Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ



Pdf көрінісі
бет94/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   218
ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ 
-OLYGONCHOINEA
Бұлар - балықтардың паразиттері. Ең негізгі ерекшелігі - арнайы бекіну 
мүшелері - қақпанның қозғалысындай жабылатын қақпақтарының болуы. 
Қақпақтарының болуы арқасында ілмешектері негізгі бекіну қызметін 
жоғалтады, ересектерінде кейде болмауы да мүмкін. Личинкаларында 10 
шеткі ілмектері болады. Бұл класс тармағына жоғарыда қарастырылған - 
Diplozoon paradoxum жатады (62, Б-сурет).
ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA
Таспа құрттар класының өкілдері сорғыштар мен моногенетикалық 
құрттарға қарағанда паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Бұлар тек 
қана эндопаразиттік өмір сүреді, жұмыртқалары өте аз уақыт сыртқы ортада 
бола алады, ересек кезінде әр түрлі омыртқалы жануарлардың, адамның 
ішегінде тіршілік етсе, личинкалары омыртқасыз және омыртқалы 
жануарлардың ішкі мүшелерінде және дене қуысында тіршілік етеді. Түрлері 
3000-нан астам. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодоз деп атайды.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі барынша созылыңқы, арқа-
құрсақ бағытында жалпайып келген, лента тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден 10-15 
м-ге дейін. Көбіне денелері проглоттидтер деп аталатын жеке буындардан 
тұрады, ал проглоттидтердің тізбегі стробила делінеді. Кейбір түрлерінің 
денесі тұтас бөлінбеген. Денесінің алдыңғы ұшында сколекс (scolex) деп 
аталатын басы болады, одан бөлшектенбеген мойыны және бір қатар 
буындар (проглоттидтер) тіркесіп созылып жатады. Олардың саны 2-4-тен 
бірнеше мыңға жетеді. Буындардың немесе проглоттидтердің пішіні 
мойынынан қашықтаған сайын өзгере береді. Алдыңғы буындары қысқа, 
гермафродитті немесе пісіп жетілмеген буындар деп аталады, артқы 
жағындағы буындары ұзынырақ, жалпақтау - пісіп жетілген (ұрықтанған 
жұмырткаларға толы) буындар. Олар құрттың денесінен үзіліп нәжіспен 


бірге сыртқа шығарылып тұрады, ал үзілген буынның орнына келесі буындар 
жетіледі, себебі мойын бөлімінен үздіксіз жаңа буындар түзіліп, олар артқа 
қарай ығысып, пісіп жетіліп тұрады.
Басы немесе сколекс домалақ, сүйір, жалпақ пішінді болып келеді. 
Басы қадалып, жабысатын мүшелерімен қаруланған, олар: бұлшықеттері бар 
сорғыштар; ботридиялар - ерекше үзын қысқыш аппараты; ботрия немесе 
сорып
қадалатын саңылау; тіркелгіш шұңқырлар; ілмешектер; 
имекқармақшалар; тістер, т.б. (63-сурет).
Таспа құрттардың тері жабындысы трематодтар мен моногенеяларға 
ұқсас болады, тек тегументгің сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының 
бетіңде көптеген кірпікшелі өсінділері бар. Кірпікшелі өсінділер - 
микротрихиялар деп аталады, өте сақ, тек электронды микроскоп арқылы 
көрінеді, құрттың коректенуінде маңызды қызмет атқарады.
Базальды мембранасының астында бұлшықет талшықтарының 
шумағынан құрылған тері-бұлшықет қабы жатады. Оның ішінде сақина 
тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттер қабаты, сонымен қатар арқа-
құрсақ (дорзо-вентральді) бұлшықеттері де орналасқан (64-сурет). Құрттар 
бұлшықеттерін жиырып қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет