27
1.6 сур. Ақпараттық жүйелерді қолдану саласын бойынша сыныптамасы
Кәсіпорынды (фирманы, компанияны және т.с.с.) басқару деп
мына функцияларды іске асыру шартымен қойылған мақсатты
қамтамасыз ету түсініледі: ұйымдастырушылық, жоспарлы,
есептік, талдау, бақылау, ынталандыру.
1. Ұйымдастырушылық функциясы ұйымдастыру құрылымын
және нормативтік құжаттардың кешенін: фирманың, бөлімнің,
зертхананың,
топтың
штат
кестесін
бағынушылықты,
жауаптылықты, құзыреттілік саласын, құқықтарын, міндеттерін
көрсетумен әзірлеуден тұрады. Әдетте бұл бөлім, зертхана
бойынша ережеде немесе лауазымдық нұсқаулықтарда жазылады.
2. Жоспарлау (жоспарлау функциясы) қойылған міндеттерді
орындау бойынша жоспарларды әзірлеу мен іске асырудан тұрады.
Мысалы, әртүрлі мерзімге (жылға, тоқсанға, айға, күнге) фирмаға
арналған
бизнес-жоспар,
өндіріс
жоспары,
маркетингтік
зерттеулер жоспары, қаржылық жоспар, ғылыми-зерттеу жұмысын
жүргізу жоспары және т.б.
3. Есептік функция фирма қызметінің көрсеткіштерін есепке
алудың дайын нысандары мен әдістерін әзірлеуден немесе
пайдаланудан тұрады, мысалы бухгалтерлік есеп. Есепті нақты
шаруашылық процестер туралы ақпаратты алу, тіркеу, жинақтау,
өндеу және ұсыну ретінде анықтауға болады.
4. Талдау
(аналитикалық
функция)
жоспарлар
мен
тапсырыстарды орындаудың қорытындысын зерделеумен, ықпал
ететін факторларды анықтаумен, резервтерді айқындаумен, даму
тенденцияларын зерделеумен және т.б. байланыстырылады.
Талданатын объектінің немесе процестің күрделілігі мен деңгейіне
байланысты талдау әртүрлі мамандармен орындалады. Фирманың
бір жылғы шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау мамандар
арқылы өткізіліп, ал цех, бөлім деңгейінде – маман-экономистпен
бірге осы деңгейдің менеджері (бастығы немесе оның орынбасары)
жүргізеді.
5. Бақылау функциясы менеджермен жүзеге асырылады:
жоспарлардың
орындалуын,
материалдық
ресурстардың
шығысталуын, қаржы құралдардың пайдаланылуын және т.с.с.
бақылау.
6. Ынталандыру
(уәждемелік
функция)
бағынышты
28
қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың әртүрлі әдістерін
әзірлеу мен қолдануды ұйғарады:
— қаржылық ынталандырма (еңбекақы, сыйлықақы, акциялар,
лауазымда көтеру және т.с.с.);
— психологиялық ынталандырма (алғыс, грамота, атақ, дәреже,
құрмет тақтасы және т.с.с.).
Технологиялық процестерді басқарудың ақпараттық
жүйелері өндірістік қызметкерлердің өндірістік операцияларды
басқару және бақылау бойынша функцияларын автоматтандыру
үшін қызмет етеді. Мұндай жүйелерде әдетте технологиялық
процестердің параметрлерін (температура, қысым, өнімнің
химиялық құрамы және т.с.с.) өлшеудің жетілген құралдарының,
параметрлер мәндерінің ұйғарындылығын бақылау рәсімдерінің,
технологиялық процестерді реттеудің бар болуы көзделеді.
Мысалы, бөлшектерді дайындаудың процестерін автоматтандыру
құралдары ретінде сандық бағдарламалық басқару (СББ) бар
жабдық, икемді өндірістік желілер, автоматтандырылған желілер,
өнеркәсіптік
роботтар,
роботтандырылған
технологиялық
кешендер
пайдаланылады.
Автоматтандырылған
желіде
бөлшектердің
дайындамаларын
өндеудің
технологиялық
процестерін жобалау өнім туралы ақпаратты талдаудан басталады.
Технологиялық процесс кезең-кезеңмен әзірленеді. Жергілікті
автоматтандырудан икемді өндірістік желілерге ауысудың қажетті
элементі болып роботтандырылған технологиялық кешендер
табылады. Технологиялық процестерді басқару ақпараттық
жүйесінің құрылымы және онда адамның қатысу дәрежесі осы
нақты жағдайлар үшін таңдалатын автоматтандыру деңгейіне және
сыртқы және іргелес өндірістік бөлімшелермен байланыстар
сипатымен байланысты. Мұндай жүйелерді үш негізгі қосалқы
жүйеге бөлуге болады: өндеу, қызмет көрсету және бақылау мен
басқару. Өндеу және қызмет көрсету қосалқы жүйелері
технологиялық жабдық негізінде қалыптастырылады. Бақылау
және басқару қосалқы жүйесі бақылау, өлшеу, реттеу, есептеу,
логикалық
басқару,
тіркеу
және
авариялық
қорғаудың
бағдарламалық құралдарының кешенінен тұрады. Дайындалатын
бұйымның, орындалатын технологиялық процестің бағытталуы
мен орналасуының дәлдігін, жабдықтың іске қосылуының
дұрыстығын және т.б. бақылау датчиктері пайдаланылады.
Автоматтандырылған жобалау жүйелері (АЖЖ - Computing
Aided
Design,
CAD)
инженер-жобалаушылардың,
құрастырушылардың,
сәулетшілердің,
дизайнерлердің
функцияларын автоматтандыру үшін, яғни есептерді, сызбаларды,
жоспарларды, схемаларды орындау, үлгілеу үшін арналған.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің негізгі функциялары –
инженерлік есептер, графикалық және жобалау құжаттамасын
29
жасау, жобаланатын объектілерді үлгілеу, жобалаушылардың
еңбек өнімділігін ұлғайту, жобалау мерзімін қысқарту, жобаларды
әзірлеудің сапасын арттыру.
Автоматтандырылған жобалау жүйелерін дамыту мықты
ғылыми-техникалық негізге сүйенеді. Бұл заманауи есептеу
техникасы құралдары, ақпаратты ұсыну мен өндеудің жаңа
тәсілдері, инженерлік міндеттер мен оңтайландыруды шешудің
жаңа сандық әдістерін жасау. Автоматтандырылған жобалау
жүйелері іргелі ғылымдардың ең жаңа жетістіктері негізінде
жобалау әдіснамасын пысықтау мен жетілдіруге, күрделі жүйелер
мен объектілерді жобалаудың математикалық теориясын
дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді. Жүйелердің осы
сыныбына өндірісті қолдаудың автоматтандырылған жүйелерін
(Computing Aided Manufacturing, CAM), инженерлік жобалаудың
автоматтандырылған жүйелерін (Computing Aided Engineering,
CAE) жатқызуға болады.
Біріктірілген
(корпоративтік)
ақпараттық
жүйелер
кәсіпорынның ұйымдастырушылық, өндірістік функцияларын
автоматтандыру
үшін
пайдаланылады
және
жұмысты
жоспарлаудан бастап, өнімді өткізуге дейінгі жұмыстардың
барлық циклын қамтиды. Оларға бірыңғай ақпараттық кеңістікте
жұмыс істейтін және қызметтің тиісті бағыттарын қолдау
функцияларын орындайтын модульдердің (қосалқы жүйелердің)
бір қатары енеді. Біріктірілген ақпараттық жүйелер 5 тарауда
толығырақ қаралған.
Достарыңызбен бөлісу: