Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет329/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   459
Жанасулық  дерматиттер  –  аллерген  әсер  еткен  жердегi 
экзематозды  серпiлiсiмен  сипатталады.  Ол  көбiне  никель,  хром 
қосындыларымен,  органикалық  ерiткiштермен,  бояғыштармен,  жуғыш 
заттармен,  әсемдiк  бұйымдармен  және  тағы  басқа  заттармен  жанасу 
кезiнде  пайда  болады.  Осы  химиялық  қосындылар  (көбiне  майда  еритiн) 
эпидермистiң  терең  қабатына  өтiп,  оның  нәруыздарымен  байланысып, 
кешендi антигендерді   түзедi. Бұл антигендер Лангерганс жасушаларымен 
(ол  терiнiң  антигенді  таныстырушы  негiзгi  жасушасы  болып  табылады) 
жұтылып,  өңделедi.  Содан  кейiн,  бұл  жасушалар  эпидермистен  шығып 
афферентiк  лимфа  тамырлары  арқылы  аймақтық  лимфа  түйiндерiне 
барады.  Бұл  жерде  МНС-II  класс  молекуласымен  iлiктескен  гаптен-
нәруыздық қосындылар процессинге ұшырап, Тх0-ге таныстырылады, бұл 
жасушалардан  жетiлген  Тх1  жасушалары  түзiледi.  Бұл  жасушалар  терiге 
қарай  жылжиды,  ал  аллергенмен  қайта  кездескен  соң  белсенiп,  жергiлiктi 
қабыну  үрдісін  шақыратын  цитокиндердi  бөле  бастайды.  ИЛ-8  әсерiнен 
ошаққа жаңа Тх1, макрофагтар және мес жасушалары  келе бастайды.  


 
226 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет