целомның басқа қызметіне түсініктеме бере алмайды.
Гоноцельді теориясы бойынша целом төменгі сатыдағы құрттардың
жыныс бездерінен пайда болған. Әрбір целомның қуысы турбеллярия мен
немертиндердің гонада қуысына сәйкес келеді, перитонеальды эпителий
гонада қабырғасынан, ал целомодуктылары - жыныстық жолынан пайда
болған. Шынында да, барлық целомдық жануарлардың целомы жыныстық
қызметін атқарады, бірақ целом қабырғасы гонада қабырғасынан пайда
болды деуге дәлел жеткіліксіз, сондықтан жыныс клеткалары соматикалық
клеткалар болып қалады.
Энтероцельді теориясы бойынша целом өз бастамасын арғы тегі
ішекқуыстылар мен ескектілердің гастроваскулярлық жүйесінен алады.
Осыны ескере отырып бұл теория целомның жыныстық қызметін дұрыс
түсіндірген және сипаты жағынан гоноцельді теорияны қамтиды.
Энтероцельді теорияның дәлелдері толығырақ, себебі екінші реттік
ауыздылар - Deuterostomia тобының целом қуысы энтероцельді жолмен
түзіледі, яғни мезодерманың бастамасы гаструланың энтодерма қабатынан
оқшауланып, сомиттарға айналып, бөлініп шығады. Осы сомиттердің қуысы
кейін дене қуысына - целомға айналады.
Қан айналу жүйесіне келсек, олар тек целомы бар жануарларда ғана
кездеседі. Эволюциялық даму барысында целом өзінің дамып өсуі кезінде
бірінші қуысты ығыстырған, ал оның қалдықтарының есесінен қан
тамырлары түзілген.
Достарыңызбен бөлісу: