360
Эритроциттердің гемолизі транзиторлық сарғаюымен білінеді, егер
сарғаю өмірінің үшінші күнінен соң басталса физиологиялық болып
табылады.
Нәрестенің эритроциттері полихромотофильді, әртүрлі көлемді
(анизоцитоз), макроциттері басым болады.
Ретикулоцитоз алғашқы сағаттарда 2,2 – 4,2%-ға жетеді, ал
үлкендерде және 1 айдан асқан баланың ретикулоциттер саны 0,6–0,8%.
Қалыптыда қанда эритроциттердің ядролық түрі – нормобласттар
болуы мүмкін.
Нәрестелердің лейкоцитарлық формуласы ерекше. Лейкоциттердің
жалпы санының ауытқу диапазоны:
өмірінің бірінші күндері – 10-30*
10
/л;
өмірінің 2-ші аптасынан – 10-12*
10
/л.
Туғанда пайда болған нейтрофилез (нейтрофильдер санының көбеюі),
лейкоцитарлық формуланың солға миелоциттерге дейін ығысуы жылдам
төмендей бастайды, ал лимфоциттердің саны көбейеді. Өмірінің 5–6
күнінде нейтрофильдер мен лимфоциттер саны теңесіп, 40-45%-ды
құрайды (
алғашқы физиологиялық қиылыс
) (сурет 11-6).
Осы уақыттан бастап лимфоциттер саны 50-60% тең, 5 жасқа дейін
қалыпты көрсеткіш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: