32
Объектілік-бағдарланған тəсілдеме сыныптар арасындағы белгілі
бір өзара іс-қимыл механизмдерін пайдалануды жəне оларды құруды
көздейді.
2.2. сурет.Мұралану
Осындай базалық механизмдерге: мұралануды, инкапсуляцияны жəне
полиморфизмді жатқызу қажет.
Мұралану — бұл бір сыныптың екінші сыныпқа өз атрибуттері
мен операцияларын беру қабілеті. Операциялар мен атрибуттерді
қабылдайтын объект, төменгі сынып деп, ал объекткөзі – суперсынып
деп аталады. Нəтижесінде иерархиялық құрылым пайда болады (2.2
сур.).
Мұралану бұрын əзірленген деректерді өңдеу алгоритмдерін
пайдаланып, төменгі сыныптарға жаңа атрибуттер мен операцияларды
қоса отырып, жүйені жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Иерархия басында «Ортақ арғы ата » - абстрактілік объект
қойылады. Егер объектілер иерархиясында суперсынып болып
табылмайтын объектілер бар болса, олар парақты деп аталады.
Инкапсуляция сыныптарда атрибуттер мен операцияларды
жинақтау үдерісі болып табылады.
Полиморфизм — бұл объектілердің бір аттас, бірақ əр түрлі
əрекеттерді орындайтын əдістерді қамту қасиеті. Бұдан əрі
полиморфтық əдістерді шақырту үлгісі келтірілген:
А.сыныбы F операциясы ();
Б.сыныб ы F опер ацияс ы ();
Визуалды əзірлеу технологиясы ақпараттық жүйе үшін
— суперсыныпқа сілтеу; — сыныптың атрибуты; —
сыныптың операциясы;
Достарыңызбен бөлісу: