Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі



Pdf көрінісі
бет106/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   459
Комплемент жүйесінің альтернативті жолмен активтенуі 
Комплементтің  альтернативті  жолмен  активтенуі  антиденелердің 
қатысуынсыз  жүреді,  яғни  арнайы  емес  жол.  Ол  ағзаның  арнайы  емес 
иммунитетінің  ең  маңызды  компонентінің  бірі.  Комплемент  жүйесінің 
альтернативті жолмен активтеуінің классикалық жолдан айырмашылығы – 
активтену  С3  компонентінен  басталады,  осыған  байланысты  С1,  С4  және 
С2  компонентері  үрдіске  қатыспайды.  Бірақ  альтернативті  жолмен 


 
69 
активтену 
міндетті 
түрде 
пропердин 
жүйесінің 
нәруыздарының 
қатысуымен жүреді.  
С3  компоненті  активтену  үшін  құрылысы  бойынша  Т-тәуелсіз 
антигендерге  жақын  антигендер  қатысуы  керек.  Көбіне  альтернативті 
жолмен активтенуді табиғаты бойынша бактериалды заттар, ең біріншіден, 
бактериалды 
полисахаридтер 
мен 
липополисахаридтер
сондай-ақ 
бактериалды  эндотоксиндер  мен  құрылымы  бойынша  полианионды  басқа 
да жоғары молекулалы заттар шақырады.  
Өте 
аз 
жағдайда 
альтернативті 
жолмен 
активтену 
иммуноглобулиндердің  полимерлі  агрегаттарының  (IgА  и  IgG)  және 
агрегацияланған  иммундық  кешендердің  қатысуымен  жүруі  мүмкін. 
Сонымен  қатар,  альтернативті  жолмен  активтену  кейбір  патологиялық 
үрдістер  кезінде,  әртүрлі  ферменттердің  әсерінен  С3  компонентінің 
активтенуі  және  ыдырауы  мүмкін.  Әсіресе,  зақымдалған  тіндердің 
протеазалары 
мен 
бактериалды 
протеазалар 
С3 
компонентінің 
активтенуін шақыруы ықтимал.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет