84
ПРОЕКТ
2. Параллелограмм ережесі бойынша екі векторды қосқанда, олардың тең-
әрекетті векторы қосылғыш векторлардың ең кішісінен кем бола ала ма?
3. Денеге модульдері өз қалауларың бойынша алынған әртүрлі екі күш
әрекет етеді. Осы күштердің теңәрекетті векторының модулі мен ба-
ғыттарын мына шарттарға сәйкес анықтап, суреттерін салып көрсе-
тіңдер: 1) күштердің бағыттары бірдей; 2) күштер қарама-қарсы ба-
ғытталған; 3) әр күштер бір-біріне перпендикуляр бағытталған.
4. И.А. Крыловтың «Ал жүк әлі де орнында!» де-
ген мысқылындағы әр жаққа тартқан аққу мен
шаянның және шортанның тарту күштерінің
(сурет 3.13) теңәрекетті күшінің нөлге тең бо-
латын жағдайын координаталар өстеріндегі про-
екцияларын салып көрсетіңдер.
5. Көрсетілген денелерге қарап (суреттер 3.14–
3.16), әр сурет үшін мына сұрақтарға сапалы
жауап жазыңдар: 1) денеге қанша және қандай
күштер түскен? 2) дене қалай қозғалады? 3) тең-
әрекетті күш қалай бағытталған? Неге?
Достарыңызбен бөлісу: