Оқулық, оқу-әдістемелік құралдар Студенттерді ойландыратын сұрақтар


Дәріс 10 Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру



бет11/19
Дата10.03.2022
өлшемі61,95 Kb.
#27384
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Дәріс 10 Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру

Масқаты: Көлем туралы ұғымдарын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру. Шартты өлшеу құралдарын қолдану барысымен таныстыру әдістемені жүзеге асыру жолдарын ұғындыру.

Дәріске керекті құралдар: шартты өлшеу құралдары, көрнекіліктер.

Студенттерді ойландыратын сұрақтар:

Көлем туралы ұғымдарын қалыптастырудың қандай жолдары бар?

Шартты өлшеу құралдарымен таныстыру ерекшеліктері.

Заттарды салыстыру түрлері қандай?



Дәрістің жоспары:

1. Кеңістік көлем ұғымдарын қалыптастырудың маңызы.

2. Өлшеу процесін жүзеге асыру жолдары.

3. Өлшеу үшін қолданылатын негізгі құралдар.

4. Өлшеуді үйретудің маңызы.
Дәріс барысы:

Объектіні берілген өлшеуіштермен өлшеу баланы бәріне ортақ өлшем бірліктермен таныстыруға дайындайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға бұл материалдың бір бөлігі ғана таныс (негізінен бұл мектепте оқытылатын материал).

Қазіргі таңдағы мектеп реформасы бастауыш мектеп жасына дейінгі оқушылар және мектеп жасына дейінгі баланың оқыту мазмұны мен әдістерінің тығыз байланыста болуын талап етеді.

Мектепте жалғасын табатын балабақшадағы өлшеу әрекеті кеңістік ұғымдарын қалыптастыруына және көзбен мөлшерлеудің дамуына бағытталған. Ол оқытуды еңбекпен және өмірмен байланыстыра отырып, политехникалық дайындықтың құралдарының бірі болып есептеледі. Сондықтан бастауыш мектеппен балабақшадағы өлшеу жұмыстарының білімділік және тәрбиелік маңыздылығының бірлігі байқалады. Өлшеу әрекетін баланың ақыт-ой және математикалық дамуының тиімді құрал ретінде қарастыру, оның мүмкіндік деңгейін математикалық түсініктермен ұғымдарды қалыптастыру жолында кеңінен пайдаланады. Сондай – ақ практикалық және жұмыс есептерін шешу тенденциялары жалпы болып есептеледі.

Балабақшада өлшемді оқыту негізінен берілген өлшеуіштермен шектеледі. Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшем туралы түсініктері оқушылардан гөрі нақтылау.

Алайда балабақшада үйретілетін өлшеуіштер өлшем жүйесінің бірліктерінің негізгілерін баланың тез және оңай меңгеруіне жаңа күрделілеу өлшеу тәсілдерін үйренуіне, өлшем туралы түсініктерін байытуға көмектеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет