Орхон мұраларындағы оқу мен тәрбие мәселелері
Секция: әдебиет
АННОТАЦИЯ
«Орхон мұраларындағы оқу мен тәрбие мәселелері» тақырыбын алып зерттеудегі мақсаты: VІ - VІІІ ғасырлардағы философтардың мұраларын зерттей отырып, олардың білім – тәрбие мәселелеріне назар аударарлық асыл мұралар қалдырғанын насихаттау және бүгінгі ұрпақты адам болуға үйрету, адамшылыққа баулу.
Қазақ философиясындағы ақыл мен ұшқырлықтың үлгісіне терең бойлай отырып, өміршең даналықты бойымызға сіңіреміз. Қай ғасырда болмасын, ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты ұлтжанды, рухы биік, мәдени – ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу - әрбір қоғам алдындағы міндет.
Зерттеу жаңалығы: әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл - ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Сондықтан да түркі философтарының ақыл – кеңесі келешек жас ұрпақтың өсіп - өнуіне септігін тигізеді деп ойлайды.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім мен тәрбиесіне байланысты мәселелер көп қаралу үстінде, сондықтан да бұл тақырыпты колледж, мектеп мұғалімдерінің тәжірибелік жұмыстарына әдістемелік құрал ретінде қолданыла алады.
Жоспар
І Кіріспе бөлімі:
Қазақ даналығы – рухани зор байлықтың мұрагері.
ІІ Негізгі бөлімі:
Орхон мұралары – ақыл иесі, сөз иесі.
Ғұлама даналардың еңбектері – оқу мен тәрбие мәселесінің философиялық тәлімгерлік негіздері.
ІІІ Қорытынды бөлімі:
Ел санатымен танылады, ұрпағымен жалғасады.
КІРІСПЕ
Тәрбиесіз берілген білім, білімнің қас жауы.
Әл Фараби
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан өткен, бүгінгі жеткен әдет – ғұрып, сол дәстүрлер негізінде білім, тәлім-тәрбие үлгілері қалыптасты. Қай ғасырда болмасын, ұлт өмірін өркендетуші саналы да, салауатты ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол, мәдени -ғылыми өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу - әрбір қоғам алдындағы басты міндет. Әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл – ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Осыған байланысты тақырыптың өзектілігі: оқу – тәрбие ісінде осы кезге дейін көңіл бөлінбей, мән берілмей келе жатқан нәрсе – оқу - тәрбие жұмысының философиялық, тәлімгерлік негіздері.
Мақсаты: VІ - VІІІ ғасырлардағы философтардың мұраларын зерттей отырып, олардың білім – тәрбие мәселелеріне назар аударарлық асыл мұралар қалдырғанын насихаттау және бүгінгі ұрпақты адам болуға үйрету, адамшылыққа баулу. Ал адам болудың жолдары әр халықтың, ұлттық дәстүріне, салтына, дініне байланысты. Қазақтың өмір салтында адам болу жолдары үлкенді сыйлаумен, тыңдаумен, ата жолын қуумен, ар – намысты, ұятты бетке ұстаумен, өнер – білімге ұмтылумен анықталады.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп – төркіні сонау VІ - VІІІ ғасырлардағы Орхон – Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама Әл Фараби бабамыздан бастап, түркі тілдес халықтарға өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұн, Қашқари, Иассауи трактаттары, сондай – ақ Алтын орта дәуірінің даналары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри еңбектері - қазіргі ұрпақ тәрбиесі үшін теңдесі жоқ асыл қазыналар. Әр түрлі өмір құбылыстары, адам мен қоғам, жан мен тін, тіршілік тынысы туралы терең толғаныстарының, дана қасиеттерінің қазіргі жастардың білім мен тәрбиесіне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама...
Қазақ даласында философиялық мектеп әлдеқашан бұрын болғаны мәлім. Талай заман бұрын өмір сүрген осы ғалымдарды философтар демегенде кім демекпіз?! Тек біздің пайымдауымызша, хандық дәуірде ой айту, ой қорыту формасы жекеліктен гөрі халықтық сипатқа түскен. Яғни, қазақ даласында пайда болған философиялық мектеп уақыт өте келе әдебиетпен қабысып, тұтас әдебиетпен қабысып, тұтас әдеби сипатқа ие болған.
Қазақ философиясындағы оқу – тәрбие мәселесі – сан түрлі ерекшеліктер мен ұлттық құндылыққа толы ұлы мұра. Қазақ даналарының кез – келген туындысы – шешендіктің, түбірлі тілдің, даналықтың куәсі. Тіл орамы, ой ұшқырлығы, сөз саптауы жағынан қазақ даналарымен ешкім де теңесе алмайды, себебі, біз қазақ даналығымен философиялық терең тұжырымды көреміз, ақыл мен ұшқырлықтың үлгісіне терең бойлаймыз, өлең үлгісімен жазылған өміршең даналықты кездестіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |