152
7.3- сурет. Windows Vista и Windows 7 кәдімгі жүйесінің каталогтар
құрылымы
Windows Vista және Windows 7 тобының операциялық жүйелерінде
каталогтар құрылымы Windows XP салыстырмалы түрде өзгерді (7.3-
сурет).
Profiles каталогының орнына Users каталогы қолданылады. All Users
папкасы жоғалып кетті, оның орнына жүктелім дискісінің түбір
каталогында ProgramData папкасы пайда болды. Ал Users каталогында
алдыңғы нұсқамен үйлесімділікті сақтау үшін ProgramData папкасына
көрсететін All Users атты сілтеме пайда болды. Default папкасы, енді
Default User папкасының орнына қолданылады, ал Users папкасындағы
үйлесімділік үшін Default пакасына Default User сілтемесі жасалды.
Қалған файлдық жүйе құрылымында елеулі өзгерістер болмады және
өзінің бұрынғы ұйымдастырылуын сақтап қалды.
Достарыңызбен бөлісу: