Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет77/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103
4.3-тәжірибелік жұмыс 
Дискіні дефрагментациялау 
Файлдарды  фрагментациялаудың  жоғары  дәрежесі  қатты  дискіні 
қосымша  іс-әрекетті  жасауға  мәжбүрлейді,    бұл  компьютер  жұмысының 
бәсеңдеуіне әкеледі. Флэш-жадының USB- құрылғысы сияқты ажырамалы 
жадтайтын  құрылғылардағы  файлдар  фрагменттелген  болуы  мүмкін. 
Дискіні  дефрагментациялау  бағдарламасы  дискілер  мен  дисководтардың 
анағұрлым  тиімді  жұмысы  үшін  фрагменттелген  ақпаратты  ретке 
келтіреді.  Дискіні  дефрагментациялау  бағдарламасы  берілген  кесте 
бойынша жұмыс істейді, алайда дискіні талдау мен дефрагментациялауды 
қолмен қосуға болады. 
1-тәсіл.Бірқатар іс-әрекетті орындаңыз.
1. Дискіні  дефрагментациялау  бағдарламасын  ашыңыз.  Ол  үшін  Іске
қосу  батырмасын  шертіңіз.  Іздеу  өрісінда  Дискіні  дефрагментациялау 
енгізіңіз,  одан  кейін  нәтижелер  тізімінде  Дискіні  дефрагментациялау  
тармағын таңдап алыңыз.
 
2.
Ағымдағы  жағдайы  бөлімінде  дефрагментациялау  қажет  дискіні
таңдаңыз
 (4.21-сурет).
 
3. Дискіні  дефрагментациялау  талап  етілетінін  анықтау  үшін  Дискіні
талдау батырмасын басыңыз.
 


143
4.
Windows дискілерге талдау жасауды аяқтағаннан кейін Соңғы
қосу  бағанасында  оның  фрагментациялау  проценті  туралы 
мәліметтер  ұсыналады.  Егер  оның  мәні  10%  болса,  дискіні 
дефрагментациялау  қажет  (4.22-сурет).Дискіні  дефрагментациялау 
батырмасын басыңыз.
 
5.
Дискіні  дефрагментациялау  уақыт  бойынша  келтіруге
болады.  Ол  үшін  Кестені  ретке  келтіру  батырмасын  басыңыз. 
Ретке  келтіру  параметрлерімен  мәзір  пайда  болады.  Осы  мәзірде 
қатті дискінің қандай кезеңділікпен дефрагментациялауды аптаның 
қай  күні  және  қай  уақытта  жүргізуді  таңдау  қажет,  сонымен  бірге 
осы процеске тартылатын дискілерді таңдап алу қажет.
 
2-тәсіл.Бірқатар іс-әрекетті орындаңыз.
1.
Іске қосу / Стандартты / Қызметтік басыңыз.
2.
Дискіні дефрагментациялау бағдарламасын таңдаңыз.
3.
Дискіні дефрагментациялау батырмасын шертіңіз.
4.
Алдымен қатты дискінің фрагментациялау жағдайына талдау
жасап, винчестерге дефрагментациялауды жүргізу қажет пе, жоқ па 
екенін  біліп  алу  керек.  Ол  үшін  Дискіні  талдау  батырмасын 
басыңыз. 
3-тәсіл.Бірқатар іс-әрекетті орындаңыз.
1.
Іске қосу / Компьютербасыңыз.
2.
Тінтуірдің  оң  жақ  пернесімен  фрагментациялау  үшін  таңдап
алынған  жергілікті  дискіні  шертіп,  Қасиеттері  командасын 
таңдаңыз. 
3. 
Пайда  болған  терезеде  Сервис  қосымшасына  өтіп, 
Дефрагментациялауды орындау таңдаңыз. 
4.
Дискіні дефрагментациялау батырмасын басыңыз.
4-тәсіл.Бірқатар іс-әрекетті орындаңыз.
1.
Іске  қосу  /  Ретке  келтіру  /  Басқару  панелі  /  Әкімшілендіру  /
Компьютерді басқару / Дискіні дефрагментациялау басыңыз.
 
2.
Қажетті дискіні белгілеңіз.
3.
Дефрагментациялау басыңыз.
5-тәсіл.Бірқатар іс-әрекетті орындаңыз.
1.
Командалық жолды жүктеңіз(cmd).
2.
Қажетті кілттермен defrag командасын енгізіңіз:

defrag<том>[-a] [-f] [-v] [-?];

том – дискінің әрпі немесе қосылу нүктесі (мысалы, d: немесе
d:\vol\mpoint);


144
 
 
 
 
 
4.21-сурет. Дефрагментациялау үшін дискіні таңдау
 
 
4.22-сурет. Дискіні талдау нәтижелері 


145

-a – тек қана талдау;

-f—  дискідегі шектелген орын кезінде дефрагментациялау;

-v – егжей-тегжейлі нәтижелер;

-? – анықтаманы шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет