32
гия көздерін пайдаланған жағдайда Қазақстан өнеркәсібінің жыл сайын
ауаға тарататын көмірқышқыл газын 2,5 миллион тоннаға дейін азай-
туға болады. Жоспарлаған межеге жету үшін елімізде жел электр стан-
сылары (ЖЭС) мен күн электр стансыларын (КЭС) салу жұмыстары
қарқынды жүргізіле бастады. Бірінші кезектегі қуаты 1 500 кВт бола-
тын ең алғашқы ЖЭС Жамбыл облысының Қордай асуында 2011 жылы
салынды (сурет 1.12,
а). Қордай ЖЭС-іне 2014 жылы 9 жел генераторы
қосылып, оның жалпы қуаты 9 МВт-қа жеткізілді. Оның үстіне қуаты
41 МВт болатын 2-Қордай ЖЭС-і де салынып, ток беруге дайын тұр. Со-
нымен қатар 2013 жылы қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-нің
алғашқы қазығы қағылып жұмыс істей бастады.
2013 жылы Алматы облысында қуаты 2 МВт болатын Қапшағай
күн электр стансысы іске қосылды (сурет 1.12,
ә). Бұл стансыда күн
панельдерінің бетін көк аспанда қозғалған Күнге ілестіре бұрып отыратын
технология қолданылды. Күннің сәулелік энергиясын электр энергия-
сына айналдыруда кремний элементі негізгі материал болып табылады.
Қазақстан – бұл элементке де бай ел. Оны шығаратын зауыт Қарағандыда
2017 жылы іске қосылып, өнім бере бастады.
Күн және жел энергиялары стансыларын салуда жергілікті өнімдер мен
материалдарға негізделіп шығарылған жабдықтарды пайдалану бірінші
орында тұр. Солармен қатар отандық ғалымдардың өнертапқыштық
әлеуетіне, шығармашылық күш-қуатына арқа сүйеу көзделеді. Бұл өз
кезегінде терең білім мен біліктілікке сүйенген ғылыми-техникалық
және технологиялық зерттеулерді талап етеді. Оған сенің де қосарың бар,
жас жеткіншек!
Достарыңызбен бөлісу: