Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет76/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   167
Ипохондриялық  сандырақ 
тақырыбы  —  ауыр,  дауасы  ж оқ  дерттің  бар 
екендігіне сенімділік.
Өзін-өзі кінәлау жзне өзін-өзі кемсіту сандырацтыц идеялары ипохондриялық 
және депрессиялық  күймен  бірге жүреді.  Науқастың  пікірі  бойынша,  оның 
бүкіл өткен өмірі күнәға толы деп санайды; өздерін кінәлайды, өкінеді.
Егде  жастағы  науқастарда  ипохондриялық  тақырыппен  депрессиялық 
сандырақ  мегаломаниялық сипатта  жеңіл  өтеді.  Бұл  сандырақ  мазмұны  бой- 
ынша  нигилисттік  немесе  теріске  шығару  сандырағы  деп  аталады.  Мысалы, 
науқас  өзінде асқазанның  ауыр ауруы  барын,  оның өлімге алып келетіндігін; 
одан  әрі  асқазаным  жоқ,  ол  шірікке  айналды,  орны  бос  қалды;  көп  ұзамай 
науқастың  өзінің  жоқ  екендігі,  ол  —  тірі  өлік,  тірідей  ыдырап жатқандығын 
естиміз;  кешірек —  еш  нәрсе қалмайды:  әлем,  өмір,  өлім де жоқ (Котар син­
дромы).
Ипохондриялық сандыраққа сипаты жағынан ұқсас жас кезде басталатын 
(жасөспірім  шақта)  дисморфомания  болып  табылады.  Д исморфоманияны 
ф изикалы қ  жеткіліксіздік  бар  екендігіне  немесе  жағымсыз  иістерді  (ішек 
газы, зәр, тер т.б.) таратушы екеніне сандырақтық сенім ретінде қарастыруға 
болады.
Кемтарлық түсінігі  әдетте дененің  көрінетін  бөліктеріне  қатысты  болады: 
мұрынның, кұлақтың, тістердің, қол-аяқтың және т.б. формасы немесе көлемі. 
Толық түзілген дисморфоманияға мыналар тән:
1) жабырқаулы көңіл-күй;
2) өз күйзелістерін жасыру;
3) жалған  ақауды  түзеуге  бағытталған  белсенді  әрекеттер  (хирургиялық 
операцияға дейін);
4) қатынас идеясының пайда болуына және дамуына бейімділік.
Көтеріңкі  көңіл-күйге  ұлылық  сандырақтық  идеясы,  байлық  сандырағы
сәйкес келеді. Науқас — әлем әміршісі, барлық ұлы жаңалықтарды ашқан, өмір 
эл и кси р ін   ойлап  тапқан ,  perpetuum  mobile,  П уш кин  ж ән е  Толстой 
псевдонимдерімен барлық кітаптарды жазғанын, ертегідей байлық иесі екендігін 
айтады.  Кейде  жеке  монотематикалы  шығармашылық  сандырағын  байқауға 
болады.  ¥лы лы қ сандырағы үдемелі салданудың экспансивті формасына,  па- 
раноидты шизофренияның кеш сатыларына (сандырақ дамуының парафренді


136
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
сатысына) тән,  маниакальды-депрессивті психоздың маниакальды фазасында 
бақыланады.
Ертеден  келе  жатқан  жіктеу  бойынша  ілкі  ж әне  салдарлық  сандырақты 
бөлеміз.  Ілкі  сандырацта  психиканың  патологиялық  өнімдері  сандырақтық 
түрде  дамиды.  Салдарлыц  сандырацта  ой  түйіндеу  өзгерген  фонда  дамиды, 
мысалы, ауруда қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған 
сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар; ес бұзылысымен егде жастағы 
науқастар киімін, ақшасын қайда қойғанын есінде сақтай алмайды, бұл екіншілік 
сандырақ түзілуіне негіз болып табылады.
Сандырақ  сонымен  қатар,  жүйеленген  және  жүйеленбеген  болып  бөлінеді. 
Жедел психикалық жағдайда науқас санасында сандырақ өте үлкен жылдамдықта 
өзгереді, науқас мәнін түсініп үлгермейді.  Бұл жағдайда сандырақ жүйеленбеген 
сипатта  болады.  Сандырақ  көзқарастар  жүйесіне  еніп,  қандай  да  бір  байла- 
ныстылыққа ие болуы үшін уақыт керек.  Сондықтан, ауру жүйеленген санды- 
рақпен  көрініс  берсе,  дерт үрдісінің ұзақ мерзімділігі жөнінде айтуға  болады. 
Үдемелі  ауруларда  (шизофренияда)  психикалық  ақау дамуына  байланысты 
сандырақ жүйесі ыдырайды,  сандырақ орынсыз, оғаш сипат алады.
Қазіргі кезде интерпретативті, сезімдік және бейнелік сандырақ түсініктері 
кеңінен  қолданылады.  Интерпретативті  немесе  талдау  сандырағы  —  бұл 
жүйеленген ілкі сандырақ, паранойялы синдромға тән. Жедел сезімдік сандырақ 
ерекшелігі  қоршаған  ортаны  сандырақтық  қабылдау  болып  табылады.  Бұл 
жағдай  алдында  күдікшілдік,  сандырақтық  көңіл-күй  бақыланады,  соның 
әсерінен  барлық қабылданған ақпарат сандырақтық сипат алады.  Идеаторлы 
талдау болмайды,  сөздері интерметаморфоза сандырағына сәйкес келеді;  гал­
люцинация  болуы  міндетті  емес,  сезімдік  сандыраққа  жиі  иллюзиялар  тән. 
Патологиялық  күйзелістер  мен  науқастың  пассивті  позициясы  арасындағы 
диссоциация, абдырау жағдайының жиілігі сезімдік сандырақ жағдайын оней- 
роидты жағдайға жақындата түседі.  Сандырақ жедел экзогенді психозда,  ш и­
зофренияда кездеседі. Егер сезімдік сандырақ сыртқа бағытталып, шын мәнінде 
бар  заттар  мен  құбылыстарды  сол  мезетте  қабылдаумен  негізделсе  бейнелік 
сандырақ науқаста қалыптасып қалған пікірлерге негізделіп түзіледі, былайша 
айтқанда,  ол  осы  шаққа  емес,  өткен  ш ақ қабылдауларына  сүйенеді.  Бейнелі 
сандырақ мағынасы бойынша қиял сандырағы, кейде тізгінсіз фантазияға ұқсас 
болады.  Бұған жалған естеліктерге негізделген конфабуляторлы сандырац мысал 
бола  алады.  Науқас  өмірінде  болған  адам  сенгісіз  оқиғаларды  «еске  алады», 
оларды шындықпен байланыстырғысы келеді.  Сандырақпен ауыратын науқас 
өз  ата-анасын  бөтен  адамдар  ретінде  санап,  өзінің  ата-аналарымен  жақсы 
тұрмысын нақты суреттейді; науқас жас кезінде оның өмірін балгер болжағанын, 
өмірінің  сағаттарына  дейін  болжанғанын  айтады,  жаңа  детальдарды  «есіне 
түсіреді»,  өзінің  басынан өтіп жатқан жайттарды осы естеліктермен байланы- 
стырады.  Бейнелік сандырақ шизофренияда, алкогольді делирий, кәрілік және 
тамырлық психоздарда кездеседі.
Шығу тегі бойынша сандырақтың ерекше формаларын бөлуге болады:  ре- 
зидуалды  сандырақ және  индуцирленген  сандырақ.  Резидуалды  сандырац  — 
психоз жағдайынан кейін біршама уақыт бойы жалғыз симптом ретінде қалатын


Ойлау бүзылысы
137
бейнелік  сандырақ,  науқас  жүріс-тұрысына  айтарлықтай  әсерін  тигізбейді. 
Резидуалды сандырақтың динамикалық үрдісі қолайлы:  ол трансфармацияға, 
күрделенуге ұшырамайды және науқаста сыни көзқарас пайда болғанда (кри- 
тикасы)  кенеттен  жоғалады.  Индуцирленген  сандырацта  психикасы  сау 
адамдардағы қате пікірлердің пайда болуы сандырақтан зардап шегетін науқас 
адамдармен байланысты болады; примитивті,  ситуацияны сыни көзқараспен, 
дұрыс түйіндей алмайтын тұлғаларда дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет