13
белгілерін бөліп шығаруға мүмкіндік беретін индекстеу рəсіміне
тартылады. Осындай жүйелердің пайдаланушылары тиісті құжатты
табу үшін арнайы іздестіру тілінде іздестіру ұйғарымын құруы тиіс.
Жаһандық Интернет желісінде үлестірілген ақпараттық
жүйелерді құжатты жүйелердің бір түрі деп есептеуге болады.
Осындай
жүйелердің
негізі
гипермəтіндік
құжаттардың
технологиясын пайдалану болып табылады. Мəтін əдетте жекелеген
беттер түрінде сақталатын үзінділерге бөлінеді. Беттер мағыналық
қағидат бойынша сайттарға біріктіріледі. Сайттардағы беттер бір-
бірімен сілтемелер арқылы байланыстырылған. Нəтижесінде өзара
байланыстардың сызықтық емес схемасы пайда болады.
Гипермəіндік ақпараттық жүйелер желіде Wоrld Widе Wеb
(WWW) ғаламтор түрінде іске асырылған. WWW ақпараттық жүйесі
қазіргі уақытта кеңейтілген гипермедиялық технологияны іске
асыруда. Гипермедиялық құжаттар сілтемелер арқылы мəтіндік
құжаттарға да, сондай-ақ графикалық, бейне-, аудиодеректерге де
жүгінуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: