Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
§ 12. Шектілік пен шексіздік 
(конечное и бесконечное)
Әрбір сапалы өзгешелікке ие болған бірдеңе (нечто) өзінің 
өзгесінен кері айналып, тек өзіне түйыкталған нәрсе емес. Өз ішінде 
өзіне және өзгесіне катынасында, өзінің ішкі шекарасында қайшы- 
лы ққа құрылғандықтан өзіне өзінің сәйкестігінен айрылып, өз 
шеңберінен шығуға бағыт алған бірдеңе, ол - шектілік. Ішкі сапалық 
шекара белгілі кезеңде сыртқы шек болып аяқталады. Болмыстың 
шегі бір сапалықтан екінші бір сапалыққа ауысу. Шектілік сапалық 
өзгешеліктен туындайды. Мысалы нүктенің, сызыктың, жазықтықтың 
өзінен өзі итеріліп, нүктенің сызыққа, сызықтың жазықтыққа, жа- 
зықтықтың денеге үласатынын геометриядан білеміз. Ол тағыда олар- 
дың өзіндік өзгешелігін нығайтуынан шығады. Нүктенің өз табиғаты- 
нан туатын қозғалысынан сызық, сызықтың осындай өз өзгешелігін 
орнықтыру қозғалысынан жазықтық, жазықтықтың сондай қозғалы- 
сынан аяқталған кеңістік пайда болады. Яғни өзіне бағытталған 
қозғалыс өзінен алыстайтын, оз шеңберінен шығаратын козғалыс 
болып шығады. Себебі ол өзін өзі аяқтайтын қозғалыс. Шектілік олай 
болса, әр нәрсенің сырттай емес, оз ішінен, оз табиғатынан аяқтала- 
тындығы. Ш ектілік әр нәрсенің өзінен өзі барлығын, өзіне өзі 
негізделінгендігін ғана көрсетеді, ол - барлықтың өзіндік іштей 
жоқтығына қүрылғандығы. Әрбір барлықтың өзіне тән жоқтығы бол- 
маса, ол барлық ретінде де орныға алмас еді. Бірдеңе өзін белгілі бір 
барлығымен шектейді, себебі тап осындай барлықтан басқаның бөрін 
мансүқ етеді. Басқа барлықтардың бәрі де ол үшін жоқтык. Сонымен 
қатар әрбір белгілі барлықтың өзіндік жоқтығы бар дедік. Яғни жоқтық 
та бар. Әрбір бірдеңе үшін оның өзіндік өзгесі - өзін өзі терістеуі. Ал 
ол өзгелік сыртқы нақты бар болмыстықтан бірдеңенің өз бойын- 
дағы өзгесіне айналып, оның өз ішіндегі өзін терістеуі болатын бол­
са, ондай ішкі қайшылык бірдеңені түрақсыз етеді, оны өз шеңберінен 
шығуына жақьіндатады. Осындай қалыптағы бірдеңе өзінің сапалық 
шегіне жакындаған, тіпті сол шектен өте бастаған бірдеңе. Мүндай 
бірдеңенің ішкі ақиқаттығының өзі оның шектілігі. Ш ектілік - 
өткіншілік. Іштей шектелген нәрселердің болмысының озінде олар- 
дың өткіншілігінің үрығы бар, олардың туған сөті олардың жоғалу 
сәтінің бастамасы.
Шектілік пен шексіздіктің ішкі, үнемі өзгермелі, айнымалы са- 
бақтастығын айрықша кең, жан-жақты талдаған Гегель болды. Ге- 
гельге дейін де ол туралы ой кешкендер коп. Бірақ көбінесе шектілік 
пен шексіздіктің сыртқы байланыстары сөз болған. Олардың көбіне-
151


ce тапжылмас қарама-қарсылығы, шекаралардың өткел берместей 
шыңраулығы, абсолюттік айырмашылықтары көзге түскен. Кейбір 
көзқарастарда шектілік тек шектілік, ал шексіздік те тек қана шексіздік 
дегенді жариялаумен тынған. Гегель осындай үғымдардың логика- 
лы к жағынан тым жадағай екендігін терең талдаған. Оның айтуынша 
бүрынғы логика мен метафизика шектілік пен шексіздікті тек олар- 
д ы ң бір ғана ай к ы н д ы қ тар ы н ан багалаған . Я ғни ш ектілікте 
шексіздіктің ешқандай нышаны жоқ. Шектілікте күруға, жоғалуға 
сәйкестіктен баска ешбір мазмүн жоқ. Шектілік тек мардымсыз, пәс 
нәрсе. Онда өз шеңберінен мәңгілікке, шексіздікке шығаратын ешқан- 
дай жол жоқ, онда шексіздіктің үрығы болмайды. Бүл көзқарас 
шектілікте откінш іліктен басқа ешнәрсе кормейді. Гегель мүны 
откіншіліктің өзін шартсыз мәңгі нәрсеге айналдыру дейді, себебі 
сол откіншілікті шектейтін ешнәрсе болмайды. Сондыктан аяқталган 
нәрсенің, шектіліктің өзі шексіздікке, аяктала отырып ешбір аяқтал- 
майтын нәрсеге айналады. Ол түсінік өткіншіліктің өзінің өткінші 
екенін сезбейді.
Сол сиякты шексіздік те өзінің осы айқындыгынан басқа ешбір 
белгі, мазмүн жоктай корінеді. Шексіз нәрседе оган іштей шек коя- 
тын ешнәрсе болмайды. Шексіз, ол - тек қана шексіз. Ол ешбір аяқтала 
алмайды. Егер шекті нэрселер нақты бар болмыс түрінде болса, мы­
салы кез келген зат, өсімдік, әрбір жеке адам т.т., шексіздікте ондай 
нақты аяқталган формалар жоқ. Осылай т^сінудің нөтижесінде 
откінші, пәс, омірде мәңгі орны жоқ деп каралган шекті нәрсе нақты 
айқындыктары бар болмыс болады да, омірде жогалмайтын мәңгі 
деп есептелген шексіздік нақты, айкын болмыстың формалары жоқ 
бүлдыр нәрсеге айналады. Шектіленген формалары болмайтын, оз 
ішінде ешбір шектелмеген шексіздік те абстракциялық, біржақгы. Ал 
біржактылық озі дербес бүтін қүбылыс бола алмайды, ол белгілі бір 
бүтін нәрсенің бір жагы. Ягни ол да белгілі бір шектілік, себебі оны 
шектейтін сол бүтіндіктің екінші жагы немесе тіпті басқа жақгары. 
Ақырында осылай түсінілген шексіздіктің озі шекті нәрсе екені анық 
болады. Шексіздік озінің үгымы бойынша бәрін де қамтуы тиіс, бірақ 
аталмыш түсінік бойынша ол шектілікті камтымайды, онымен іштей 
сабақтастыгы жоқ оз алдына жатқан басқа бір меңреу дүние. Сол 
түрғыдан шектілікті қүбылыстар да сондай томага түйық дүние.
М е т а ф и зи к а л ы қ к о зқ а р а с т а р д а осы ә р қ а й с ы с ы о зін щ е 
түйықталгандай болган екі дүниені біріктіру әрекеттері бар. Осындай 
әрекеттердің бірі шектілік пен шексіздікті сырттай байланыстыру, 
оларды сырттай тәуелділікке келтіру. Мысалы бүрынырак айтқандай 
шектелген нәрсенің сапалық озгешелігін бекіту әрекетінің озі оны оз 
шегінен шыгуына әкеледі. Ал шектіліктің шеңберінен шыгу, ол -
152


шексіздік. Ш ектіліктің өз шегінен асуы - оның өзін өзі теріске 
шығаруы. Оны ешбір сырт нәрсе теріске шығармайды, нағыз теріске 
шығару, өзінің табиғи шегінен асу, ол - шын диалектикалық терістеу. 
Шексіздік - шектелген нәрсенің өзінің ішкі табиғи шегінен аттауы, 
яғни ол шектілікке сырттай ғана қарама-қарсы түрған жоқ, оның өзінің 
ішкі айқындығы, өзін өзі іштей төрік етуі.
Олай болса әрбір шектінің ішінде өзіне тән шексіздігі бар. Тап 
осы сияқгы шексіздікте өзінің тікелей айқындығының, яғни шектілікке 
қарсы айқындығының аржағында, ез ішінде шектелгендігін де айт- 
тық. Оның шектелгендігі тікелей айқындығы емес, оның сыртқы кел- 
беті емес, оның жасырын екінші келбеті, оның іштей өзін өзі терістеуі. 
Осы шектілік оның өз ішіндегі өзгелігі, шегі. Әр кайсысының тікелей 
айқындығын ар жағынан, іштей әзіне қарама-қарсы айқындық то- 
лықтырып түрады. Олардың осы сырттай (формалық жағынан) бір- 
біріне етуі, бірінің екіншісіне ауысуы екеуінің де жалпы қалпында, 
мазмүнында езгеріс туғызбайды, яғни шын мағынасында ауысу, өту 
жок, тек сол сияқгы корініс жасайды. Бүл тек ойдағы жалған ғана 
козқарас емес, шын процестің сыртқы жағы, ол бар нәрсе, бірақ шын 
бірліктің және шын озгерістің ішкі ақикаты емес. Ондағы шын бар 
қозғалыс: шектіліктің шексіздікке қарсы жағы ретінде ғана шектілік, 
ал шексіздік те солай, тек шектілікке қарсы анықтама ретінде ғана 
шексіз, ал олардың бір-біріне отуі қарама-қарсылықтардың кезек- 
тесіп озіне қайта келуіне саяды. Ш ектілік шексіздікке отіп озін 
терістейді, ал шексіздік те озін терістеу арқылы шектілікке ауысады. 
Және керісінше шексіздік те осындай жолдан отіп озіне қайтып ора- 
лады. Әр жағының оз қарама-қарсылығы арқьілы озіне қайтып ора- 
луы, яғни бүрынғы қалпын қайталай беруі озгерістің шын мазмүнын 
корсетпейді. Бүл шын монінде озгеріс емес, қарама-қарсылықтар- 
дың озара қайшылык қалпын шексіз қайталай беруі. Шексіздікті осы­
лай түсіндіруді Гегель мағынасыз шексіздік (дурная бесконечность) 
деп атаған. Мүнда шектілік пен шексіздіктің қайшылығы шешілмейді, 
бірақ шешілген сияқтанады.
Оның себептерінің негізгісі: қарама-қарсы екі жақ - шектілік 
пен шексіздік о бастан бір-біріне тең (әртүрлі бағалы болса да), дәлірек 
айтса бір-біріне тек сырттай қауышқан, тек бірін екіншісі толықты- 
рып кана түратын екі жарты нәрселердей қараудан.
Өзінің шын мәнінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет