187
Егер Windows ОЖ монитор немесе видеоплата үшін драйверлерді таба
алмаса, онда жаңару жиілігін 60 Гц тең деп орнатты.
Егер монитор тізімде
Белгісіз дисплей немесе
Стандартты дисплей
ретінде белгіленсе, өзгертулер жасау керек, кері жағдайда операциялық жүйе
монитордың сыну мүмкіндігі болғандықтан экранның ең жаңаруының ең
жоғары жиілігін (75 Гц) таңдауға мүмкіндік бермейді.
Видеокарта үшін жаңа драйверлер орнату қажет. Ол үшін мониторды
немесе видеокартаны өндірушінің сайтына кіріп «туған» драйверінің жаңа
нұсқасын жүктеп алу керек. Мұндай әрекеттер әдетте видеожүйенің
жұмысымен байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Принтерлердің ақаулықтарын диагностикадан өткізу.
Ағынды принтердің
механикалық ақаулары қолайсыз шуға әкеліп соқтырады. Ақаулықтарға
механизм бұзылғандығы жатады:
■
каретканың орын ауыстырулары;
■
қағаздың орын ауыстырулары;
■
қағазды беру.
Ағынды принтер шүмегі мен картриджінің беті уақыт өте келе сия
тамшыларымен және қағаз түктерімен ластанады, соның салдарынан басып
шығару сапасы төмендейді. Шаң каретканың орын ауыстыру механизмінің
бағыттауышында оның орын ауыстыруын қиындатып жиналады.
Шүмектің ішінде сияның кеуіп кетуін болдырмау үшін принтерді
қоректену батырмасымен сөндіру керек. Егер пайдалану кезінде ашасын
желіден жұлып алса немесе кернеудің апаттық сөнуі жағдайларында аралық
позицияда қалып қойған басып шығарушы ұшында сияның қарқынды кеуіп
қалуы жүреді. Ағынды принтерлердің көптеген модельдерінде парковка
режимі болады, ол кезде басып шығарушы ұшы принтер ішінде бастапқы
қалыпқа келеді, ол сияның кеуіп қалуынының алдын алады. Кейбір ағынды
принтерлерде шүмектерді тазалайтын арнайы құрылғылар болады.
Ағынды принтерлер төмен кернеуді мүлдем «көтере» алмайды, ол
принтердің бұзылуына әкеледі немесе басып шығарушы картридждердің
сынуын туғызады. Төмен кернеу кезінде басып шығару әрекеті кезіндегі
қарапайым жағдай – принтер алғашқы бірнеше қағазды басып шығарады,
содан соң тоқтайды және қате туралы хабарлама шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: