Ең кең тараған түрлері механикалық және пневматикалық
бытыра ағын қондырғылары. Механикалық қондырғы бытыра
ағынның астында өңделетін дайындаманы тасымалдауға арналған
механизмдермен жабдықталған жұмыс камерасынан, сондай-ақ,
бытыраларды шашырататын күрекшелермен жабдықталған жылдам
айналатын ротор түріндегі құрылғыдан тұрады. Пневматикалық
бытыра ағын қондырғысында бытыра қысылған ауамен бірнеше
саңылаулардан 0,5...0,6 МПа (5...6 кгс/см
2
) қысыммен шығарылады.
Осы негізгі жұмыс органдарынан бөлек, бытыра ағын қондырғысы
әр түрлі (тасымалдау, тазалау және арнайы шаң жинау
құрылғылары)
құрылғылармен,
сондай-ақ
желдеткішпен
жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: