208
ПРОЕКТ
ру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар – қатерлі
ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және
аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.
Алайда ультрадыбысты ұзақ уақыт қабылдау адамның нерв жүйесіне
әсер етеді: қанның құрамы, сапасы және қысымын өзгертеді; бас ауруын
тудырады, есту қабілетін нашарлатады.
Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарғанаттар және басқа да
тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарғанаттың ультрадыбыстық
гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және
гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген. Олар ультра-
дыбыстарды шығару арқылы өзінің ұшу бағытын және қажетті қорегін
таба алады.
Достарыңызбен бөлісу: