Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет16/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   220
16
 
 
 
мүмкіндігін 
жоққа 
шығармайды. 
Басқа 
сөзбен 
айтқанда 
бірпайдаланушыға  операциялық  ондық  жүйе  көпмақсатты  болуы 
мүмкін.  
 
Көппайдаланушылы  ОЖ.  ОЖ  бұл  түрі  көп  пайдаланушылардың 
бір  мезгілдегі  жұмысын  қатар  қамтамасыз  етеді,  файлдық  жүйемен 
және  сеанстарды  қолдау  жүйесімен  жүзеге  асатын  атқарымдар 
жинағын  біршама  кеңейтеді.    Көптеген  пайдаланушыларды  қолдау 
төмен  деңгейде  кіріс/шығыс  жүйесінде  және  процестерді  басқару 
жүйесінде көрінеді.
 
Пайдаланушылардың  сеанстарын  басқару  жүйесінің  құрамына 
пайдаланушыларды  идентификациясы  және  аудентификациясының 
құралы  кіреді.  Ол  әр  сеансты  нақты  және  виртуал  терминалмен 
байланысын  қамтамасыз  етеді,  сеанстың  бастапқы  ақпараттық 
ортасының инициализациясы құралынан тұрады және сеанс деректерін 
қорғауды қамтамасыз етеді. 
 
Көппайдаланушылы ОЖ файлдық жүйесі файлдар мен каталогтарға 
қолжетімділіктерді  шектеуді  қамтамасыз  етеді,  оған  негіз  сеанстарды 
басқару  жүйесінен  алынған  пайдаланушылар  идентификаторы. 
Файлдық  жүйеде  әр  файл  мен  каталог  оған  пайдаланушылар 
қолжетімділік құқығын анықтайтын ақпараттық бұғатпен бірге жүреді.   
Пайдаланушыға дерек тек өзіне ғана қолжетімді болатындай, файлдар 
мен  каталогтардағы  деректерді  басқа  пайдаланушылар  тек  өзгерту 
емес,    тіпті  оларды  оқи  алмайтындай  етіп  пайдаланушы  құқығын 
анықтау  мүмкіндігін  ұсынады.    Дегенмен  бір  ақпаратқа  ортақ 
қолжетімділік  қажеттілігі  туындағанда  бір  ақпарат  жинағына  бірнеше 
пайдаланушылардың оқуы немесе жазу мүмкіндігі ашылу ықтимал. 
 
Кіріс/шығыс  буферленуі  мен  құрылғыларға  тікелей  қосылудан 
басқа 
көп 
пайдаланушысы 
бар 
ОЖ 
кіріс/шығыс 
жүйесі 
пайдаланушылардың  құрылғыларға  қолжетімділігін бөлуді  басқарады, 
яғни құрылғылармен бөлінетін реурстар секілді басқарады.   
Әдетте көп пайдаланушылы ОЖ бірнеше пайдаланушылардың көп 
бағдарламасын  бір  мезгілде  жүзеге  асыруын  қамтамасыз  ететіндіктен 
олар көпмақсатты болып та саналатынын ескерген жөн.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет