  екіншілік  сағаттардың  саны  энегрияны 
тұтынумен  жəне  негізгі  сағаттарды  қосудың  (ауыстырып  қосудың) 
рұқсат етілетін ток күшімен шектеледі. 
Көптеген  қондырғыларда  бірнеше  екіншілік  сағаттарды  аралық 
сағаттар  басқарады.  Осылайша,  желі  кернеуін  кездейсоқ  өшіру 
кезінде сағат тоқтамайды, ал автоматты түрде желіден зарядталатын 
батареялық  қорек  көзі  қосулы  болады.  Сонымен  қатар  желі  кернуі 
автоматты  түрде  ажырау  кезінде  автоматты  түрде  қосылатын 
аккумуляторлық қорек көздері белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет