ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ Дерексіздендіру (дерексіздік) —үлгіге, өз қызметтерін орындау
жүйесін орындау немесе өз мақсатты қолдануға қатысты тікелей қарым-
қатынасы бар аспектілері енгізіледі.
ДҚ әкімгері — соңғы қолданушылардың ақпараттық қажеттілігі
туралы түсінігі бар және белгілі жүктеме, қорғау және ДҚ тиімділігіне
жуап беретін ақпараттық атқарымдық қажеттіліктер туралы түсінікті
меңгерген маман.
Аспект — нысан тұрғысынан, бір немесе бірнеше белгілермен
сипатталады.
Дерекқор (ДҚ) — нысан жағдайыс мен олардың белгілі пәндік
саладағы
қарым-қатынасын
бейнелейтін
атаулы
құрылымдалған,
ұйымдастырылған деректер жиынтығы.
Білімдер базасы (ББ) — заттық салада анықталған атаулы
ұйымдастырылған деректер мен білімдер жиынтығы және қажеттті, соның
ішінде жаңа білім алу үшін олармен айла-шарғы жасаудың логикалық
ережелері.
Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету — компьютердің
жұмысын қамтамасыз ететін, бағдарламалық құралдардың төменгі жиыны.
(операциялық жүйелер).
Дерекқор (ДжҚ) — деректерді орталықтандырылған жинақтау және
ұжымдық көп мақсатта қолдану үшін арналған бағдарламалық, тілдік,
ұйымдастырушылық
және
техникалық
құралдар,
арнайы
ұйымдастырылған деректер жүйесі.
АЖ қауіпсіздігі — жүйенің құпиялылық пен тұтастықты қамтамасыз
ететін қабілетіне, яғни тыйым салынбаған қол жетімділіктен қорғауға
негізделген қасиеті.
Бизнес-үдеріс — тұтынушыға қажетті, кәсіпорын ресурстарын
өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) құру және алу үшін қолданылатын
өзара байланысты әрекеттер немесе операциялар жиынтығы.
Инвестициялар қайтарымы (ROI— ReturnofInvestment) —
бағдарламалық жобаның пайдасын сипаттайтын көрсеткіш, аталған
ақпараттық жүйелерді енгізуден инвестициялардың бастапқы құнына дейін
күтілетін дисконтталған түсімдер ретінде есептеледі.