83
Бұл ретте əр мəнде ақпараттық жүйені əзіреушінің көзқарасынан мəнді
болып табылатын атрибуттер жинағын белгілейді.
Тұжырымдамалықмодель белгілі бір ДҚБЖ шеңберіндегі деректер
қоры түрінде құрылған модельді физикалық іске асыру үшін
пайдаланылады. Мəндік саланы ER əдіснамасы бойынша талдаған кезде
түрлі нотациялар қолданылады. Стандарттық нотация ретінде IDEFX1
пайдаланылады.
IDEF1X əдіснамасында мəндер екі типті болады: тəуелді жəне тəуелсіз
(2.13-сурет).
Мəннің əр данасын оның басқа мəндермен қатынастарын анықтаусыз
бір мағыналы сəйкестендіруге болатын болса, мұндай мəн
тәуелсіз болып
табылады.
Егер мəннің данасын бір мағыналы сəйкестендіру оның басқа мəндерге
қатынасына байланысты болса, мəн
тәуелді деп аталады.
Әр мəнге бірегей сəйкестендіргіш – ат беріледі.
Мəндер əзірлеуші мəндік саланы талдаған кезде белгілеген қасиеттер -
атрибуттер жинағына ие. Атрибуттер мəндер блогының ішіндегі аттар
тізімі түрінде бейнеленеді. Бастапқы кілтті белгілейтін атрибуттер тізімнің
басында орналастырылады жəне басқа мəндерден көлденең сызықпен
бөлінеді (2.14 сурет).
Мəндер
арасында
сəйкестендірмейтін
жəне
сəйкестендіруші
байланыстарды ажыратады.
Сәйкестендірмейтін байланыстар тəуелсіз
мəндер арасында құрылады. Сəйкестендіруші байланыстар тəуелді жəне
тəуелсіз мəндер арасында туындайды.
Бұдан басқа, мəндер арасындағы байланыстар: «біреуі біреуге», «біреуі
көбіне», «көбі көбіне» болуы мүмкін.
2.24-кестеде IDEFX1 нотациясындағы байланыстар үшін шартты
белгілер көрсетліген.
«Біреуі көбіне» байланысты құрған кезде, егер ол сəйкестендіруші
болмаса, онда «Біреу» тарапынан болжамды кілт «Көп» тарапындағы
мəннің атрибуттеріне көшеді.
Мəннің аты
2.13-сурет. IDEFX1 нотациядағы
міндер типі
2.14-сурет. Мəннің құрылымы
Негізгі атрибуттер
Атрибуттың аты 1
Атрибуттың аты 2
Достарыңызбен бөлісу: