Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Макрофагтардың рецепторлары



Pdf көрінісі
бет125/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   459
Макрофагтардың рецепторлары 
Макрофагтардың  бетінде  рецепторлардың  үлкен  жиынтығы  бар. 
Олардың  көмегімен  макрофагтар  көптеген  физиологиялық  серпілістерге, 
соның  ішінде  арнайы  иммундық  жауапқа  қатысады.  Атап  айтсақ, 
макрофагтарда 
микроорганизмдерді 
ұстауға 
арналған 
әртүрлі 
рецепторлар  экспрессияланған.  Олар:  манноза  рецепторы  (MMR), 
scavenger  рецептор  (MSR),  бактериалды  липополисахаридтерге  арналған 
рецептор (CD14).  
MMR  арқылы  көптеген  микроорганизмдер  ұсталады.  Оларға  Mycobacteria, 
Leismania, Legionela, Pseudomonas aeruginosa  және т.б. жатады. Бұл рецептордың 
құрылысы  бактериялардың  жасушалық  қабырғасындағы  пепдидогликанмен 
жоғары  аффинді  байланысуын  қамтамасыз  етеді.    Ең  қызығы,  макрофагтардың 
белсенуін  шақыратын  цитокиндер  (IFN-γ,  TNF-α)  бұл  рецептордың  өндірілуін 
тежейді  және  оның  экспрессиясын  төмендетеді.  Ал  керісінше,  қабынуға  қарсы 
кортикостероидтар  оның  өндірілуін  және  экспрессиясын  жоғарылатады.  D 
витамині маннозаға арналған рецептордың экспресиясын ынталандырушы екен. 
 
MSR арқылы грамтеріс және грамоң бактериялардың көпшілігі фагоцитозға 
ұшырайды. 
Бактериалды липосахаридтер макрофагтарға арнайы рецептор CD14 арқылы 
әсер  етеді.  Макрофагтардың  бетінде  ол  рецептордың  экспрессиясы  қабыну  мен 
иммундық жауап кезінде жоғарылайды.  
 
Бұдан 
басқа 
макрофагтардың 
бетінде 
опсонизацияланған 
микрооргнизмдерді  ұстауға  арналған  рецепторлар  да  бар.  Олар:  FcR 
иммуноглобулиндер  үшін,  ал  CR1,  CR3  және  CR4  –  белсендірілген 
комплементтің фрагменттері үшін. 


 
85 
FcR  макрофагтардың  мембранасындағы  ең  маңызды  рецептор  болып 
табылады. Аталған рецептор иммундық кешендерді байланыстырады және 
осыған байланысты патогенді агенттердің фагоцитозын жеңілдетеді.  
IgG байланыстыру үшін үш түрлі рецептор бар: FcγRI, FcγRII және FcγRIII 
(сәйкесінше CD64, CD32 және CD16). Аталған рецепторлардың ішінде мономерлі 
IgG үшін жоғары аффинді рецептор қатарына жалғыз FcγRI жатады және ол тек 
макрофагтардың 
бетінде 
экспрессияланған. 
Төменгі 
аффинді 
FcγRII 
рецепторының  біріншіден  айырмашылығы,  ол  моноциттер  мен  макрофагтар 
бетінде  экспрессияланған.  FcγRIII  рецепторы  да  моноциттер  мен  макрофагтарда 
экспрессияланған, бірақ IgG үшін төменгі аффинді және ол, негізінен, иммундық 
кешендерді немесе агрегацияланған IgG байланыстырады. Барлық үш рецептор да 
IgG-мен  опсонизацияланған  бактерияларды  немесе  басқа  да  жасушаларды 
фагоцитозға 
ұшыратады, 
табиғи 
киллерлердің 
антиденеге 
тәуелді 
цитотоксикалық 
механизміне 
қатысады. 
Сонымен 
қатар 
вируспен, 
қарапайымдармен  зақымдалған  немесе  сол  ағзаның  қатерлі  трансформацияға 
ұшыраған жасушаларын жоюға қатысады. 
Фагоцитоздан 
басқа 
Ғс-рецепторлары 
арқылы 
антиденеге 
тәуелді 
цитотоксикалық  (АТКЦТ)  механизмі  атқарылады.  Кейбір  макрофагтардың 
мембранасында  FcγRIII  (CD16)  рецепторы  экспрессияланған,  ол  –  нысана 
жасушаларының  бетіндегі  антигенді  детерминанттармен  байланысқан  IgG1  мен 
IgG3  қосатын  Ғс-рецептор.  Мұндай  қорғаныс  түрі  кейбір  паразитарлы  және 
вирусты жұқпалар кезінде тиімді, себебі бұл  жағдайларда макрофагтар патогенді 
немесе оның арнайы антиденелермен қосылған кешендерін ұстау қабілеті жоқ. Ал 
Ғс-рецепторлары  арқылы  белсендірілген  макрофагтар  бірқатар  медиаторлады 
бөлу  арқылы  (ең  алдымен  TNF-α)  нысана  жасушаларды  лизиске  ұшыратады. 
Кейбір  цитокиндер  (IFN-γ  мен  ГМ-КСФ)  моноциттер  мен  макрофагтардың 
қатысуымен  жүретін  АТКЦТ  механизмінің  эффективтілігін  жоғарылату  қабілеті 
бар. 
Макрофагтардың  мембраналарында  көптеген  цитокиндерге  арналған 
гликопротеинді  рецепторлар  бар.  Сондай-ақ  моноцит/макрофагтардың 
мембранасында хемокиндерге де рецепторлар экспрессияланған. 
Макрофагтардың  мембранасында  гликолизденудің  соңғы  өнімдерін  (AGEs) 
байланыстыруға  арналған  рецепторлар  бар  екендігі  анықталған.  Олар  ағза 
қартайған  сайын  тіндерде  көбейе  түседі  және  диабет  кезінде  күрт  жинақтала 
бастайды.  Гликолиздену  өнімдері  нәруыздармен  айқаса  байланысу  нәтижесінде 
тіндердің  зақымдалуын  шақырады.  AGEs  үшін  арнайы  рецепторлары  бар, 
макрофагтар  осы  өнімдер  әсерінен  өзгерген  нәруыздарды  ұстайды,  әрі 
деградацияға ұшыратады. Сөйтіп тіндерде деструкция дамуының алдын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет