Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет456/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   459
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар  
1. Иммундық жүйенің орталық мүшелеріне жатады  
A) сүйек кемігі және көк бауыр 
B) сүйек кемігі және лимфа түйіндері 
C) тимус және көк бауыр 
D) көк бауыр және аденоидтар 
E) сүйек кемігі және тимус 
 
2. Антиденелер химиялық құрылысы бойынша  
A) полисахаридтер 
B) липидтер 
C) нуклеин қышқылдар 
D) нәруыздар 
E) стероидтар 
 
3. Мононуклеарлық фагоциттер жүйесіне жататын жасушалар  
A) лимфоциттер 
B) бағаналы жасушалар   
C) эозинофилдер 
D) моноциттер 
E) гепатоциттер 
 
4.  Атопиялық  серпілістер  шақыратын  «реагиндік»  –  антиденелерге  жататын 
иммуноглобулиндер қай класы   
A) IgM 
B) IgA 
C) IgD 
D) IgE 
E) IgG 
 
5. Жасушылық иммунитет қызметін атқаратын жасушалар  
А) В-лимфоциттер 
B) эозинофилдер 
C) Т-лимфоциттер 
D) нейтрофилдер 
E) базофилдер 
 


 
6. АКДС иммунизациялауының негізгі мақсаты болып табылады  
A) Т-жүйесінің арнайы емес белсендірілуі  
B) көк жөтел, күл және сіреспе қоздырғыштарына қарсы иммунитет тудыру  
C) В-жүйесінің арнайы емес белсендірілуі  
D) нейтрофилдердің фагоцитарлық активтілігін белсендіру  
E) қызылша қоздырғыштарына қарсы иммунитет тудыру   
 
7. Антиденелердің өндірілуін іске асырады 
A) нейтрофилдер 
B) базофилдер 
C) моноциттер 
D) В-лимфоциттер 
E) Т-лимфоциттер 
 
8. Иммуноглобулиндердің қай кластары комплемент жүйесін классикалық 
жолымен активтендіреді  
A) IgE, IgD 
B) IgA, IgE 
C) IgM, IgG 
D) IgA, IgD 
E) IgA, IgE, IgD 
 
9. Дұрыс тұжырымды таңдау  
A) антиденелер шеткі қандағы лимфоциттермен түзіледі 
B) антиденелер шеткі лимфоидтық мүшелерде түзіледі  
C) антиденелер сүйек кемігінде түзіледі 
D) антиденелер тимуста түзіледі 
E) антиденелер бүйректе  түзіледі 
 
10. Адамның иммуноглобулин G қанша подкласы бар  
A) 4 
B) 2 
C) 5 
D) 10 
E) 8 
 
11. Т-лимфоциттердің антигентәуелсіз дифференциялануы қай жерде жүреді  
A) көк бауырда 
B) лимфа түйіндерінде 
C) ішектің пейер табақшаларында 
D) тимуста 
E) шеткі қанда 
 


 
12. Қай жасушалар қатерлі ісік жасушаларына цитотоксикалық әсер 
көрсетеді 
A) базофилдер 
B) нейтрофилдер 
C) Т-өлтіргіштер 
D) В-лимфоциттер 
E) плазмалық жасушалар 
 
13. Ig қай класы ісіктің өсуін өршітеді  
A) IgM 
B) IgG 
C) IgA 
D) IgE 
E) IgD 
 
14. Кімнің гистосәйкестік антигендерін зерттемей мүшелерді ауыстыруға 
болады  
A) кез- келген жерден алынған донор мен реципиенттің 
B) монозиготалық егіздердің 
C) гетерозиготалық егіздердің 
D) ата-анасы мен балалардың 
E) бауырлардың  
 
15.  Жоғары  сезімталдықтың  баяу  түрінің  патогенезінде  маңызды  рөл 
атқарады  
A) IgA 
B) Т-лимфоциттер және макрофагтар 
C) В-лимфоциттер 
D) IgM және IgG (1, 3) 
E) нейтрофилдер 
 
16. Иммундық кешен ауруының патогенезінде маңызды рөл атқарады  
A) комплемент жүйесінің классикалық жолымен активтенуі  
B) компелемент жүйесінің альтернативтік жолымен активтенуі  
C) IgE көп мөлшерде түзілуі 
D) Т-өлтіргіштер мен макрофагтардың қатысуы 
E) эозинофилдердің активтенуі 
 
17. Секреторлық иммуноглобулин А-ның селективтік жетіспеушілігі келесі 
көріністерге әкеледі  
A) мұрын-тамақ, жоғары тыныс жолдарының және АІЖ жиі жұқпаларына  
В) жайылмалы кандидомикозға 
C) қатерлі ісіктің пайда болуына  
D) иммундық кешен ауруларына 


 
E) темір жетіспеушілік анемиясына 
 
18. Т-хелпердің саны анықталады  
A) CD-4 моноклондық антиденелермен 
B) CD-8 моноклондық анитденелермен 
C) Манчини әдісімен 
D) қой эритроциттерімен спонтандық розетка түзу серпілісі арқылы (Е-РОК) 
E)тышқан эритроциттерімен спонтандық розетка түзу серпілісі арқылы 
 
19. Цитотоксикалық (цитолитикалық) серпіліс патогенезінде маңызды рөл 
атқарады   
A) Т-лимфоциттер 
B) макрофагтар 
C) IgE және IgG (2, 4) 
D) комплемент жүйесінің альтернативтік жолымен активтенуі  
Е)  комплемент жүйесінің классикалық жолымен активтенуі  
 
20. Қай жасушалар антигендердің өңделуіне және «таныстыруға» қатысады 
A) макрофагтар 
B) бағаналы жасушалар 
C) Т-лимфоциттер 
D) плазмалық жасушалар 
E) нейтрофилдер 
 
21. IgM молекуласы құрылысы бойынша  
A) мономер 
B) димер 
C) тример 
D) тетрамер 
E) пентамер 
 
22.  Кумбс  және  Джеллдің  жіктеуі  бойынша  жоғары  сезімталдықтың  ІІ 
түрінде  (цитотоксикалық,  немесе  цитолитикалық  серпілісінде)  маңызды  рөл 
атқарады 
A) Т-лимфоциттер 
B) IgG (1, 3) және IgM  жасуша бетіндегі антигендік детерминантқа жабысып 
комплементтің классикалық жолымен активтенуі арқылы олардың ыдырауы  
C) комплементтің альтернативтік жолымен активтенуі  
D) макрофагтар 
E) эозинофилдер 
 
23. Антигендер қай жолмен түскенде анафилаксиялық шок дамиды  
A) ауа арқылы 
B) тағам арқылы 
C) терімен жанасқанда  


 
D) парентералдық жолмен  
E) эндоназалдық жол арқылы 
 
24. Жоғары сезімталдықтың IV түрінің клиникалық көрінісі болып табылады  
A) сарысулық ауру  
B) туберкуломаның түзілуі 
C) атопиялық риниттер 
D) ревматизм кезіндегі миокардиттер 
E)  резус-қайшылық  жүктілік  кезіндегі  нәрестелердің  гемолитикалық 
сарғаюы  
 
25. Ми тіндерінің және көз бұршағының антигендері мысал болып табылады  
A) топтық антигендердің  
B) екіншілік аутоантигендердің  
C) айқаса әрекеттесетін антигендердің  
D) біріншілік аутоантигендердің  
E) кешендік антигендердің 
 
26. Антиденелерді түзу қай жасушалардың қызметі болып табылады  
A) В-жүйесінің 
B) Т-жүйесінің 
C) комплемент жүйесінің 
D) мононуклеарлық фагоциттер жүйесінің 
E) нейтрофилдердің 
 
27. Вирустарға қарсы иммунитетте маңызды рөл атқарады  
A) иммунитеттің Т-жүйесі 
B) иммунитеттің В- жүйесі 
C) компелемент жүйесі  
D) қорғаныстың арнайы емес факторлары  
E) лизоцим 
 
28. Т-жүйесінің бағалауында қолданылатын сынама 
A) сарысулық иммуноглобулиндер мөлшерін анықтау 
B) қанда комплементтің мөлшерін анықтау 
C) хелпер/супрессорлық индексті (CD4/CD8) анықтау 
D) фагоцитарлық активтілікті анықтау 
E) секреторлық иммуноглобулиндер мөлшерін анықтау 
 
29. Антигендік арнайылықтың қай түрінде қан тобының антигендері мысал 
болып табылады  
A) түраралық 
B) топтық 
C) сатылық 


 
D) органоидтық 
E) гаптендік 
 
30. Тимус гормондарының тұқымдастығына жатады  
A) иммуноглобулиндер 
B) тимозин 
C) серотонин 
D) инсулин 
E) ацетилхолин 
 
31. Комплемент жүйесінің негізгі қызметі болып табылады  
A) антидене түзу 
B) антигенді ыдырату 
C) фагоцитоз 
D) жасушалық иммунитет серпілісін жүзеге асыру  
E) трансплантаттың сылынып алынуы 
 
32. Комплемент жүйесінің классикалық жолымен активтенуі басталады  
A) С1 
B) С2 
C) С3 
D) С4 
E) С5 
 
33. Комплемент жүйесінің альтернативті жолымен активтенуі басталады  
A) С1 
B) С2 
C) С3 
D) С4 
E) С5 
 
34. Қай тұжырым дұрыс  
A)  иммундық  жүйенің  орталық  мүшелерінде  антигендерге  қарсы  иммундық 
жауап түзіледі  
B) орталық мүшелерде лимфоциттердің клондары түзіледі  
C)  орталық  мүшелерде  В-,  Т-лимфоциттердің  және  макрофагтардың 
кооперциясы жүреді  
D) орталық мүшелерде антиденелер түзіледі  
E) 
орталық 
мүшелерде 
лимфоциттердің 
антигенге 
тәуелді 
дифференциялануы жүреді  
 
35.  Т-киллер/Т-супрессор  саны  келесі  моноклондық  антиденелермен 
анықталады   
A) CD2 
B) CD3 
C) CD8 


 
D) CD16 
E) CD4 
 
36. Атопиялық серпілістерде нысана-жасушалары болып табылады  
A) мес жасушалары 
B) моноциттер 
C) лимфоциттер 
D) эритроциттер 
E) гепатоциттер 
 
37. Атопиялық аллергияның патогенезінде келесі медиаторлар қатысады  
A) гистамин 
B) интерлейкин-1 
C) интерлейкин-2 
D) интерферон  
E) интерферон  
 
38. Көз бұршағының антигендері мысал болып табылады  
A) екіншілік аутоантигендердің 
B) кешендік антигендердің 
C) біріншілік аутоантигендердің 
D) топтық антигендердің 
E) айқаса әрекеттесетін антигендердің 
 
39. Табиғаты бойынша негізгі тимусқа тәуелсіз антигендерге жатады 
A) нуклеин қышқылдары 
B) липидтер 
C) вирус қабығының нәруыздары 
D) бактериялық полисахаридтер және липополисахаридтер 
E) стероидтар 
 
40. Аталған жасушалардың қайсысы антигентаныстырушы жасушалар болып 
табылады  
A) дендриттік жасушалар 
B) Т-лимфоциттер 
C) эритроциттер 
D) гепатоциттер 
E) базофилдер 
 
41.  Үшжасушалық  кооперация  үрдісінде  макрофагтар  қай  цитокиндерді 
бөледі  
A) IFN- 
B) ИЛ-2 
C) ИЛ-4 
D) ИЛ-1 


 
E) ИЛ-5 
 
42. 
Иммундық 
жауап 
үрдісінде 
кез-келген 
антигенге 
қарсы 
иммуноглобулиндердің қай класы бірінші болып түзіледі  
A) IgG 
B) IgM 
C) IgA 
D) IgD 
E) IgE 
 
43. Иммуноглобулиндердің қай класы плацента арқылы өтеді  
A) IgG 
B) IgM 
C) IgA 
D) IgD 
E) IgE 
 
44. Қай цитокиндерді Тх1 түзеді 
A) ИЛ-2 
B) ИЛ-1 
C) ИЛ-4 
D) ИЛ-5 
E) ИЛ-10 
 
45. Қай цитокиндерді Тх2 түзеді 
A) ИЛ-1 
B) ИЛ-2 
C) ИЛ-4 
D) IFN- 
E) IFN- 
 
46. Қай цитокиндер Тх1-дің түзілуін белсендіреді  
A) ИЛ-8 
B) ИЛ-12 
C) ИЛ-4 
D) ИЛ-5 
E) ИЛ-10 
 
47. Тх2  түзілуін қай цитокиндер белсендіреді   
A) ИЛ-8 
B) ИЛ-12 
C) ИЛ-4 
D) IFN- 
E) IFN- 
 


 
48. Тх1 негізгі қызметінің бірі болып табылады 
A) IgE түзілуін белсендіру 
B) IgA түзілуін белсендіру 
C) гельминттерге қарсы иммунитетті күшейту 
D) Т-өлтіргіштердің көбеюін және дифференциялануын күшейту 
E) комплемент жүйесін активациялау 
 
49. Аталған цитокиндердің қайсысы Тх2 түзілуін және қызметін тежейді 
A) IFN- 
B) ИЛ-3 
C) ИЛ-8 
D) ГМ-КСФ 
E) ИЛ-4 
 
50. Аталған цитокиндердің қайсысы  Тх1 түзілуін және қызметін тежейді 
A) IFN- 
B) ИЛ-3 
C) ИЛ-8 
D) ГМ-КСФ 
E) ИЛ-10 
 
51. Тх2 өндірілетін ИЛ-4 қай үрдістерді белсендіреді 
A) макрофагтың активациясын 
B) NK-жасушаларының активациясын 
C) IgE түзілуін 
D) Т-өлтіргіштердің дифференциялануын активациясын 
E) тіндерде пролиферативтік қабынудың пайда болуын  
 
52. Аталған цитокиндердің қайсысы эозинофилдердің көбеюін белсендіреді  
A) IFN- 
B) ИЛ-2 
C) ИЛ-8 
D) ГМ-КСФ 
E) ИЛ-5 
 
53. Аталған цитокиндердің қайсысы макрофагтардың қызметін белсендіреді  
A) IFN- 
B) ИЛ-4 
C) ИЛ-10 
D) ИЛ-8 
E) ИЛ-5 
 
54. Аталған цитокиндердің қайсысы антигендік бөгде нысана-жасушалардың 
апоптозын шақырады  
A) ИЛ-1 


 
B) ИЛ-2 
C) ИЛ-3 
D) TNF- 
E) ИЛ-10 
 
55.  Қатерлі  ісік  жасушаларымен  алғаш  рет  жанасқанда  қандай  жасушалар 
арнайы емес цитотоксикалық әсер көрсетеді  
A) В-лимфоциттер 
B) эозинофилдер 
C) Т-киллер 
D) NK-жасушалар 
E) Т-хелперлер 
 
56.  Аталған  жасушалардың  қайсысы  баяу  жоғары  сезімталдықтың 
патогенезінде маңызды рөл атқарады  
A) В-лимфоциттер 
B) эозинофилдер 
C) Тх1 
D) Тх2 
E) плазмалық жасушалар 
 
57. Аталған жасушалардың қайсысы  ИЛ-4 өндіреді  
A) В-лимфоциттер 
B) эозинофилдер 
C) Тх1 
D) Тх2 
E) палзмалық жасушалар 
 
58. Аталған жасушалардың қайсысы  ИЛ-5 өндіреді 
A) Тх2 
B) эозинофилдер 
C) Тх1 
D) В-лимфоциттер 
E) плазмалық жасушалар 
 
59. Аталған жасушалардың қайсысы  IFN- өндіреді  
A) Тх2 
B) эозинофилдер 
C) Тх1 
D) В-лимфоциттер 
E) плазмалық жасушалар 
 
60. Аталған жасушалардың қайсысы ИЛ-2 өндіреді 
A) Тх2 
B) эозинофилдер 
C) Тх1 


 
D) В-лимфоциттер 
E) плазмалық жасушалар 
 
61.  Тх1-ден  бөлінетін  цитокиндердің  қайсысы  NK-жасушаларының 
дифференциялануын белсендіреді  
A) TNF- 
B) IFN- 
C) ИЛ-3 
D) ИЛ-8 
E) ГМ-КСФ 
 
62. Қай тұжырым дұрыс  
A) антиденелер макрофагтармен түзіледі 
B) антиденелер нейтрофилдермен түзіледі 
C) антиденелер Т-лимфоциттермен түзіледі 
D) антиденелер В-лимфоциттермен түзіледі 
E) антиденелер гепатоциттермен түзіледі 
 
63. Қай жасушалардан плазмалық жасушалар түзіледі 
A)  Т-лимфоциттерден 
B) моноциттерден 
C) В-лимфоциттерден 
D) нейтрофилдерден 
E) эозинофилдерден 
 
64. В-лимфоциттердің клондары қай жерде пайда болады 
A) тимуста 
B) сүйек кемігінде  
C) көк бауырда 
D) лимфа түйіндерінде 
E) аппендиксте 
 
65. Қай тұжырым дұрыс  
A)  бір  клонға  жататын  лимфоциттер  тобы  тек  бір  ерекшелігі  бар 
атиденелерді түзеді  
B) әрбір лимфоцит әр түрлі ерекшелігі бар антиденелер түзу мүмкіндігі бар 
C) әр түрге жататын лимфоциттер тобының антигентанушы рецепторлары 
бірдей 
D) бір клонға жататын лимфоциттердің антигентанушы рецепорлары әр түрлі 
E)  антиген  әр  түрлі  клонға  жататын  лимфоциттердің  антиденелерін 
белсендіруі мүмкін  
 
66. Т-тәуелді антигендерге тән 
A) арнайы және пролиферативтік белгіні сол антигеннен алады 
B)  пролиферативтік белгі Т-лимфоциттермен қамтамасыз етіледі 


 
C)  антиденелердің  синтезін  өздігінен,  Т  лимфоциттер  және  макрофагтардың 
қатысуынсыз шақыру қабілеті бар  
D)  тасымалдаушыға  жоғары  молекулалық  салмақ  және  қатаң,  тізбекті 
құрылым тән  
E) тасымалдаушы полиэлектролит болып табылады 
 
67. Антигендердің тасымалдаушыларына тән қасиеттер  
A)  құрылымы  антиденелердің  антигенбайланыстырушы  орталығының 
құрылысына сай  
B)  әр  түрлі  макромолекулармен  қосылу  нәтижесінде  бір  арнайылылық 
қасиеті бар антиденелердің түзілуін шақырады  
C) көбінесе  Т-лимфоциттермен танылады 
D) 
В-лимфоциттер 
иммуноглобулиндерінің 
антигентанушы 
рецепторларымен танылады  
E) оларға қарсы антиденелер түзілісі бағытталған  
 
68.  Әртүрлі  биологиялық  түрге  жататын  жасушалардың  ортақ  антигендері 
қалай аталады   
A) кешендік 
B) вирусөндіруші 
C) секвестрленген 
D) толық емес  
E) айқаса әрекеттесетін  
 
69. Жасушалар ядросының антигендері антигендік арнайылықтың қай түріне 
жатады  
A) топтық  
B) түраралық 
C) органоидтық 
D) сатылық 
E) тіндік 
 
70. IgM тән  
A) тек екіншілік иммундық жауапта пайда болады  
B) пентамерлік молекулалық түрі тән 
C) плацента арқылы өтеді 
D) негізгі секреторлық иммуноглобулин болып табылады 
E) 4 подкласы бар 
 
71. Антиденелердің өндірілуін қамтамасыз етеді 
A) Т-лимфоциттер 
B) плазмалық жасушалар 
C) макрофагтар 
D) NK-жасушалар 
E) К-жасушалары 


 
 
72. IgG молекуласы құрылысы бойынша  
A) мономер 
B) димер 
C) тетрамер 
D) тример 
E) пентамер 
 
73. Секреторлық IgA молекуласы құрылысы бойынша  
A) мономер 
B) пентамер 
C) димер және тример 
D) тетрамер 
E) гексамер 
 
74. Адамда иммуноглобулиндердің қанша класы бар 
A) 2 
B) 4 
C) 5 
D) 8 
E) 10 
 
75. IgG молекуласының қанша антигенбайланыстырушы орталығы бар  
A) 10 
B) 5 
C) 3 
D) 2 
E) 4 
 
76. Анасынан ұрыққа берілуі үшін  IgG Fc-фрагментіне арналған рецепторлар 
қандай жасушалардың бетінде орналасқан   
A) плазмалық жасушаларда 
B) эозинофилдерде 
C) плацента трофобласттарында 
D) гепатоциттерде 
E) бағаналы жасушаларда 
 
77.  Қай  Ig  жетіспеушілігі  жоғары  тыныс  жолдарының  селективтік 
жетіспеушілігі  және  асқазан-ішек  жолдарының  жиі  өршімелі  бактериялық 
жұқпаларына әкеледі   
A) IgM 
B) IgG 
C) IgA 
D) IgE 
E) IgD 
 


 
78. Ig қай класы қан тамырлары арқылы өтпейді  
A) IgM 
B) IgG 
C) IgA 
D) IgE 
E) IgD 
 
79.  Комплемент  жүйесінің  классикалық  жолымен  активтенуі  үшін  IgG  кем 
дегенде қанша молекуласы жеткілікті  
A) бір 
B) бес 
C) екі 
D) ешқанша 
E) он 
 
80. Ig  Fc-фрагментіне кіреді 
A) жеңіл тізбектің вариабелдік домендері 
B) ауыр тізбектің вариабелдік домендері 
C) жеңіл тізбектің тұрақты домендері  
D) ауыр тізбектің тұрақты домендері  
E) жеңіл тізбектің тұрақты және вариабелдік домендері 
 
81. Ig жеңіл тізбектері қанша доменнен тұрады  
A) бес 
B) бір 
C) үш 
D) екі 
E) төрт 
 
82. Комплемент жүйесінің классикалық жолымен активтенуіне тән  
A) С3 басталады 
B) С1 басталады 
C) иммундық кешендердің пайда болуы қажет емес  
D) активтенуі үшін IgМ екі молекуласы қажет  
E) активтенуінде пропердин жүйесі қатысады  
 
83. Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен активтенуіне тән  
А) С1 басталады 
В) иммундық кешендердің түзілуі қажет  
С) С3 басталады 
D) IgG кем дегенде екі молекуласы қажет   
E) иммундық кешендердің түзілуін қажет етпейді  
 
84.  Комплемент  жүйесінің  альтернативтік  жолымен  активтенуі  үшін  қандай 
шаралар болуы қажет  


 
A)  С3  компоненттері  антигенмен  тікелей  байланысуы  қажет  (көбінесе, 
бактериялық полисахаридпен) 
B) С3 иммундық кешенмен байланысуы  
C)  молекуланың  шиыршықты  аймағында  С1  байланысуы  үшін  активті 
орталық түзілуі қажет  
D)  антигенмен  байланысқан  иммуноглобулин  молекулаларының  арасы 
«критикалық» арақашықта болуы қажет  
E) С3 ИНА қатысуы 
 
85. Макрофагтар қандай қызмет атқарады  
A) антиденелердің түзілуін қамтамасыз етеді   
B) антигендердің өңдеуін және таныстыруын қамтамасыз етеді  
C) IFN- түзеді 
D) ИЛ-4 түзеді 
E) комплемент жүйесін активтендіреді  
 
86. Тіндік макрофагтар түзіледі  
A) лимфоциттердің ізашарларынан 
B) мес жасушалардан  
C) шеткі қандағы моноциттерден  
D) табиғи өлтіргіштерден  
E) плазмалық жасушалардан  
 
87. Аталған жасушалардың қайсысы  ИЛ-4 түзеді 
A) Тх1 
B)  Тх2 
C) Т-киллерлер 
D) мес жасушалары 
E) В-лимфоциттер 
 
88. Т-киллерлер қандай қызмет атқарады  
A) иммундық жауапта маңызды рөл атқарады  
B) вируспен зақымданған жасушаларға цитотоксикалық әсер көрсетеді  
C) гельминттердің құрттарына цитотоксикалық әсер көрсетеді  
D) антиденелердің түзілуіне қатысады  
E) антигендерді таныстыруға қатысады  
 
89. Тх1 қандай қызмет атқарады  
А) ИЛ-2 түзеді 
B) мес жасушалары мен эозинофилдердің көбеюін белсендіреді  
C) IgЕ түзілуін белсендіреді  
D) IgA түзілуін белсендіреді 
E) ИЛ-10 түзілуін белсендіреді  
 
90. Табиғи иммунологиялық төзімділікке тән  
A) ересек жаста пайда болады  


 
B) пайда болу үшін біруақытта иммунодепрессивтік әсер көрсету  
C) көбінесе толық емес болып табылады  
D) қысқа мерзім аралығында сақталады  
E) эмбрионалдық кезеңде ағзаның өзіндік антигендеріне пайда болады  
 
91. Жүре пайда болған төзімділікке тән  
A) эмбрионалдық кезеңде пайда болады  
B) пайда болу үшін біруақытта иммунодепрессивтік әсер көрсету  
C) ағзаның өзіндік антигендеріне пайда болады  
D) көбінесе толық болып келеді  
E) индукциясы антигеннің мөлшеріне және құрылысына байланысты емес  
92. Қай моноклондық антиденелердің көмегімен шеткі қанда Т-
лимфоциттердің жалпы санын анықтауға болады  
А) CD2 
В) CD8 
С) CD16 
D) CD4 
E) CD56 
 
93. Аталған жасушалардың қайсысы арнайы цитотоксикалық әсер көрсетеді   
A) нейтрофилдер 
B) Тх2 
C) эозинофилдер 
D) Т-өлтіргіштер 
E) табиғи өлтіргіштер 
 
94.  Кандай  антигендермен  ісік  жасушаларына  қарсы  арнайы  иммундық 
жауапты анықтайды  
A) тінерекшелік антигендер 
B) топтық лейкоцитарлық антигендер 
C) саралау антигендері  
D) ісікерекшелік антигендер 
E) ядролық антигендер 
 
95. Қандай жасушалар ісік жасушаларына арнайы емес цитотоксикалық әсер 
көрсетеді  
А) Т-киллерлер 
В) Тх2 
С) NK-жасушалары 
D) плазмалық жасушалар 
E) В-лимфоциттер 
 
96. Трансплантаттың тұрақтамауында маңызды рөл атқаратын жасушалар  
A) Т-киллерлер 
B) бағаналы жасушалар  


 
C) В-лимфоциттер 
D) эозинофилдер 
E) мес жасушалары 
 
97. «Трансплантат иесіне қарсы» серпілісі (ТИҚС) қай мүшені ауыстырғанда 
дамиды  
A) бүйрек 
B) бауыр 
C) өкпе 
D) сүйек кемігі 
E) жүрек 
 
98. HLA жүйесін алғаш рет ашқан  
A) Медавар 
B) Доссе 
C) Пастер 
D) Эрлих 
E) Бернет 
 
99. Гистосәйкестік антигендерге жатады  
A) қан тобының антигендері 
B) эмбрионалдық антигендер 
C) HLA-кешеңімен қадағаланатын антигендер 
D) тіндікерекшелік антигендер 
E) топтық лейкоцитарлық антигендер 
 
100. HLA антигендерінің А, В және С локустарына типтеу келесі әдістермен 
жүргізіледі  
A) моноспецификалық сарысуды қолдану арқылы серологиялық типтеу  
B) лимфоциттердің аралас дақылдарындағы бласттрансформация серпілісі  
C) қой эритроциттерімен спонтандық розеткатүзу серпілісі  
D) Манчини әдісі бойынша гельдегі қарапайым радиалдық иммунодиффузия 
серпілісі  
E) лейкоциттердің миграциясын тежеу серпілісі  
 
101.  Бүйректі  аустырғанда  антигендік  гистосәйкестік  бойынша  донор  мен 
реципиенттерді серологиялық типтеу кезінде қолдануға болады  
A) эритроциттерді 
B) бүйрек паренхимасының жасушаларын  
C) плазмалық жасушаларды 
D) шеткі қандағы лимфоциттерді 
E) эозинофилдерді 
 
102. Адамда гистосәйкестік антигендері көп мөлшерде қай жерде орналасқан  
A) эритроциттерде 
B) миокард жасушаларында 


 
C) бауыр жасушаларында  
D) лимфоциттерде 
E) май тіндерінің жасушаларында  
 
103. Атопиялық аллергияда нысана-жасушалар болып табылады  
А) эритроциттер 
В) мес жасушалары  
С) гепатоциттер 
D) моноциттер 
E) лимфоциттер 
 
104. Атопиялық аллергияның клиникалық көріністеріне жатады  
A) туберкуломаның пайда болуы  
B) поллиноздар 
C) қызылша кезіндегі бөртпе 
D) гломерулонефриттер  
E) жүйелі қызыл жегі кезіндегі васкулиттер  
 
105.  Қай  цитокиндердің  шамадан  тыс  бөлінуі  атопиялық  аллергияның 
патогенезінде маңызды рөл атқарады  
A) ИЛ-1 
B) ИЛ-2 
C) ИЛ-3 
D) ИЛ-4 
E) ИЛ-12 
 
106. Атопияға не тән  
A) майда дисперстік иммундық кешендердің пайда болуы  
B) Т-киллерлердің активациясы 
C) цитофилдік  Ig көп мөлшерде түзілуі  
D) Тх1 активтенуі  
E) фагоцитарлық жүйенің жетіспеушілігі 
107. Анафилаксияға тән  
A) айқын тұқымқуалаушылық   
B) аллерген ағзаға алғаш рет парентералды жолмен түскенде  
C) аллерген ағзаға екінші рет парентералды жолмен түскенде  
D) аллерген аллергиялық серпіліс ағзаға әртүрлі жолмен түскенде дамиды  
E)  патогенезінде  комплементтің  альтернативтік  жолмен  активтенуі  маңызды 
рөл атқарады  
 
108. Атопиялық аллергияның клиникалық көріністеріне жатады  
A) есекжем 
B) жанасу дерматиті 
C) қызылша кезіндегі бөртпе 
D) туберкуломаның пайда болуы  
E) жүйелі қызыл жиегі кезіндегі васкулиттер  


 
 
109. Баяу жоғары сезімталдық серпілісі келесі жасушалардың қатысуымен 
жүреді  
A) В-лимфоциттер 
B) плазмалық жасушалар 
C) Тх2 
D) нейтрофилдер 
E) макрофагтар 
 
110.  Жоғары  сезімталдықтың  жасушалық  түрі  серпілісінің  патогенезінде 
маңызды рөл атқарады  
A) комплементтің классикалық жолымен активтенуі  
B) комплементтің альтернативтік жолмен активтенуі  
C) цитофильдік Ig көп мөлшерде түзілуі  
D)  Тх1  өндірілетін  фагоцитоздың  активациясын  жоғарлататын  және 
пролиферативтік қабынуды шақыратын лимфокиндер  
E)  IgG өндірілуінің активтенуі  
 
111. Иммундық кешен ауруларының патогенезінде маңызды рөл атқарады   
A) цитофилдік Ig көп мөлшерде түзілуі  
B) майда дисперсттік иммундық кешендердің көп мөлшерде түзілуі  
C) мес жасушалары мен базофилдердің дегрануляциясы  
D) макрофагтардың қатысуы  
E) комплементтің альтернативтік жолмен активтенуі  
 
112. Иммундық кешен ауруларының дамуына әсер етеді  
A) IgE көп мөлшерде түзілуі   
B) кортикостероидтық гормондардың гиперпродукциясы 
C) микроайналымның бұзылуы және қан ағысының баяулауы 
D) IgA көп мөлшерде түзілуі  
E) шеткі қанда тимозиннің аз болуы  
 
113.  Иммундық  кешен  ауруларының  клиникалық  мысалдары  болып 
табылады   
A) есекжем 
B) Квинке ісінуі  
C) поллиноз 
D) қызылша кезіндегі бөртпе 
E) сарысу аурулары 
 
114.  Қай  аурудың  патогенезінде  жоғары  сезімталдықтың  III  түрі  маңызды 
рөл атқарады  
A) сарысу аурулары  
B) жанасу дерматиттері  
C) Квинке ісінуі   


 
D) есекжем  
E) созылмалы активті гепатит 
 
115. Аталған цитокиндердің қайсысын Т
бжс
  (Тх1) өндіреді   
A) ИЛ-1 
B) ИЛ-4 
C) интерферон-γ 
D) ИЛ-10  
E) интерферон-
 
116. 
Цитотоксикалық 
(цитолитикалық) 
серпілістердің 
клиникалық 
мысалдарына жатады  
A) дәрілік цитопения 
B) жанасу дерматиттері 
C) сарысу ауруы 
D) есекжем 
E) созылмалы активті гепатит 
 
117.  Жоғары  сезімталдықтың  IV  түрінің  (БЖС)  клиникалық  мысалдарына 
жатады   
A) сарысу аурулары  
B) жанасу дерматиттері  
C) жүйелі қызыл жегі  
D) поллиноздар  
E) Квинке ісінуі 
 
118.  Жанасу  дерматиті  жоғары  сезімталдықтың  келесі  түрінің  клиникалық 
көрінісі болып табылады  
A) атопиялық аллергия  
B) анафилаксия 
C) жоғары сезімталдықтың баяу түрі  
D) цитотоксикалық (цитолитикалық) серпіліс (жоғары сезімталдықың II түрі) 
E) иммундық кешен аурулары 
 
119.  Жедел  сарысу  аурулары  жоғары  сезімталдықтың  келесі  клиникалық 
көрінісі болып табылады  
A) бірінішілік иммундық тапшылық 
B) атопиялық аллергия 
C)  цитотоксикалық  (цитолитикалық)  серпіліс    (жоғары  сезімталдықтың  II 
түрі) 
D) иммундық кешен аурулары 
E) жоғары сезімталдықтың баяу түрі  
 
120. Қызылша кезіндегі бөртпенің патогенезінің негізінде жатыр  
A) комплементтің классикалық жолымен активтенуі  
B) комплементтің альтернативтік жолымен активтенуі  


 
C) Тх1 және макрофагтардың активтенуі  
D) мес жасушаларының және базофилдердің дегрануляциясы 
E) Тх2 активтенуі және цитофилдік иммуноглобулиндердің түзілуі 
 
121. Оң туберкулиндік сынаманың патогенезін негіздейтін  
A) комплементтің классикалық жолымен активтенуі  
B) комплементтің альтернативтік жолымен активтенуі  
C) Тх1 және макрофагтардың активтенуі  
D) Тх2 активтенуі және цитофилдік иммуноглобулиндердің түзілуі   
E) айналымдағы иммундық кешендердің жиналуы және шоғырлануы  
 
122.  HLA  антигендерің  қайсысы  күшті  трансплантациялық  антиген  болып 
табылады  
A) А, В 
B) В, С 
C) С, D 
D) D, DR 
E) DR, C 
 
123. Негізгі секреторлық иммуноглобулинге жатады  
А) IgM 
B) IgG 
C) IgA 
D) IgE 
E) IgD 
 
124. Баяу жоғары сезімталдық серпілісі келесі жасушалардың қатысуымен 
өтеді  
A) B-лимфоциттер 
B) Тх2 
C) нейтрофилдер 
D) макрофагтар 
E) эозинофилдер 
 
125. Иммундық кешен ауруларының патогенезінде маңызды рөл атқарады  
A) комплементтің классикалық жолымен активтенуі  
B) комплементтің альтернативтік жолымен активтенуі  
C) цитофилдік иммуноглобулиндердің түзілуі 
D) Т-өлтіргіштердің қатысуы 
E) Тх1 активтенуі  
 
126. Т-киллерлер/Т-супрессорлар санын келесі моноклондық антиденелермен 
анықталады   
1. CD2 
2. CD3 
3. CD8 


 
4. CD16 
5. CD30 
 
127. НСТ-тестпен анықталады  
A) макрофагтардың метаболикалық активтілігі  
B) комплемент жүйесінің функционалдық активтілігі 
C) комплемент жүйесінің компоненттер саны  
D) лимфоциттердің функционалдық активтілігі 
E) макрофагтардың саны 
 
128. Гипогаммаглобулинемия тән  
A) жасушалық иммундық тапшылық 
B) комплемент жүйесінің тапшылығына  
C) макрофагалдық жүйенің тапшылығына  
D) гуморалдық иммунитеттің тапшылығына  
E) пропердин жүйесінің тапшылығына  
 
129. Түзілген ИЛ-1 арқылы анықталынады  
A) моноциттердің функционалдық активтілігі  
B) нейтрофилдердің функционалдық активтілігі  
C) лимфоциттердің функционалдық активтілігі 
D) эозинофилдердің функционалдық активтілігі 
E) мес жасушаларының функционалдық активтілігі 
 
130. Иммуноглобулин А селективтік жетіспеушілігі келесі көріністерге 
әкеледі  
A) мұрын-тамақ, жоғары тыныс жолдырының жиі жұқпаларына  
B) жайылмалы кандидомикозға 
C) қатерлі ісіктің дамуына  
D) атопиялық аллергиялық серпілістерге  
E) иммундық кешен ауруларына  
 
131. Тері қабатының жайылмалы кандидомикозының себебі 
A) Т-жүйесінің айқын ақауы 
B) В-лимфоциттердің диффренциялануының бұзылысы  
C) IgA селективтік тапшылығы 
D) эозинофилдер санының азаюы  
E) комплемент жүйесінің белсенділігінің азаюы  
  
132. Т-хелперлер санының төмендеуі (СД4-жасушалары) аталған аурудың 
патогенетикалық механизмдерінің дамуында маңызды рөл атқарады  
A) жүйелі қызыл жегі  
B) симпатикалық офтальмит 
C) ревматизм 


 
D) ЖИТС 
E) есекжем 
 
133. ЖИТС этиологиялық факторы болып табылады   
A) ретровирустар 
B) цитомегаловирустар 
C) кандидалар 
D) микобактериялар 
E) трихомонадалар 
 
134. ЖИТС сай иммунограммалық өзгерістер болып табылады  
A) В-лимфоциттер санының азаюы  
B) сарысулық Ig мөлшерінің азаюы   
C) NK-жасушалар санының азаюы  
D) Т-хелперлер санының азаюы   
E) макрофагтар санының азаюы  
 
135. Тіндік макрофагтарға жатады  
A) гистиоциттер 
B) эозинофилдер 
C) гепатоциттер 
D) нейтрофилдер  
E) базофилдер 
 
136.  Мес  жасушаларының  дегрануляциясы  кезінде  келесі  биологиялық 
белсенді заттар бөлінеді  
A) лизоцим 
B) ацетилхолин 
C) гистамин 
D) норадреналин 
E) инсулин 
 
137.  Стресс  кезіндегі  иммундық  тапшылықтың  патогенезінде  келесі 
бөлінетін заттар маңызды рөл атқарады  
A) инсулин 
B) тиреотроптық гормондар  
C) АКТГ және кортикостероидтық гормондар 
D) эстрогенер 
E) гонадотроптық гормодар 
 
138.  Атопиялық  серпілістер  тудыратын  «реагиндік»  –  антиденелерге  келесі  
иммуноглобулин класы жатады   
A) M 
B) A 
C) D 


 
D) E 
E) G (1,3) 
 
139. Плазмалық жасушалар дифференцияланады  
A) В-лимфоциттерден 
B) Т-лимфоциттерден 
C) нейтрофилдерден 
D) моноциттерден 
E) эозинофилдерден 
 
140. Аталған ғалымдардың қайсысы вакцинация әдісін шығаруында біршама 
еңбектер енгізді  
A) Мечников 
B) Эрлих 
C) Бернет 
D) Пастер 
E) Борде 
 
141. Дәрігер жиі өршімелі вирустық жұқпамен ауыратын науқаста екіншілік 
иммундық  тапшылықты  анықтады.  Иммундық  жүйенің  қай  звеносын 
алдымен бағалау қажет  
A) В-жүйесін 
B) Т-жүйесін 
C) комплемент жүйесін 
D) пропердин жүйесін  
E) қан ұю жүйесін  
 
142. Туберкулиндік сынама (Манту сынамасы) келесі серпілістердің мысалы 
болып табылады  
A) атопия 
B) баяу жоғары сезімталдық 
C) цитотоксикалық серпілістер 
D) анафилаксия 
A) иммундық кешен патологиясы 
 
143. 
Атопиялық 
аллергиясы 
бар 
науқастардың 
қан 
сарысуында 
радиоаллергосорбенттік  тест  (РАСТ)  арқылы  қай  иммуноглобулиннің 
концентрациясын анықтайды  
A) IgM 
B) IgG 
C) IgA 
D) IgE 
E) IgD 
 
144.  Жоғары  сезімталдықтың  қай  түрі  дәрілік  цитопенияның  патогенезінде 
маңызды рөл атқарады  


 
A) иммундық кешендік 
B) атопия 
C) цитотоксикалық серіпіліс 
D) БЖС 
E) анафилаксия 
 
145.  Атопиялық  бронх  демікпесі  бар  науқастарда  қай  иммуноглобулиннің 
түзілуі жоғарлаған  
A) IgM 
B) IgA 
C) IgE 
D) IgG1, 3 
E) IgD 
146. Қандай емдік процедуралар  
I – қан сарысуынан тежегіш факторлардың шығуына әсер етеді 
II – әсер етпейді  
1.  антибиотиктермен емдеу 
2.  плазмаферез 
3.  ден сау адамның плазмасын құю   
4.  цитостатиктермен емдеу  
5.  қан сарысуының гамма-глобулиндік фракцияларын құю  
6.  иммуносорбция 
 
147. Қандай иммунологиялық механизмдер қатысады  
I – иммундық кешен ауруларының патогенезінде  
         II – жоғары сезімталдықтың баяу түрінің патогенезінде  
1.  комплемент жүйесінің классикалық жолымен активтенуі  
2.  айналымдағы иммундық кешендердің жиналуы және шоғырлануы  
3.  Т-лимфоциттер мен макрофагтардың қатысуы 
4.  IgG (1,3) қатысуы 
5.  фагоцитозды  белсендіретін  және  тіндерде  пролиферативтік  қабыну 
үрдісін шақыратын лимфокиндердің бөлінуі  
6.  қабынудың экссудативтік түрі 
 
148. Аталған жасушалардың қайсысы мононуклеарлық фагоциттер жүйесіне  
I – жатады 
    II – жатпайды 
1. нейтрофилдер 
2. гепатоциттер 
3. эритроциттер 
4. гистиоциттер 
5. шеткі қан моноциттері 
6. базофилдер 
 
149. Төменде аталған қасиеттердің қайсысы 


 
  I – IgG тән  
II – IgE тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет