Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет65/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128
§ 13. Өмір. Өлім. Мәңгілік
Категориялардың адамның дүниеге қатынасының саналуан фор­
малары екендігі шектілік пен шексіздіктің арақатынасында әсіресе 
анық алға тартылады. Саналы түрде ме, әлде бейсаналық дәрежеде 
ме, бірақ адамның өз өмірінде көп жағдайда мәңгілікке үмсынатын- 
дығы, мәңгілікті (шексіздікті) аңсайтындығы көрініп жүреді. Тірі 
тіршіліктің, биологиялық өмірдің шектеулі екевдігі әрбір ересек адамға 
мәлім. Биологиялық өмір - өмірдің бастауы, онсыз өмір жоқ. Ол да 
белгілі. Бірақөмір тек “таза” биологиялык тіршілікпен шектелмейтінін 
айтқанбыз. Адамға биологиялық тәннің тіршілігінің негізінде басқа 
да өмір кажет. Биологиялық тіршіліктің тірі жәндіктерге де, адамға 
да ортак шексіздігі - үрпақтың үрпаққа жалғасуы, әрбір жеке өмірдің
154


өз жекелігімен бірге із-түссіз жоғалып кетпеуінің кепілі.
Әрине, шектілік те, шексіздік те адамнан тыс дүниеде бар, бірақ 
олар тек адам үшін бағалы не бағасыз, қүнды не қүнсыз, өмірінің 
мәні, немесе мәнсіздік, мағынасыздық. Белгілі бір мәнділікке құрылған 
өмір ғана адам үшін өмір (жалған болсын немесе ақиқат болсын - ол 
басқа мәселе).
Неліктен адам өзінің жеке, тек өзіне ғана қажет, бүгінгі, қазіргі, 
осы сәттегі мүқтаждықтармен күн кеше алмайды? Оны неліктен 
шексіздік толғантады? Өзі жоқ болғаннан кейінгі болатын нәрселер- 
де оның не жүмысы бар? Көп адамдардың өлімнен, яғни шектіліктен 
қорқатын себебі не?
Оның себебін бүрында белгілі дәрежеде айтып өткендей, адам- 
ның табиғатының озі (биологиялық емес, қоғамдық, рухани) шексіздік, 
универсалдылық. Күнделікті омірінде қаншалықты шекті болғаны- 
мен ол жан дүниесінде, қиялында, армандарында бүкіл әлемнің 
тіршілігімен тыныстап жүретіні болады. Коп жағдайда адамның қай 
өмірінің оның шын өмірі екенін - күнделікті тіршіліктегі күйбендері 
ме, әлде армандарында, қиялдарында аялайтын мөлдек, екінің бірінде 
өзіне ғана аян толғаныстары ма - айту қиын.
Ш ын мәңгіліктің аясы - адамдардың рухани дүниесі. Рухани 
өмірде адам бүкіл әлеммен теңдесе алады. Рухани өмірде ғана адам 
толық мағынасында еркін. Рухани дүние адамдардың ең терең, ауқым- 
ды және мағыналы қүндылықтарының мекені. Егер ондай қүнды- 
лықтар жоқ болса, рухани дүние де жоқ. Ең терең, яғни ең шексіз 
қүндылықтар адамның әлеммен, адамдардың озара үйлесімді каты­
нас түзеп, соларды дамытуының қүндылықтары. Ал олар - ең алды­
мен әрбір түлғаның осындай қүндылықтарының, мақсаттар мен пиғыл- 
дарының шеңберінде шексіз дамуы. Оның осы бағыттағы мағыналы 
істері, берген үлгілері, өзіндік дербес дамудың соны жолдары басқалар- 
дың бәріне де, келесі үрпақтарына да ізгілікті эсер етуі мүмкін. Жеке 
өмірдің шектілігінен адамның шексіздікке аяқ басатын түсы осы бо­
луы керек. Мүны көптеген ойшылдар айтқан. Түрік дүниесінің ой- 
шылдары әл-Ф араби, Баласағуни, Қорқыт ата, Абай т.б. әртүрлі 
мағынада болса да бүл мәселе жөнінде осы ойға ойысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет