Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар



Pdf көрінісі
бет91/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
Галлюциноз  —  бір  анализатормен  шектелген  сана  күңгірттенуінсіз  көп 
мөлшердегі  галлюцинациялармен  сипатталатын  жағдай.  Наукас  үрейлі,  ты- 
нышсыз  немесе  керісінше,  тежелген.  Наукастың  жүріс-тұрысы  мен  галлю- 
цинацияға  катынасына  карап,  жағдайдың  өткірлігін  байкауға  болады.  Же- 
делдігіне  байланысты  жедел  және  созылмалы  галлюцинозды  ажыратамыз,  ол 
мазмұнына карай есту, тактильді,  көру болып бөлінеді.
Есту  галлюцинозы,  әдетте,  вербальды  болады:  дауыс  естілгендей,  өзара 
сөйлескендей, дауласкандай, наукасты кінәлағандай, оның өміріне кастандык 
ұйымдастырғандай  болады.  Есту  галлю цинозымен  алкагольді  психоздың 
клиникалык көрінісі аныкталады;  синдром сонымен  бірге,  интоксикациялык 
психозда, нейросифилисте, мидың кан тамырлык закымдалуында да кездеседі.
Тактильді  галлюцинозда  наукас  терісінде  ж әне  тері  астында  жәндіктер, 
кұрттар, микробтар жүргендей сезінеді, жыныс мүшелеріне жанасып тұрғандай 
болады;  бұл күйзелістерге әдетте,  сыни көзкарас  болмайды.  Егде жас  психоз- 
дарында, орталык жүйке жүйесінің органикалык закымдануында кездеседі.
Көру галлюцинозы — кенеттен көру кабілетін жоғалткан карт адамдарда жиі 
кездесетін  галлю циноз  формасы  ж ән е  де  соматогенді,  кантам ы рлы к, 
интоксикациялык және  инфекциялык  психоздарда  кездеседі.  Шарль  Бонне 
галлюцинациясы кезінде наукастар бір уакытта үй кабырғасынан айкын сурет- 
тер, күнге шағылыскан суды, гүлдер алаңын, ойнап жүрген балаларды көргендей 
болады,  бұл көрініске таңданады, дегенмен,  көру кабілетінсіз  мұндайды көру 
мүмкін еместігі, дертті күй екендігін наукас саналы түрде түсінеді.
Әдетте, галлюциноз кезінде наукастың орын, уакыт және өзіндік тұлғасына 
бағдары  бұзылмайды,  дертті  күйзеліс  амнезияланбайды,  баскаша  айтканда, 
сана күңгірттенуі болмайды.  Кейде наукас өміріне кауіп төндіретін сипаттағы 
жедел галлюциноз кезінде наукаста үрей, коркыныш деңгейі жоғарылайды да, 
сананың аффективті тарылуы болады.
Паранойяльды  синдром  —  санды рак  синдромы,  бірінш ілік  сандырак, 
ш ы найы лы к  фактілерін  сандыракта  интерпретациялау  (интерпретативті 
сандырак), кате пікірді негіздеу үшін дәлелдер жүйесі келтіріледі (жүйеленген 
сандырак).  Сандырак  біртіндеп  доминантты  идеялардан  аса  бағалы  идеялар 
сатысына өту аркылы түзіледі.  Бұған аффективті реакциялардың күштілігімен 
ж әне  ригидтілігімен,  ал  ойлау ж әне  әрекет  саласында  байымдылык ж әне


160
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
детализацияға бейімділікпен тұлға ерекшеліктері ыкпал етеді. Мазмұны жағынан 
бұл — жанжалшылдык, шығармашылдык, кызғаныш, соңына түсу сандырағы.
Паранойяльды  синдром  шизофрениялык  сандырактың  бастапкы  сатысы 
болуы мүмкін. Бұл сатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация болмайды, 
психикалык  автоматизм  кұбылысы  жок.  Паранойяльды  синдроммен  пара- 
нойяльды  психопатияның және алкогольді параноидтың  психопатологиялык 
симптоматикасы толыкталады.
Галлюцинаторлы—параноидты синдромдар — өзара органикалык байланысты 
галлюцинаторлы және сандырактык бұзылыстар әр түрлі аракатынаста көрінетін 
синдромдар.  Егер галлюцинация басым болса,  галлюцинаторлы синдром деп, 
сандырак идеясы басым болса,  параноидты деп атайды.
Параноидты синдром деп сандырак дамуының параноидты сатысы да ата­
лады.  Бұл сатыда бұрын паранойяльды сандыракка сәйкес келген кате пікірлер 
жүйесі сакталуы мүмкін,  бірак оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұры- 
сында  оғаштык,  сандырак  мазмұнының  басым  аффектіге және  галлюцина- 
цияға  (псевдогаллюцинацияларға)  тәуелділігі,  олар  да  параноидты  сатыда 
пайда  болады.
Кандинский—Клерамбо психикалыц автоматизм синдромы галлюцинаторлы- 
параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады ж әне псевдогаллю- 
цинациялар,  психикалык актілердің  бөтендену кұбылысы  —  автоматизмдер 
және әсер ету сандырағы косылады.  Қабылдау бұзылысы шеңберіндегі наукас, 
олардың  еріктен  тыс  пайда  болатындығы на,  ж асанды лы ғы на  сенімді. 
Автоматизмнің мәні осында. Автоматизм идеаторлы, сенсорлы немесе мотор- 
лы  болып  бөлінеді.  Наукас  өз  ойларын  баска  біреулер  баскарады,  оларды 
параллельді етеді (кабаттастырады), олармен ойы аркылы ұрсысуға мәжбүрлейді, 
оның  басына  баска  ойларды  салады,  ойларды  басынаң  алады,  окиды  деп 
есептейді.  Бұл жағдайды идеаторлы автоматизм деп айтамыз. Бұл автоматизм 
түріне  псевдогаллюцинациялар  жатады.  Сенсорлық  автоматизмге  сезімдік 
таным  бұзылысы  жатады  ж әне  наукастың  сезім  (немкұрайлылык,  әлсіздік, 
ыза,  үрей  сезімін  «тудырады»)  ж әне түйсіктің  (дененің  әртүрлі  бөліктерінде 
ауру  сезімін,  электр  тоғы  жолдары  сезімін,  күйдіру,  дызыл  «тудырады») 
жасандылығы  жөнінде  айтуларымен  сәйкес  келеді.  Моторлы  автоматизм 
дамуында наукаста өз кимылдары мен кызметтерін баскаруды жоғалткандығына 
сенім туады: бетінде еріксіз күлкі пайда болады, аяк-колдары еріксіз козғалады, 
күрделі кимылдар жасалады,  мысалы,  суицидальды актілер.
Созылмалы және жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдарды бөледі. 
Созылмалы  галлюцинаторлы-параноидты  синдром  бірте-бірте  күрделенеді, 
алғашкы  симптоматикасы  жаңалана  түседі,  күрделі  психикалык  автоматизм 
синдромы түзіледі.
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдар емдеу әсерінен редуцирленеді 
және баска психопатологиялык синдромға жылдам ауысады. Синдром ауысканда 
бұрынғы психопатологиялык симптоматика жойылып, орнына жаңасы келеді. 
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромның кұрылымында жедел сезімдік 
сандырак, коршаған ортаны сандырактык кабылдау, саскалактау немесе канык


Психикалық аурулар  кезінде  синдром  түзілу заңдылықтары
161
аффект көрінеді; Кандинский—Клерамбо синдромы толык жетіліп үлгермейді 
(оның кейбір элементтері байкалады).
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдром жиі жедел парафрения және 
онейроидты жағдай дамуының бір сатысы бола алады. Галлюцинаторлы-пара- 
ноидты синдром  маниакальды депресивті психоздан  баска барлык психоздар 
кезінде диагностикалануы мүмкін.
Парафренді синдром  —  фантастикалык сандырак синдромы.  Ол созылмалы 
және жедел түрде болады,  кандай да болмасын сандырак түзілуінің соңғы са­
тысы болып табылады және психикалык функцияның ауыр бұзылысына сәйкес 
келеді.  Созылмалы сандыракта парафренді синдром  біртіндеп  акыл кемдігіне 
ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.
Парафренді  сандырак кұрамына  ұл^ілык  идеясы  катысады.  Сандырактык 
идеялар  оғаштыкпен,  гротескілікпен  ерекшеленеді,  табанды  тұжырымдау 
ешкандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонын- 
да  айкын  конфобуляциялар  (фантастикалык-конфабуляторлы  парафрения) 
болады.
Парафренді  сандырактың  бір  түрі  депрессиялык  наукастарда  дамитын 
ипохондриялык  Котар  сандырағы  болып  табылады.  Дамудың  әр  сатысында 
Котар синдромы нигилистік-ипохондриялык сандыракпен үрейлі-сандырактык 
депрессия көрінісімен немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі корлык көру немесе сырткы 
әлемді  жокка  шығарумен  фантастикалык  ипохондриялык  сандырак  түрінде 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет