126
Сондықтан тізілімді тазалау үшін, мысалы CCleaner немесе
Defraggler бағдарламасын қолданған артық.
Келешекте түрлі проблемалардың алдын алу мақсатында
тізілімді кем дегенде айына бір рет тұрақты және жеке
компьютерден кез келген бағдарламалық жасақтаманы жойғаннан
кейін бірден тазалау ұсынылады.
Windows көптеген параметрлері мен рекет келтіру жүйелік
тізілімде сақталады. Өкінішке орай, Windows тізілімі қатты дискіде
сақталатын кез келген ақпарат сияқты жүйенің өнімділігін
нашарлататын
фрагментациялауға
ұшырайды.
Осындай
жағдайларда тізілім дефрагментациялау қажет.
Windows жүйелік тізілімі бағдарламалар мен құрылғылар үшін,
пайдаланушы профильдер және тағы басқалары үшін ақпаратты
қамтиды. Тізілімде жүйеге енгізілетін өзгерістердің көбін тіркейді.
Бұл ретте тізілім деректерінің бір бөлігі ОЖ жүктеу процесінде
қалыптастырылады, қалған бөлігі қатты дискіде файлдар түрінде
сақталады.
Кез
келген
файлдар,
тізілім
файлдары
фрагментациялауға ұшырайды.
Егер тізілім файлдары фрагменттелген болса, жүйелік
ттізілімге қолжеткізілім файлдар фрагментациялау дәрежесіне
пропорционалды бәсеңдейді. Бұл жалпы алғанда өнімділікке әсер
етеді. Осы
проблеманы шешу үшін тізілімді дефрагментациялау
көмектеседі. Алайда оны дұрыс жүргізу қажет, себебі тізілімді
дұрыс дефрагментациялама жүйе жұмысының істен шығуына
әкелуі мүмкін. ОЖ қайтадан орнату қажет болады.
Алайда, тізілімді дефрагментациялау және қатты дискіні
дефрагментациялау – түрлі міндеттер екенін атап өткен жөн. Қатты
дискідегі ақпаратқа жүргізілген дефрагментациялау жүйелік
тізілімге қатты әсер етпейді. Тізілімді дефрагментациялау жеке
арнайы бағдарламалардың көмегімен жүргізу қажет. Тізілімді
дефрагментациялау үшін көптеген
қосымшалар бар, мысалы:
■
Auslogics Registry Defrag;
■
System File Defragmenter;
■
Defraggler;
■
QuickSysRegDefrag;
■
Chemtable Software Registry Life.
Әрине, бұл бағдарламалар-дефрагментаторлардың толық тізімі емес.
Дефрагментациялау
функциялары
бағдарламалар-твикерлер
функцияларының тізіміне енеді (ОЖ мен бағдарламалық жасақтаманы
ретке келтіруге арналған утилита). Тізілімді дефрагментациялаудың
барлық бағдарламаларында бәрі стандартты схема бойынша өтеді. Утилита
бастапқыда фрагментациялау жәреесін анықтау үшін тізілімді сканерлейді
.
127
Тізілімді дефрагментациялау компьютердің қайта жүктелуін талап
ететіндіктен, екі опция ұсынылатын болады: тізілімді дереу
дефрагментациялаужәне компьютерді қайта жүктеу немесе келесі
рет жүктеу кезінде тізілімді дефрагментациялауды жүргізу.
Дефрагментациялау алдында кері нүктені (тізілімнің ревервтік
көшірмесі) құрайтын бағдарламаны таңдаған дұрыс немесе
дефрагментациялау рәсімі дұрыс жүрмесе, Windows тізілімін
қалпына келтіру үшін қолмен көшірме жасау керек.
Тізілімді дефрагментациялау уақыты бірнеше факторларға
тәуелді. Біріншіден, дефрагментациялау уақыты тізілімдегу
жазбалар саны және оны фрагментациялау дәрежесі әсер етеді.
Маңызды параметр – қатты дискні оқу немесе жазу жылдамдығы.
Дефрагментациялау уақыты бағдарлама-дефрагментатордың өзіне
де байланысты. Дефрагментациялау процесін тоқтатуға болмайды:
тізілімнің аяқталмаған дефрагментациялауы жүйелік ақаулықтарға
әкелуі мүмкін.
Кейбір бағдарламаларда жүйені әрдайым жүктеу кезінде
тізілімді автоматты түрде дефрагментациялау опциясы бар. Бұл
тізілімнің артық фрагменттелуіне жол бермейді: жүйелік тізілімге
қолжеткізудің бәсеңдеуімен күрестің ең үздік тәсілі –
фрагментациялау профилактикасы.
Тізілімнің кезеңмен дефрагментациялау жүйенің тез әрекет
жасауын жақсартады. Алайда, оны байқап өткізу қажет, себебі
дұрыс дефрагментацияламау салдарынан жүйелік тізілімнің
зақымдануын түзету, әсіресе резервтік көшірмесе жасалмаса, оңайға
соқпайды.
Тізілімді дефрагментациялаудан пайда қолданыстағы бар
жедел жадымен анықталады (егер жады көлемі көп болса, онда іс
жүзінде өнімділікке зарарын тигізбей, қатты фрагменттелген
тізілімді жүктеуге болады). Компьютерде жаңа бағдарламаларды
қоспа немесе жоймай, жұмыс жасалса, онда тізілім өте сирек
фрагменттеледі және осындай жүйе қандай да бір проблемаларсыз
бір жылдан артық жұмыс жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: