кезең аяғында автомат екі дайындаманы бір мезгілде жасайды.
Көп айналдырғы автоматтарда өңдеу кезінде ауысымдарды
барынша қосарлауға және барлық позицияларды шашамен бірдей
өңдеу ұзақтығына жетуге тырысады; оған ең ұзақ ауысымдарды
бірнеше позицияларға сәйкес беріліс шамасын таңдай отырып, көп
құралды жөнге келтіру, біріктірілген құралдарды және т.б.
пайдалана отырып мүшелерге бөлу арқылы жеткізіледі.
1.14-суретте бір қалыпты сомынды жасау үшін төрт айналдырғы
автоматты жөнге келтіру мысалы көрсетілген. Мұндай жөнге
келтіруде материал таянышқа жеткенше екі сомынның ұзындығы
бойымен беріледі. І және ІІІ позицияларда бір қалыпты кескіштер
сомындарды үлгі бойынша егейді және бір уақытта бастапқы
жырашықты кесілген кескіштің астымен ұштайды. II және IV
позицияларда сомындарды кеседі. Бұрғылауды біріктірілген
(сатылы) бұрғылармен іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: