Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет38/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

31
 
 
мультимедиалық  атқарымдардың  кең  қолдауына,  жүйені  қайта 
қалпына  келтіру  қызметіне,  көне  бағдарламалар  мен  ойындармен 
жақсартылған үйлесімділікке ие болды.
 
2006  ж.  Windows  Vista  операциялық  жүйесі  жарыққа  шықты.  Бұл 
жүйе DirectX негізінде жаңа пайдаланушы интерфейсін Windows Aero 
қолдады,  User  Control  (UAC)  жүйесі  пайда  болды.  Іс-әрекеттерді 
бақылау  Data  Execution  Prevention  және  Address  Space  Layout 
Randomization (ASLR) және т.б. эксплойттарын қолданудың алдын алу 
технологиясы қолданылды.
 
Көптеген жаңадан енгізілулерге қарамастан бұл нұсқа кең талқыға 
түсті және әлем бойынша кең қолданысқа ие болған жоқ. Осы нұсқаны 
алмастыру ретінде 2009 жылы Windows 7 операциялық жүйесі шықты. 
Бұл  жүйе  жаңа  DirectX  11-нұсқаға  ие  болды,  ескі  қосымшалармен 
үйлесімділігі  артты  (Windows  Vista  салыстырғанда),  жүйенің 
пайдаланушылық интерфейсі өзгеріске ұшырады және т.б.  
2012  ж.  Microsoft  фирмасы    Windows  8  операциялық  жүйесін 
шығаруға  дайындады.  Бұл  жүйе  құрамындағы  ерекшеліктер  дауысты 
тану 
механизмдерінде 
қосымша 
жақсартулар 
бар, 
зиянды 
бағдарламалардың енуінен қорғайтын жақсартылған жүйе, интерфейсі 
өзгерген,  Windows  Phone  7  мобильдік  нұсқасының  интерфейсіне 
ұқсайды, және т.б. 
 
Операциялық  жүйелердің пайдаланушыларға  арналған  нұсқасынан 
бөлек  Windows  топтары  серверлерге,  деректерді  өңдеудің  үлкен 
орталықтарына  арналған  арнайы  нұсқалары  бар.  Пайдаланушыларға 
арналған  әр  жаңа  Windows  нұсқасы  шыққанда,  әсіресе  Windows  NT 
ядросы  негізінде,  операциялық  жүйенің  серверлік  нұсқасы  қатар 
шығады  (іс  жүзінде  сол  ядрода).    Осылайша  келесідей  серверлік 
нұсқалар шықты, Windows Server 2003, Windows Server 2008, Windows 
Small Business 2008, Windows Server 2008 R2, Windows Server 8.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет