Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет141/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   459
Т-лимфоциттердiң 
дифференцировкасын 
шақыратын 
стимулдарға,  ең  алдымен,  тимоциттердің  тимустың  эпителиалды 
жасушаларымен, 
макрофагтармен, 
дендриттi 
жасушалармен 
жасушааралық  әсерлесуi  және  тимоциттердің  адгезия  молекулаларымен 
әрекеттесуі, сонымен қатар адгезия молекулаларының өздері жатады.  
Бұл  үрдісте  гуморалды  әсерлер  де  маңызды  рөл  атқарады.  Олар: 
тимус гормондары мен бiрқатар цитокиндер: ИЛ-3, ИЛ-1, ИЛ-7 және т.б. 
Сүйек  кемiгiнен  тимусқа  келген  iТ-лимфоциттер  лимфобласт  болып 
табылады,  олардың  бетiнде  беткей  молекулалардың  белгiлi  жинағы  бар, 
атап  айтқанда  CD44.  Бiрақ  дифференцировка  маркерлерi  CD4  пен  CD8 
жоқ. 
Олар 
тимустың 
қыртысты 
қабатының 
жоғарғы 
бөлiгi 
– 
субкапсулярлы аймаққа орналасады.  


 
94 
iТ-лимфоциттер мен субкапсулярлы аймақтың стромасының әсерлесуі 
Т-жасушалардың  алғашқы  арнайы  маркері  –  CD2  нәруызының  пайда 
болуына  әкеледi.  Аталған  маркерi  бар  (CD2+)  тимоциттер  мен 
эпителиалды  «тәрбиешi»  жасушалар  (nurse  cells)  тығыз  байланыста  болу 
салдарынан  белсендi  түрде  көбейе  түседі  және  жаңа  нәруыздарды 
экспрессиялай  бастайды.  Олар:  CD3,  CD4,  CD8  және  ТЖР-дың  -тiзбегi. 
Олардың  фенотипi  келесiдей  жазылады:  CD2
+
CD3
+
CD4

CD8

ТЖР

.  Енді 
осы  жасушалар  тимустың  қыртысты  қабатына  тереңiрек  кiре  бастайды. 
Бұл  үрдісте  маңызды  қызметтi  тимопоэтин  және  ИЛ-3  пен  ИЛ-7 
цитокиндері атқарады. 
Қыртысты  қабатта  ТЖР  қадағалайтын  гендердiң  қайта  құрылуы  мен 
ынталануы нәтижесiнде ТЖР-дiң екі тізбегі де ( және  тiзбектері) пайда 
болады.  Бұған  қоса  CD4  пен  CD8  нәруыздарының  экспрессиясы 
толығымен реттеле бастайды. 
Қыртысты 
қабаттағы 
тимоциттер 
цитоплазмалық 
өсiндiлерi 
тармақталған кортикалды эпителиалды  жасушалармен  тiкелей байланыста 
болады.  Аталған  эпителиалды  жасушаларда  I  және  II  класс  МНС 
молекулары жақсы экспрессияланған.  
Осы  жасушааралық  әсерлесу  тимустың  қыртысты  қабатында 
өтетін 
негізгі 
сұрыпталу 
үрдістерін 
шақырады. 
Кортикалды 
тимоциттердiң  бетiнде  ТЖР-дың  толық  экспрессияланауы  ерекшелiгi 
бойынша әртүрлi CD4+CD8+ТЖР+ Т-лимфоциттер клондарының дамуына 
әкеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет