Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет108/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   369
compages thoracis
, екі тесік немесе апертурасы бар: 
жоғарғы, 
apertura thoracis superior
, және теменгі, 
apertura thoracis
inferior,
төменгісі бұлшықетті перде 
көкетпен жабылған. Төменгі 
апертураны шектейтін қабырғалар доға, 
arcus costal is,
түзеді.
Төменгі апертураның алдыңғы жиегінде, 
angulus infrasternalis,
төсасты бүрышы болады, оның шетінде семсертәрізді өсінді орна- 
ласқан. Омыртқа бағанасы орта сызығы бойымен кеуде куысына 
еніңкірейді де, оның жандарына қарай, онымен кабырғалары арасында 
кең өкпе жүлгелері, 
sulci pulmonales,
пайда болады, оларда өкпенің 
артқы жиектері орналасады.
Сүтқоректілерде, горизонталды қалыпта жүретіндіктен, ішкі 
ағзалар төменгі қабырғаға қысым түсіреді. Кеуде торы үзын және тар, 
соның өзінде вентро-дорсалды шамасы көлденеңінен үлкен. Кеуде торы 
қырсүйек түріндей шығыңқы вентралды қабырғасы бар бүйірлері 
жағынан қысыңқы болады. Маймылдарда тік жүруге көшуге және 
қол-аяқтарының аяқ және қолға бөлінуіне байланысты кеуде торы 
кеңейіп, қысқарады, алайда вентро-дорсалды шама көлденең шамадан 
басым келеді (маймылдық пішін), акырында толығынан тік жүруге 
көшуге байланысты адамда қол, жүру кызметінен босап, үстап түратын 
еңбек мүшесіне айналып, соның әсерінен кеуде торы оған бекитін 
қолдардың тарту күшіне тап болады; ішкі ағзалар енді алдыңғы 
қабырғаға айналған вентралды қабырғаға емес, көкеттен дененің 
ауырлық сызығы дененің вертикалды калпы кезінде омыртқа
93


бағанасына жақындайды. Осы айтылғандардың нәтижесінде кеуде торы 
жалпайып және кеңейіп, көлденең шама алдыңғы артқы шамадан асып 
түседі.
Осы филогенез үрдісін бейнелей отырып, кеуде торы онтогенезде де 
түрлі пішінге ие болады. Нәресте тұрып, жүріп және қол-аяқтарын 
пайдалануды үйреніп, сондай-ақ бүкіл қимыл аппараты мен ішкі 
агзалары өсіп, дамыған сайын оның кеуде торы бірте-бірте көлденең 
шамасы басым адамға тән пішінге келе бастайды.
Кеуде торының пішіні мен шамасы да едәуір дара өзгерістерге 
(вариацияларға) ұшырап отырады, оның себебі нақты адамның тіршілік 
қалпы мен мамандығына байланысты оның бұлшықеттері мен өкпесінің 
даму дәрежесінен туады. Кеуде торына жүрек пен өкпе сияқты тіршілік 
үшін аса маңызды ағзалар орналасатындықтан жеке адамның дене 
дамуын бағалап, ішкі ауруларына диагноз қоюда бұл вариациялардың 
үлкен маңызы бар. Әдетте кеуде торының үш пішінін ажыратады; 
жалпақ, цилиндрлі және конусты. Бүлшықеттері мен өкпесі жақсы 
дамыған адамдардың кеуде торы кеңейіп, бірак кысқарып, конус 
пішінге ие болады, яғни оның төменгі жоғарғы бөлігіне Караганда 
кеңдеу, қабырғалары онша иілмеген angulus infrastemalis үлкен. 
Мұндай кеуде торы тыныс алу күйінде тұрған сияқты, сондықтан оны 
инспираторлық деп атайды. Керісінше, мускулатурасы мен өкпесі 
нашар дамыған адамдардың кеуде торы тар және ұзын, жазық пішінді, 
алдыңғы-артқы 
диаметрінде 
қатты 
жайпақтанғандыктан, 
оның 
алдыңғы беті тік дерлік тұрады, қабыргалары тым иілген, angulus 
infrastemalis сүйір. Кеуде торы тыныс шығаратын күйде сияқты, 
сондықтан оны респираторлық деп атайды. Цилиндрлі пішін сипат- 
талған екі пішіннің аралығында болады. Әйелдердің кеуде торы 
еркектердікіне Караганда қысқалау және төменгі бөлімінде тарлау және 
жұмырлау. Кеуде торының пішініне әлеуметтік жагдайлар да әсерін 
тигізеді. Мысалы, дамушы елдердегі жарық аз түсетін үйлерде тұратын 
кедейлердің балалары тамақтың аздығынан және күн сәулесінің 
жетімсіздігінен рахитпен (“ағылшын науқасы”) ауырады, бұл жағдайда 
кеуде торы “тауық кеудесі” пішініне ие болады: алдыңғы-артқы шама 
басым болып, төс тауықтың кеудесі сияқты қалыптан тыс шығып 
тұрады. Бүкіл өмір бойы аласа орындықта еңкейген күйде отырып, 
кеудесін аяқ киім негізіне шеге қағуға тіреніш ретінде пайдаланатын 
етікшілердің кеуде торының алдыңғы қабырғасында ойыс пайда 
болғандықтан, ол қушық кеудеге айналады (етікшілердің құйғыш- 
тәрізді кеудесі). Партада дұрыс отырмағаннан бұлшықеттердің нашар 
дамуы нәтижесінде кеудесі ұзын және жазық балалардың кеуде торы 
босап тұрған сияқты, ал бұл жүрек пен өкпенің қызметіне теріс әсерін 
тигізеді. Баланың ауруын болдырмау үшін дене шынықтырумен айна- 
лысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет