ӚЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ
ЖӘНЕ ОРТА АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
С.МАТЧАНОВ, Х.ҒУЛОМОВА, Ш.ЮЛДОШЕВА, А.НИСАНБАЕВА
АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ӛзбекстан Республикасы Жоғары және орта анаулы білім
министрлігі жоғары оқу орындарының 5111700-«Бастауыш білім және спорт тәрбиелік жҧмыс» бакалавриат білім бағыты
студенттеріне арналған оқулық ретінде бекітілген
Ташкент - 2013
Пікір
жазғандар:
|
Е.Абдувалитов — Низами атындағы Ташкент мемлекеттік пе- дагогикалық университетінің ―Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі‖ кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты.
|
|
А.Муминова — Ӛзбекстан мемлекеттік әлем тілдері университетінің ―Ӛзбек тілі‖ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
|
Бҧл оқулықта бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі курсының мақсат-міндеттері, бӛлімдері: сауат ашу әдістемесі, сыныпта және сыныптан тыс оқыту әдістемесі, фонетика, графика, грамматика, сӛзжасам, жазуды ҥйрету әдістемесі; оқушылардың байланыстыра сӛйлеуі мен тілін дамыту әдістемесі, т.б. жан-жақты баяндалған. Сондай-ақ ғылыми- теориялық мәліметтерді іс жҥзіне енгізудің әдіс-тәсілдері кӛрсетілген.
— ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ
1-тақырып. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің предметі мен міндеттері
Әдіс сӛзі гректің «metodos» сӛзінен алынып, «білу және іздену, зерттеу жолы», «теория», «ілім» деген мағыналарды білдіреді1. Әдістеме (гр. «methodike») мәлім бір жҧмысты істеу, жҥзеге асыру, соңына жеткізу әдістерінің, тәсілдерінің жиындысы немесе оқыту тәсілдері туралы ілім2 — білім беру әдістері, жолдары мен қҧралдары жайындағы ғылым.
Бастуыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің предметі оқушыларға қазақ тілін оқыту жолдары мен қҧралдары, ана тілін ҥйрену, яғни сӛйлеуді, оқу мен жазуды, грамматика мен емлені меңгерту туралы ғылым саналады.
Әдістеме мектептің алдына қойылған тәлімдік, тәрбиелік міндеттерден келіп шығып, ана тілін оқытудың міндеттері мен мазмҧнын белгілейді, тәлім-тәрбие ҥдерісін қарастырады, осы ҥдерістің заңдылықтары мен білім беру тәсілдерінің ғылыми негізделген жҥйесін белгілейді.
Әдістеме пәні тӛмендегі мәселелерді зерттейді:
Оқытудың міндеттері мен мазмҧнын анықтайды. «Нені оқыту керек»? деген сҧраққа жауап береді, яғни бастауыш сыныптарда ана тілі сабағының бағдарламаларын, білім беру мазмҧнын белгілейді, оқушылар ҥшін оқулықтар мен оқу қолданбалар жазып, оларды жетілдіріп, нәтижелілігі мен сәйкестігін ҥнемі бақылап отырады.
Оқыту әдістерін, қағидаттарын (қағидаттерін), тәсілдерін, сабақ және оның тҥрлерін, оқушылардың орындаған жҧмыстары — жаттығулар мен жазба жҧмыстардың тиянақты жҥйесін істеп шығады, яғни «Қандай оқыту керек»? деген сҧраққа жауап береді.
1 Ӛзбекстан Ҧлттық энциклопедиясы. — Т.: «Узбекистон Миллий энциклопедияси» Мемлекеттік ғылыми баспасы, 2003. — 5-том, 613-бет.
2 Ӛзбек тілінің тҥсіндірме сӛздігі. — Т.: «УМЭ» Мемлекеттік ғылыми баспасы, 2006. — 2-том, 582-бет.
Оқушыларға ана тілінен білім беру және олардың дағдысын қалыптастыруда ғылыми тҧрғыдан ең тиімді мҥмкіншіліктер мен жағдайлар жӛніндегі мәселелерді шешеді, яғни «Неге дәл бұлай оқыту керек?» деген сҧраққа жауап береді. Ең пайдалы материалдарды, әдістерді ҥйренеді, таңдалған әдістерді негіздейді, ҧсыныстарды эксперименталды тҥрде тексереді.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі жоғары сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесінің алғашқы басқышы болып, ол қарастыратын мәселелерді бастауыш сынып оқушыларына сәйкестендіріп ҥйретеді. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесінің ӛзіндік ерекшеліктері де бар. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту грамматика, емле және оған байланысты тҥрде жҥргізілетін тіл дамыту әдістемесін ғана емес, сауат ашу, сыныпта және сыныптан тыс оқыту әдістемелерін де қамтиды. Осылардан келіп шығып, бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәні тӛмендегі міндеттерді атқарады:
а) бастауыш сыныптарда ана тілі сабағының мазмҧнын, кӛлемі мен жҥйесін, яғни сабақтың (сауат ашу, оқу, грамматика, емле, тіл дамыту, т.б.) бағдарламасын белгілеу және негіздеу;
ә) оқудан, жазудан білім мен дағдылардың қалыптасу ҥдерісін, сондай- ақ бҧл ҥдерісте оқушылар душар болатын қиындықтарды ҥйрену, қателердің себебін талқылау, олардың алдын алу және дҧрыстауға кӛмектесетін жҧмыс тҥрлерін істеп шығу;
б) ана тілінен берілетін оқу материалын оқушылардың дәл тҥсінуі және тиянақты меңгеруіне олардан алған білімдерін іс жҥзіне енгізе алуына, сондай-ақ оқушылардың жалпы дамуына, яғни олардың зейінін, есін, есте сақтау, бақылағыштық қабілетін, логикалық ойлауын, шығармашыл пікірлеуін, қабылдауын дамытуға, тілін ҧстартуға кӛмектесетін әдістер мен қҧралдарды ойлап табу;
в) ана тілін оқытумен байланысты тҥрде мектептердің алдына қойылған тәрбиелік міндеттерді жҥзеге асыру, оқушыларда этикалық- эстетикалық сапаларды қалыптастыру.
Ана тілін оқыту әдістемесі білім берудің тҥрлі басқыштарында оқушылардың білім, дағды және іскерліктерін анықтайды, оқу ҥдерісінің нәтижелі және кемшілік тҧстарын, олардың себептерін анықтайды, қателер мен олқылықтардың орнын толтыру тәсілдерін табады.
Ана тілін оқыту әдістемесі білім беру жҥйесінің барлық басқыштарында ана тілін оқытудың дәйектілігі мен бірізділігін қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, негізінен, балалардың тілін ҧстарту кӛзделеді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін ҧстартудан тыс, ана тілінен элементар теориялық ҧғымдарды практикалық меңгеруі де кӛзделеді.
Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәні тӛмендегі бӛлімдерден тҧрады:
Достарыңызбен бөлісу: |