138
ПРОЕКТ
Жаттығу 4.2
1. Адам мінген арба түзу жолда 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді.
Адам арбаның қозғалысына қарсы горизонталь бағытта 1 м/с жылдам-
дықпен секірді. Адам секіріп түскеннен кейін арба қандай жылдам-
дықпен қозғалды? Адамның массасы арбаның массасынан 1,5 есе үлкен.
Үйкеліс ескерілмейді.
2. Зертханалық зымыранның массасы 200 г, оның ішіндегі жанғыш зат-
тың массасы 30 г. Жанғыш зат лезде жанып, бөлінген газ да соплодан
100 м/с жылдамдықпен лезде шықса, зымыран қандай жылдамдық
алады?
3.
Ох
өсінің бойымен массасы 1 кг дене 2 м/с жылдамдықпен қозғалады.
Қозғалыс бағытында денеге 2 с бойы 4 Н күш әрекет етеді. Күш әрекеті
аяқталғаннан кейінгі дененің жылдамдығын анықтаңдар.
4. Зымыранның қозғалтқышына жанғыш отын құрамы 200 м/с жыл-
дамдықпен беріледі, ал ыстық газ соплодан 500 м/с жылдамдықпен
шығады. Қозғалтқыш әр секунд сайын 30 кг жанғыш отын жұмсаса,
оның реактивті күші қандай болады?
5. Массасы 10 т ғарыш кемесі 9 км/с жылдамдықпен қозғалып келеді.
Кемені Жерге оралту мақсатында тежеу үшін қозғалтқыш оның қозғалу
бағытына қарай зымыранға қатысты 3 км/с жылдамдықпен 1450 кг
жану өнімін шығарады. Тежелуден кейінгі зымыранның жылдамдығы
қандай?
Достарыңызбен бөлісу: