Эритроцитпен байланысқан кешендер сирек зақымдаушы әсер көрсетедi,
сондықтан да бос АИК деңгейiн анықтауында көп көңiл бөледi.
Әдiстiң қағидасы. Қан сынақтарын сұрыптаған кезде бiрқатар
сақтықты сақтау қажет, себебi байланысқан кешендер ұйынды
түзiлген кезде
I факторлардың әсерiнен оңай бөлiнедi. Сондықтан да, осы үрдiс болмау
үшiн эритроциттердi плазмадан тез арада бөлiп алу қажет.
Құрамында IgG антиденелерi бар орташа және iрi кешендердi
идентификациялау
үшiн
0,1
натрий-бораттық
буфердегi
pH
8,4
полиэтиленгликоль (ПЭГ 6000) ерiтiндiсiнде тұнбаланған иммунды
кешендердi қолданады. Кейiн тұнбада IgG анықтайды. Жұмыс қоспасын:
науқастың 100 мкл қан сарысуын және 200 мкл буфер есепте дайындайды.
ПЭГ 0,9 мл ерiтiндiсiне 100 мкл жұмыс қоспасын қосады, ал бақылау
пробиркасында 100 мкл жұмыс қоспасына 0,9 буфердi қосады. Екi шыны
ыдысты (пробирканы) 1 сағ. бөлме температурасында, кейiн СФ 26-ғы
толқын ұзындығы 450 нм тең спектрофотометрияда ұстайды. АИК санын
бақылауға қарағанда оптикалық тығыздықтың айырмашылығы арқылы
анықтайды және шартты бiрлiк түрiнде белгiлейдi. Осы қағида бойынша
иммундық кешендi анықтауда бiрқатар коммерциялық жүйелер негiзделген.
Көбiнесе, айналымдағы иммундық кешендердiң тiндерге жиналуын емес,
олардың рөлiн назарға алу керек. Көптеген АИК өз бетiмен зиянсыз. Тек
олардың тiндерге жиналуы кезiнде ғана зақымданулар пайда болады.
Сондықтан тiндер сынамасының тiкелей талдауы бағалы болып табылады.
АИК концентарциясын анықтау, иммунды кешен ауруларда үрдiстiң
белсендiлiгiн бағалау және қан құюдың, плазмаферездiң, гемосорбцияның
нәтижелiгiн бақылау кезiнде тиiмдi.
Достарыңызбен бөлісу: