Орындалуы тиімсіз немесе СББ бар білдектерде мүмкін емес
базалық беттер мен операциялардың алдын-ала өңделуі (мысалы,
жоғары дәлдікті координаталы кеулейжонғыш, ажарлағыш немесе
қашағыш жұмыстары) ИӨЖ-ден тыс жасайды. Кейбір кезде ИӨЖ-
дің құрамына соңғы операциялар үшін қосымша құрал-
жабдықтарды енгізуге болады. СББ бар білдектерден басқа КАЖ
типтегі автоматтандырылған учаскінің құрамына дайындаманың
алдын ала өлшеуі және белгілеу үшін координаталы белгі қою
машина және түпкілікті өңделген корпустық бөлшектердің өлшеуі
үшін бақылау-өлшеу машинасы енгізіледі. ИӨЖ-де корпустық
бөлшектерді өңдеген кезде әдетте дайындамаларды тасымалдауда
жерсеріктік тәсіл қолданылады. ИӨЖ-де бағдарлы технологиялық
үрдісті құру ерекшеліктерінің бірі операциялардың бір білдекте
максимал шоғырлануының қамтамасыз етуі, яғни бір қондырғы
жүзінде технологиялық өтпелердің ең көп санын орындау
мүмкіндігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: