Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет160/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   167
ЭТИОЛОГИЯ  ЖӘНЕ  ПАТОГЕНЕЗІ
Психопатияның  патогенезі  мен  этиологиясын  зерттеу  оларды  сипаттау 
кезеңінен  басталды.  Зерттеуде  екі  негізгі  бағыт  аныкталды.  Психопатия  бір 
жағынан, тұлғаның конституционалды типімен байланысты, ал екінші жағынан
психопатия  дамуындағы  әр түрлі  сырткы  факторлар  әсерінің  мәнін  аныктау 
аркылы карастырылды. Психопатияға тұлғаның конституционалды касиеттерінің 
көрінісі ретіндегі көзкарас олардың тұкым куалаушылыкпен байланыстылығына 
негізделді.  Мұндай концепцияның  пайда  болуына ХХ ғ.  басындағы тұлғаның 
конституциялык ерекшеліктері жөніндегі ілімнің дамуы, жеке конституциялык 
типтер мен эндогенді психикалык аурулардың арасындағы байланысты табуға, 
конституция типін тұлғаның психикалык корымен байланыстыруға бағытгалған 
талпыныстар септік етті. Дегенмен  мұндай концепция психопатия дамуының 
тікелей механизмдерін айкындамады, ал адамның психикалык ерекшелікгерінің 
оның дене бітімімен байланыстылығы жөніндегі пікір колдау таппады.
Психопатияны  зерттеуде  сырткы  орта  факторларын  бағалау  екі  бағытта 
жүргізілді.  Батыс мамандары Фрейд теориясын ұстанды, олар сырткы фактор- 
ларды  тұлғаның  санаға  бағынбайтын,  санадан  тыс  конфликтілерінің  күшеюі 
үшін  сылтау,  ал  психопатияның  психопатологиялык көріністері  — тұлғаның 
корғаныс  механизмі  ж әне  адаптация  тәсілі  деп  карастырды.  Бұл  механизм 
жүріс-тұрыстың  криминалды  формаларын түсіндіруде де колданылады.  Кри- 
миналды жүріс-тұрыспен ерекшеленетін тұлғаларды олар психопатияның анти- 
социалды түрі деп атады.  Психопатияның антисоциалды формасын жеке карау 
карапайым әдістемелік және ғылыми талапка сәйкес келмейді. Жүріс-тұрыстың


Этиология және  патогенезі
245
жеке аспектіне сүйеніп,  арнайы форманы  бөлу мүмкін  емес,  өйткені антисо- 
циалды жүріс-тұрыс көптеген себептерге байланысты  болуы мүмкін.
Психопатияның  мәнін  зерттеуде  отандык  психиатрлар  аралас  ғылымның 
соңғы жетістіктеріне,  әсіресе нейрофизиология  іліміне сүйенеді.  Адам жүріс- 
тұрысының  нейрофизиологиялык  негізін және  оны зерттеу жолдарын түсіну 
үшін И.П.  Павлов ілімі және оның шәкіртгерінің зертгеулері жаңа мүмкіндіктер 
ашты. Тұлғаның дисгармониялы, психопатиялык калыптасуын ОЖЖ-нің даму 
акауларымен  байланыстырды.  Біркатар  зерттеулер  пренатальды  кезеңде әсер 
ететін  көптеген  экзогенді  факторлар  жиі,  бертін  келе  психопатиялык тұлға 
калыптасуына алып келетіндігін көрсетті.  Психопатиялык көріністермен катар, 
ОЖЖ закымдануының  айкын  белгілері  байкалатын  жағдайлар  органикалык 
психопатия деп аталады.
Тұлғаның калыптасуына барлык жағдайда тұкым куалаушылык және баска 
да факторлар әсер етеді.  Оларға,  ең алдымен, психологиялык және де әр түрлі 
постнатальдык зияндылыктарды жаткызуға болады. Тұлғаның үйлесімсіз дамуы 
факторлар  жиынтығының  әсерімен  аныкталады.  Мұндай  кешенді  әсердің 
этиімділігі көпжакты болуы мүмкін. Бұл әр фактордың патогенділік дәрежесіне, 
тұлғаның  кандай-да  бір  дисгармониялык  сипатыныщ  түзілуіндегі  олардың 
әсерінің  мәніне байланысты. Арнайы зерттеулер  ОЖЖ-нің пре және постна- 
тальды  деффектілері  кездесетін  тұлғалардағы  жүріс-тұрыстың  патологиялык 
формалары жиі ол адамдардың жайсыз психологиялык жағдайда тәрбиеленгенде 
дамитындығын  көрсетті.  Сонымен  катар  баланың  психологиялык  климаты 
жайлы отбасында дамуы дефект компенсациясына ыкпал етгі. Зерттеулер толык 
емес  жанұяда,  жанұядағы  ауыр  конфликтілі  ситуация  жағдайында  тәрбие- 
ленгендер арасында салыстырмалы түрде психопатиямен ауыратын адамдардың 
пайызы жоғары екендігін көрсетілді.  Бала мінезінің ерекшеліктері калыптасуы 
үшін  ата-анасының  баласымен  тікелей  өзара  катынастарының  маңызы  зор. 
Баланы шамадан тыс корғаштау психастениялык белгілердің дамуына, «отбасы 
кумирі»  типі  бойынша  тәрбиелеу  истериялык  белгілердің  дамуына  септігін 
тигізеді.  Баланың кызығушылыктары мен кажеттіліктерін елемеу,  эмоциялык 
жылылык таныгпау, «Золушка» типі бойынша тәрбиелеу астениялык белгілердің, 
аффективті козғыштыктың және т.б. түзілуіне алып келеді. Осындай токсико- 
органикалык, генетикалык, психологиялык факгорлардың тұлға дамуына әсер 
етуі  оны ң  психологиялы к  касиеттерінің  бірінің  гипертроф иясы н,  ал 
екіншілерінің тежелуін туындатуы мүмкін,  нәтижесінде дисгармониялы тұлға 
калыптасады.  Психопатия түзілуінде осы  аталған  факторлардың  катыстылык 
дәрежесін  аныктау жиі киындык тудырады.  Жайсыз  психологиялык фактор- 
лардың  (жанұя  ішілік катынастар)  басым  әсерін  ескере  отырып,  шеткі,  жүре 
пайда  болған  психопатиялар;  түзілуінде  негізгі  рөлді  тұкым  куалаушылык 
алатын  —  ядролык ж әне  конституциялык  (О.В.  Кербиков)  психопатиялар 
ажыратылды.
Психопатияның нейрофизиологиялык негізін түсіндіруде И.П.  Павловтың 
жоғарғы жүйке кызметінің типтері және  бейнелік және абстрактылы ойлауға 
байланысты бірінші және екінші сигналдык жүйенің үйлесімді кызметі жөніндегі 
еңбегі  маңызды  орын  алады.  Осы  мәліметтерге  сүйеніп,  психопатияның


246
XIV Тарау.  Психопатиялар
психастениялык ж әне  истериялык  сиякты  жеке  формаларына  түсініктеме 
берілді. Психастениялык түрі екінші сигналдык жүйе жоғарғы жүйке кызметінің 
жағдайы кыртыс асты аймағының белсенділігінің басымдығымен және бірінші 
сигналды к  жүйенің  салыстырмалы  әлсіздігімен  сипатталады.  О Ж Ж -нің 
кұрылымдык-функциялык кұрылымы  кызметінің  мұндай  аракатынасы  абст- 
рактылы  ойлау  басымдылығына,  шынайылыкпен  байланыстың  әлсіреуіне, 
өз әрекеттеріне сенімсіздікке әкеп  соктырады.
Истерия кезінде кыртыс асты және бірінші сигналды жүйенің басым болуы 
айкын эмоционалдылыкты және коршаған ортаны, шынайылыкты кабылдаудың 
бейнелі сипатын байкатады. Жоғары аффекгивті кызукандылык психопатияның 
истериялык  формасымен  сыркат  адамдардың  ойлау ж әне  жүріс-тұрысында 
көрініс береді.
Психопатияны зерттеудің  баска жолдары  Батыста,  әсіресе,  АҚШ   пен Ан- 
глияда — психодинамикалық.  Фрейдизмнің әдіснамалык позициясы  бойынша 
кұрылған осы концепцияға сәйкес, психопатиялык мінез-кұлык дамудың ерте 
сатыларына фиксацияланумен байланысты.  Бұл механизмдердің түзілуі жанұяда 
бала  мен  ата-анасының  ерекше аракатынасының  нәтижесінде пайда  болады. 
Фиксацияны,  комплекстер  мен  корғаныстык  психологиялык  механизмдерді 
тудыратын генетикалык факгорлар бар, олар психопатологиялык көрініс түрінде 
немесе криминалдык жүріс-тұрыс ретінде көрінеді.
Дегенмен, осы болжамдар ғылыми дәлелдемесіз ой корыгатын психологиялык 
әдістер аркылы айкындалады.  Бұл жағдайда тұлғаның патологиялык түзілуінің 
негізгі көзі болып табылатын отбасы әлеуметтік жағдайдан тыс және отбасының 
психикалы к  клим аты на  ж алпы   әлеуметтік  ыкпалды   ескерм ей,  ж еке 
карастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет