Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


 Денелерді үйкеліс арқылы электрлендіру



Pdf көрінісі
бет117/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   302
2. Денелерді үйкеліс арқылы электрлендіру. Тәжірибелер денелерді жа-
настырып, бір-біріне үйкегенде олардың 
электрленуінің екі түрі болаты-
нын көрсетеді (сурет 4.1). Оған төменде сипатталған тәжірибелер арқылы 
көз жеткізе аламыз. Жұқа металл үлбірінен жасалған екі жеңіл цилиндрді 
бір-бірінен алшақтау ілейік (сурет 4.2). Эбонит таяқшасын жібек матаға 
үйкелеп электрлендірейік те (сурет 4.1, 
а), цилиндрдің біреуіне эбонитті, 
екіншісіне жібек матаны жанастырайық. Сонда цилиндрлер бір-біріне тар-
тыла бастайды (сурет 4.2, 
а). Ал егер екі цилиндрге де электрленген матаны 
жанастырсақ, олар бір-бірінен алшақтайды (сурет 4.2, 
ә). Нақ осындай көрі- 
ніс  екі  цилиндрге  электрленген  эбонит  таяқшасын  жанастырғанда 
да  орын  алады  (сурет  4.2, 
б).  Енді  эбонитті  жібекке,  шыныны  қағазға 
үйкелеп  (сурет  4.1,  ә),  цилиндрдің  біреуіне  эбонитті,  екіншісіне  шыны 
таяқшаны  жанастырайық.  Бұл  жағдайда  да  цилиндрлер  бір-біріне  тар-
тылады (сурет 4.2, 
а).
 Сурет 4.1. Үйкеліс арқылы заттарды электрлендіру
ә)
ә)
а)
б)
 Сурет 4.2. Электрленген денелердің әрекеттесулері
а)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


90
Сонымен,  тәжірибелер, 
біріншіден,  эбонит  таяқшада  бір  түрлі,  ал 
шыны таяқшада екінші түрлі электрленудің пайда болғанын көрсетеді; 
екіншіден,  бірдей  электрленген  денелердің  бір-бірінен  тебілетінін,  ал 
әртүрлі электрленген денелердің бір-біріне тартылатынын дәлелдейді.
Әртүрлі  денелерді  бір-біріне  жанастырып  үйкелеу  жолымен  элек-
трлендіру амалын жанастырып үйкеліс арқылы электрлендіру тәсілі 
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет