114
үлгілеуші көптеген бөлшектері мен аспектілері болуы мүмкін. UML
тұжырымдамалық үлгісіне, үш құрамдас бөлік кіреді: тілдің негізгі
құрылымдық блоктары, олардың үйлесу ережесі және барлығына
ортақ кейбір тңл механизмдері.
UML— бұл сөздіктер мен ережелерден тұратын тіл, оның
құрамына кіретін сөздерді құрамдастыруға ықпал ететін және
мағыналы құрастырымдар алуға мүмкіндік береді.
Үлгілеу тілінде сөздік пен ережелер тұжырымдамалық және
физикалық жүйе түсініктеріне бағытталған. UML тілінің сөздігіне
үш құрылымды блок кіреді: болмыс, қарым-қатынас, диаграмма.
Болмыс — үлгінің негізгі элементі болып табылатын дерексіздік.
Қарым-қатынас әртүрлі болмысты байланыстырады. Диаграммалар
болмыс жиынтығының ұсынатын мүддесін топтастырады.
UML тілі арқылы құрылымдық үлгілер мен тәртіп үлгілерін
құруға болады.
Кейбір жүйенің болмысы мен компоненттер құрылымына,
олардың санаты, интерфейстері, атрибуттары мен қарым-
қатынастарын қосқанда, құрылымдық үлгілерін сипаттайды.
Тәртіп үлгісі, жүйе нысандарының жүріс тұрысы немесе
арқарымын, оған қоса олардың әдістері, өзара іс-әрекеті және
олардың арасындағы ынтымақтастықты, сонымен қатар жеке
компоненттер мен тұтастай жүйе жағдайының өзгерістер үдерісін
сипаттайды. UML тілі шеңберінде, күрделі үлгінің барлық
түсініктері диаграмма деген атауға ие болған, арнайы графиктік
құрастырымдар түрінде белгіленеді. UML тілдер терминінде келесі
диаграмма түрлері анықталған:
—
қолдану
нұсқасының
диаграммасы
(usecasediagram)—
ұйымның бизнес-үдерістерін (жүйеге қатысты талаптар) үлгілеуге
арналған;
—
санаттар диаграммасы (classdiagram) —жүйелер санатының
статикалық құрылымы және олардың арасындағы байланысты
үлгілеуге арналған;
—
жүйе тәртібінің диаграммасы (behaviordiagrams):
1)
жағдай диаграммасы (statechartdiagram) — бір жағдайдан
екінші жағдайға көшу кезіндегі жүйе нысандарының жүріс тұрысын
үлгілеуге арналған;
2)
қызмет диаграммасы (activitydiagram) — қызметті қолдану
және үлгілеудің әртүрлі нұсқаулары шеңберінде жүйе тәртібін
үлгілеуге арналған;
3)
өзара әрекет ету диаграммасы (interactiondiagrams) —
нысандар арасында хабарлама алмасу үдерістерін үлгілеуге
арналған— тізбектілік диаграммасы (sequencediagram), қауымдасу
диаграммасы (collaborationdiagram);
— іске асыру диаграммасы (implementation diagrams):
1)
компоненттер диаграммасы (componentdiagram) — жүйенің
(қосалқы жүйе) компоненттерін иерархияларын үлгілеуге арналған;
115
2)
өрістету диаграммасы (deploymentdiagram) — жүйенің жеке
құрылымын үлгілеуге арналған.
Диаграмманны құру құрылыста жоба құрумен бара-бар — оны
да айналып өтуге болады, егер, мысалы, саяжай телімінде сарай
тұрғызатын болсақ. Бірақ жобаны қолданбай, оның нәтижесі
белгісіз болады. UML-диаграммамен сипатталған ақпараттық жүйе,
әзірлеушіге жобалау үдерісінде қол жеткізілетін нәтижені көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: