Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет110/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   139
 
 
 
 
 
 
 
 
3.3. сурет.  CORBA өзара іс-қимыл схемасы 


146 
Деректерді  өңдеу  ОБЖ  əзірлеудің  перспективалық  бағыттарының  бірі 
C++, Smаlltаlk, Jаvа сияқты объектілік парадигманы қолдайтын тілдер мен 
реляциялық 
ДҚБЖ  ядросы  арасында  интерфейстерді  құру  болып 
табылады. Бұл ретте объектілерге арналған деректер реляциялық кестелер 
түрінде  сақталады,  ал  оларды  өңдеу  объектілік  тілде  жазылған 
бағдарламалық  кодта  объектілердің  əдістеріне  жүгіну  жолымен  жүзеге 
асырылады. 
Әсіресе  Jаvа  бағдарламалау  тілі  негізінде  құрылған  жүйелер 
қызығушылық  тудырады.  Осындай  технология  кроссплатформалық 
жүйелерді алуға мүмкіндік береді,  оларға арналған бағдарламалық код бір 
рет құрастырылады, содан кейін əр түрлі операциялық жүйелер ортасында 
орындалады.   
Толық  объектілік  парадигма  бойынша  құрылған  ОБЖ  əзірлеген  кезде 
мынадай ерекшеліктерді ескеру қажет: 
а)  жүйенің деректер қорында кестелер емес, объектілер сақталады
б)  мəндік  саланың  моделінде  нақты  объектілердің  əрекеттері 
көрсетіледі; 
в)  деректер  қоры  мəндік  саланың  мəндерін  де,  сондай-ақ  олардың 
өзара іс-қимыл жəне жұмыс істеу қағидаларын да көрсетеді
г)  мəндік  саланың    белгіленген  сыныптары  негізінде  əзірлеуші  жаңа 
деректер типтерін құрып,  оларды өңдеу қағидаларын белгілей алады.  
ОБЖ кемішілктері ретінде мынадай ерекшеліктерді атап өту қажет: 
а)  ОБЖ-да объектілермен əрекеттерді жасаудың дамыған рəсімдік емес 
құралдары  жоқ.  Мысалы,  объектіні  іздестіру  жəне  оның  деректерін 
өзгерту  үшін бағдарламалық кодты объектілік тілде жазу  қажет
б)  Сілтемелік  тұтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  объектілік  тілдегі 
арнайы  бағдарламалық  қамсыздандыруды  əзірлеу  қажет,  өйткені 
объектілік  модельде  бастапқы  жəне  сыртқы  кілт  деген  ұғымдар  жоқ. 
Объектілер  өзара  «суперсынып  —  кіші  сынып»  қатынасы  түріндегі 
иерархиялық қағидат бойынша байланыстырылған. 
Гипермəтіндік 
ақпараттық 
жүйелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет