Оқулық Шымкент 2012 жыл удк



бет27/95
Дата07.01.2022
өлшемі1,99 Mb.
#18029
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95
«СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖИНАҚ».
Кез-келген статистикалық зерттеудің негізгі қарастыратыны – статистикалық жинақ болып табылады.

Статистикалық жинақ – шамамен көрсетілген көріністер немесе уақытпен және кеңістікпен шектелген көптеген бірыңғай белгілері мен айырмашылықтары бар шамалар. Бірыңғай белгілер көрсеткіштерді жиынтықтауды, ал айырмашылықтар (есепке алынатын белгілер) – оларды өзгеше сараптауды қажет етеді.

Есепке алынатын белгілер мазмұнына қарай сапалық (атрибутивтік) және сандық түрлерге бөлінеді. Оған адамның жынысы, кәсібі және т.б. жатады. Сандық белгілер цифрлармен белгіленеді. Атқаратын қызметіне қарай есепке алынатын белгілер – себепті және қортынды белгілерге жіктеледі. Себепті белгілер өзіне тәуелді белгілерді өзгерте алады, ал қортынды белгілер себепті белгілерге байланысты өзгереді.

Статистикалық жинақтың екі түрі бар: олар басты және таңдамалы жиынтықтар. Басты статистикалық жиынтық – барлық бақылауға алынған бірліктерден тұрады, ал таңдамалы статистикалық жиынтық – басты жиынтық ішінен арнайы таңдау әдісі арқылы құрастырылады.

Кез-келген статистикалық жинақты зерттеудегі мақсат, олардың жалпылама қасиеттерін, заңдылықтарын анықтау болып табылады. Себебі өте аз мөлшердегі көріністерді зерттегенде бұл заңдылықтар мен қасиеттерді анықтау мүмкін емес. Статистикалық жинақты құрайтын көріністерді бағалау үшін статистикалық шамалар қолданылады. Оның ішіне абсолюттік, салыстырмалы және орташа сандар кіреді.

Салыстырмалы шамаларды статистикалық жинақтың ішінде белгілердің таралуын белгілеу және әртүрлі статистикалық жиынтықтарды салыстыру үшін қолданады. Көбінесе мынадай салыстырмалы шамалар (көрсеткіштер) қолданылады.



  1. Интенсивтік көрсеткіш=

(осы көріністерді туғызатын орта)

  1. Экстенсивтік көрсеткіш =



  1. Арақатынас көрсеткіші=



  1. Көрнекті көрсеткіш=

Экстенсивті көрсеткіштер – көріністің құрамын көрсетеді. Мысалға: аурушаңдық, өлім, мүгедектік құрамы. Интенсивтік көрсеткіштер - ортадағы көріністің жиілігін көрсетеді. Мысалыға: туылу, өлім, аурушаңдық көрсеткіштері. Арақатынас көсеткіші-өзге ортадағы белгілі бір көрсеткіштің жиілігі. Мысалыға: тұрғындарды ауруханада жататын орынмен және дәрігерлермен қамтамасыз ету дәрежесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет