Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс істей білуге дағдыландыру



бет3/3
Дата15.11.2023
өлшемі24,58 Kb.
#122869
1   2   3
Байланысты:
Мақала Мәтін туралы

Көз жүгірту ұзақ мәтінмен жұмыста уақытты үнемдейді. Көз жүгіртуді тез-тез оқу деп түсіну қате. Мәтінді оқығанда әр сөзге қадалып қалып, ол сөздің мағынасын білмеймін ғой деп көңіл-күйді түсірудің қажеті жоқ. Мәтіннің әрбір азатжолында жалпы не туралы айтылғанын шолып өту арқылы ой қалыптастыру. Бірақ тапсырманың берілгенін шолып оқуға болмайды. Сұрақты түсінбесеңіз, дұрыс жауапты таба алмайсыз. Көбірек кітап оқыңыз, сонда ғана көз жүгірту арқылы мәтінді тез түсінуге қол жеткізесіз.
Шешімділік өте маңызды. Уақыт аз қалды деп, абыржымаңыз. Суыққандылық танытып, бір шешімге келіңіз. Ең жаман шешім шешімсіздіктен әлдеқайда жақсы.
Қорыта келе, оқушылардың мәтінді түсінуі оның құрылымдық, мағыналық, стилдік түрлерін ажырата білуге баулу қажет. мәтіннің идеясы мен тақырыбын түсініп, талдай алуға оқушы бойында дағды қалыптастыру – мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланысты.


Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, №1 «Мырзакент мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Биржекеева Алия Токсанбаевна

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет