Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


Сарқырама үлгісінің жақсы жақтары



Pdf көрінісі
бет46/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   121
Сарқырама үлгісінің жақсы жақтары. Сарқырама үлгінің бір 
қатар  оң  жақтары  бар,  солардың  арқасында  ол  өзін  әртүрлі  
инженерлік әзірленімдерді орындауда жақсы көрсетіп, кең таралған. 
Оның негізгі  жақсы жақтарын қарастырайық.  
1.  Әр  кезеңде  толықтық  және  келісілгендік  өлшемшарттарына 
жауап  беретін  жобалау  құжаттамасының  аяқталған  жинағы 
қалыптастырылады. Қорытынды кезеңдерде ақпараттық жүйелерді 
қамтамасыз  етудің  стандарттармен  көзделген  барлық  түрлерін 
(ұйымдастырушылық,  әдістемелік,  ақпараттық,  бағдарламалық, 
аппараттық) қамтитын пайдаланушы құжаттамасы әзірленеді.  
2.  Логикалық  реттілікпен орындалатын жұмыс кезеңдері аяқтау 
мерзімдері мен тиісті шығыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді.  
 
Сарқырама  үлгі  бастапқыда  әртүрлі  түрдегі  инженерлік 
міндеттерді  шешу  үшін әзірленіп, қазіргі уақытқа дейін қолданбалы 
сала үшін өз мәнін жоғалтпаған. Бұдан басқа, сарқырама тәсілдеме 
өзін  белгілі  бір  ақпараттық  жүйелерді  әзірлеу  кезінде  жақсы 


78 
 
көрсетті.  Әзірлеудің  басында-ақ  әзірлеушілерге  техникалық  көз-
қарас  жағынан  ең  үздік  әзірлеуді  таңдау  еркіндігін  ұсыну  үшін, 
барлық талаптарды жеткілікті түрде дәл және толық тұжырымдауға 
болатын  жүйелерді  меңзейміз.  Мұндай  ақпараттық  жүйелерге 
күрделі есептеу жүйелері, нақты уақыттағы жүйелер жатады.  
Дегенмен,  өзінің  жақсы  жақтарына  қарамастан,  сарқырама 
үлгінің  ақпараттық  жүйелерді  әзірлеу  кезінде  он  ың  қолданылуын 
шектейтін  бір  қатар  кемшіліктері бар. Әрі осы кемшіліктері оны не 
толық қолданылмайтын етеді, не жобаны әзірлеу мерзімі мен құнын 
ұлғайтуға  әкеледі.  Қазіргі  уақытта  бағдарламалық  жобалардың 
көптеген 
сәтсіздіктерін 
әзірлеудің 
осы 
ретті  процесімен 
түсіндіріледі.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет