Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет21/88
Дата26.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128255
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

Ақпаратты орталықтандырылған өндеу бірінші тарихи
қалыптасқан ақпараттық технология болды. Ақпараттың үлкен
ауқымын өндеуге, ақпаратты пайдаланушыларға жіберуге
мүмкіндік
беретін
үлкен
ЭЕМ
жарақталған
ұжымдық
пайдаланудың ірі есептеу орталықтары құрылды. Деректерді
орталықтандырылған өндеу қағидаты өндеу процесінің сенімділігі
талаптарына жауап бермеді, жүйелердің дамуына кедергі жасап,
көп пайдаланушылық режимде деректерді диалогтық өндеуде
қажетті шақтық параметрлерді қамтамасыз ете алмады. Орталық
ЭЕМ қысқа уақытқа істен шығуы бүтін жүйе үшін теріс
салдарларға әкелді, өйткені деректерді өндеу жүйелерін жасау мен
пайдалануға шығындарды елеулі ұлғайта отырып, орталық ЭЕМ
функцияларын қайталауға тура келді.
Ақпаратты орталықтандырылмаған өндеу 1980-ші жылдары
дербес компьютерлер мен телекоммуникация құралдарының пайда
болуымен байланысты. Ол пайдаланушыға ақпаратпен жұмыс
кезінде кең мүмкіндіктер бере отырып, орталықтандырылған
ақпараттық технологияларды айтарлықтай ығыстырды. Дербес
компьютерлердің пайда болуы деректерді өндеу жүйелерін
ұйымдастыруға, жаңа ақпараттық технологияларды жасауға жаңа
тәсілдемені талап етті. Деректерді орталықтандырылған өндеу



41


жүйелерінде
жекелеген
ЭЕМ
пайдаланудан
деректерді
үлестірілген өндеуге ауысудың логикалық негізделген талабы
пайда
болды.
Соңғысы
пайдаланушылардың ақпараттық
қажеттіліктерін
қанағаттандырудың
тиімділігін
арттыруға,
олармен қабылданатын шешімдердің икемділігі мен жеделдігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Деректерді үлестірілген өндеу деп қосымшаларды бірнеше
аумақтық бөлінген ЭЕМ өндеуді түсінеді. Бұл ретте деректер
базаларын өндеумен байланысты қосымшаларда деректер базасын
басқару орталықтандырылып орындала алады. Деректерді
үлестірілген өндеу (Distributed Data Processing, DDP) – қолданбалы
бағдарламаларды жүйе тобымен орындау әдістемесі. Бұл ретте
пайдаланушы бірнеше өзара байланысты абоненттік жүйелерде
желілік қызметтермен және қолданбалы процестермен жұмыс
істеу мүмкіндігіне ие болады.
Деректерді үлестірілген өндеу пайдаланушылардың ақпараттық
қажеттіліктерін
қанағаттандырудың
тиімділігін
арттыруға
мүмкіндік береді, олармен қабылданатын шешімдердің икемділігі
мен жеделдігін қамтамасыз етеді.
Деректер ДБ орналастырылады. Базаларды әдетте жергілікті
ДББЖ, яғни сол компьютерде орналасқан АЖ басқарады. Осындай
бірнеше ДБ бір-бірінен үлкен қашықтықта болған кезде, оларды,
яғни үлестірілген ДБ басқару міндеттерін шешу қажеттілігі
туындайды. Мұндай міндеттерді шешу үшін ЭЕМ мен жергілікті
ДББЖ және ДБ арасында байланыс арналары бойынша деректерді
табыстау желісін ұйымдастырады, ал онда деректерді алмасудың
техникалық және бағдарламалық қолдауын қамтамасыз етеді. Бұл
жағдайда деректер банкісін құрай алатын үлестірілген деректер
базаларын басқаратын БҚ пайдаланады.
Үлестірілген деректер базалары (Distributed DataBase, DDB) -
қандай да бір аумақта бытырап орналасқан (жергілікті немесе
өңірлік) және олардағы ақпаратпен еркін алмасуды және
деректерді іздеуді қамтамасыз ететін белгілі бір түрде өздері
арасында байланысқан ДБ болып табылады. Үлестірілген деректер
базасы деректерді басқару функцияларын бірнеше тораптарда
сақтау мен орындауды және сұрауларды орындау процесінде осы
тораптар арасында деректерді табыстауды болжайды. Үлестірілген
деректер базасында деректерді бөлуге әртүрлі кестелерді әртүрлі
компьютерлерде сақтау немесе бір кестенің әртүрлі бөліктері мен
фрагменттерін әртүрлі компьютерлерде сақтау жолымен жетуге
болады. Пайдаланушы немесе қолданбалы бағдарлама үшін
деректер компьютерлер арасында қалайша бөлінгені маңызды
емес.
Үлестірілген
деректер
базасымен
жұмыс
орталықтандырылған
деректер
базасындағыдай
жүзеге
асырылады, яғни ДБ орналастыру айқын болуы тиіс.



42


Үлестірілген өндеу кезінде базамен жұмыс (деректерді ұсыну,
оларды өндеу және б.) тұтынушы компьютерінде, ал деректер
базасын өзекті күйінде ұстау – серверде жүргізіледі. Бұл ретте
мұндай ДБ бірнеше серверлерде – компьютерлік желінің әртүрлі
тораптарында орналасады, ал кейбір деректер қайталануы мүмкін.
Ортақ ДБ бөліктерін орналастыру артық немесе артық емес
болады. Артық орналастыру кезінде бірыңғай ДБ бөліктерін
(фрагменттерін) қайталау дәрежесін анықтайды. ДБ тұтастығын
қолдау үшін оның барлық көшірмелерін үнемі түзетіп отыру керек.
Оның бөліктерін сақтау құны ұлғайған кезде, қайталау
артықшылықтары азаяды, бұл жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз
ету қажеттілігімен байланысты.
Үлестірілген деректер базасын (ҮДБ) жасау екі міндетті –
біріктіру мен орталықсыздандыруды бір мезгілде шешуге
тырысудан болды.
Бірігу деректер базаларын орталықтандырылған басқару мен
жүргізуді білдіреді. Орталықсыздандыру деректерді олар пайда
болған және өнделетін жерде сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл
ретте жүйенің құны төмендеп, оның сенімділік деңгейі ұлғаяды,
сондай-ақ деректерді өндеу жылдамдығы артады.
Біртекті және біртекті емес үлестірілген деректер базаларын
ажыратады. Біртекті үлестірілген деректер базаларында бір ДББЖ
қолданады. Біртекті емес үлестірілген деректер базаларында
әртүрлі ДББЖ қолданады. Бұл ретте негізгі проблема оларды
біріктірудің күрделілігінде.
Сақтау және өндеу процесінде ақпараттың растығын
қамтамасыз ету өте маңызды. Резервтік көшіру деректерді
жоғалтудан қорғай алады және дискінің сынуы, электр
қоректенудің іркілісі, зиянкестердің әрекеттері нәтижесінде
деректерді жоғалтуды алдын алудың ең сенімді тәсілі болып
табылады.
Деректерді жоғалтуды азайту және жоғалған деректерді
қалпына келтіру үшін жүйені мәселе туындағанға дейінгі күйіне
қайтаруы тиіс резервтік көшіру стратегиясы болуы қажет.
Резервтік көшіру деректер базасын қатты дискіде немесе
ақпараттың басқа тасығышында сақтайды. Деректерді сақтаудың
барынша сенімділігін қамтамасыз ету үшін сыртқы тасығыштарға
резервтік көшіруді ұдайы жүргізіп тұру қажет.



43




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет