Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 68-беті 
 
68 
 
1)  кредиттік  оқыту  технологиясы  бойынша  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  ережелерімен 
танысуы; 
2) оқу пəндеріне тіркелудің жəне ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін 
сақтауы; 
3)  осы  Ережелердің  34-тармағында  көрсетілген  жағдайларды  қоспағанда,  тиісті 
деңгейдегі  білім  беру  бағдарламасын  меңгеру  үшін  оқу  жылында  белгіленген  кредиттердің 
кем түспейтін санына жазылуы тиіс. 
38.  Ақылы  негізде  білім  алушы  төлем  қабілеттілігіне,  оқу  түріне  тəуелді,  тиісті 
деңгейдегі  оқу  бағдарламаларын  игеру  үшін  жеке  қабілеттілігін  өзінің  ЖОЖ-да  аз 
мөлшеріндегі  кредиттермен  қалыптастыруға  болады,  сонымен  қатар  оқу  мерзімін  ұзартуға 
болады. 
39. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу 
пəндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. 
Мұндайда  университет  ректоры  басқа  ЖОО-ларда  оқу  үшін  кредиттер  санының 
жоғарғы шегін айқындайды. 
Қазақстан  Республикасының  ЖОО-ларында  жекелеген  пəндерді  оқыған  жағдайда, 
ЖОО-лар арасында екіжақты шарт жасалады. 
40.  Білім  алушы  жеке  пəндерді  басқа  ЖОО-да  пəн  бойынша  аралық  аттестаттаудан 
өткен соң өзінің ЖОО-сына емтихан тізбесін (немесе транскрипт) емтихан бойынша бағалау 
нұсқаулығымен қоса, пəн бойынша жəне игерген кредиттер санының қорытынды бағаларын 
деканатқа көрсетеді. 
41.Шетелдік 
жоғары 
оқу 
орындарымен 
əріптестікте 
бірлескен 
білім 
беру 
бағдарламаларын  іске  асырған  жағдайда  қазақстандық  кредиттерге  жəне  ЕСТS-ке  барабар 
əріптес  жоғары  оқу  орындарында  игерілген  кредиттерді  қайта  сынақтан  өткізуді  жүзеге 
асырады. 
42.  Білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырудың  сапасын  арттыру  жəне  білім 
алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  оқу  үдерісіне 
жəне қорытынды бақылауға бөлінеді. 
43. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) 
осы ережелердің 1-қосымшасына сəйкес 100 балдық шкала бойынша жəне төрт балдық жүйе 
бойынша  сандық  эквивалентке  сəйкес  əріптік  жүйемен  бағаланады  (оң  бағалар  А-дан  D-ға 
дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). 
44.  Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бақылау  жүйесін  ұйымдастыру  оқу 
жұмысы  жөніндегі  білім  беру  ұйымы  басшысының  орынбасарына  бағынатын,  Офис 
регистраторы жүзеге асырады. 
Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы 
жүргізеді, ол осы ережелердің 2-қосымшасындағы сай транскрипте айқындалады. 
Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі. 
45. Оқытушы ағымдық жəне аралық бақылау жəне білім алушының ағымдағы бағасына 
сəйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы жəне 
аралық  бақылау).  Сонымен  қатар  білім  алушының  оқудағы  жетістіктері,  орындаған 
тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады. 
46.  Пəн  бойынша  қорытынды  баға  ағымдағы  үлгерім  жəне  қорытынды  бақылау 
бағасына  кіреді  (емтихан  бағасы).  Ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі  60  пайыздан  кем 
құраса  қорытынды  баға  дəрежесі  білім  алушының  оқу  пəні  бағдарламасын  меңгергендігі. 
Қорытынды  бақылау  бағасы  аталған  оқу  пəні  бойынша  білімді  қорытынды  бағалаудың 
кемінде 30 пайызын құрайды. 
47.  Оң  қорытынды  баға  тиісті  пəн  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген 
кредиттерді толықтыруға негіз болады жəне білім алушының транскриптіне жазылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 69-беті 
 
69 
 
Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға 
алған жағдайда пəн бойынша қорытынды баға есептелмейді. 
48.  Қорытынды  бақылауда  қанағаттанарлық  бағаны  көтеру  мақсатында  осы  аралық 
аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 
49. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе 
жазғы  семестрде  ақылы  түрде  сол  пəн  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  қарастырылған 
барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады жəне қорытынды бақылау тапсырады. 
50. Бір кредиттің құны оқудың бекітілген құны арасындағы қатынаспен жəне оқытудың 
барлық  бағдарламаларын  игеру  үшін  білім  беру  ұйымының  орнатылған  кредиттер  санымен 
есептелінеді. 
Оқу  жылына  арналған  оқу  құны  білім  алушының  академиялық  кезеңімен  немесе  оқу 
жылы  ЖОЖ  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  оқыту  құны  білім  алушыға  жоспарланған 
ЖОЖ-дың орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады. 
51. Университетте даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша оқыту құнынан 
орташа  арифметика  ретінде  есептелінетін  мамандықтарға  қарамастан,  бір  кредитке  бірдей 
құн белгіленеді. 
52. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын "А", "А-", 
"В+",  "В-"  бағаға  тапсырған  жағдайда,  мемлекеттік  білім  беру  гранты  бойынша  білім 
алушыларға стипендия тағайындалады. 
53.  Офис  регистратор  оқу  жылының  қорытындысы  бойынша  жазғы  семестр 
нəтижелерін есепке ала отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері  деңгейінің ортасалмақ 
бағасы болатын орташа балын есептейді. 
54.  Курстан  курсқа  көшіру  үшін  өту  балын  –  білім  алушыны  келесі  курсқа  көшіруге 
рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде университет дербес белгілейді. 
55.  Толық  көлемде  курс  бағдарламасынан  өткен,  өту  балының  жинай  алмаған  білім 
алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі 
бір  пəндерді  (мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын  "Қазақстан  тарихы"  пəнінен  басқа) 
белгіленген  тəртіп  бойынша,  ақылы  түрде  қайта оқуына  жəне  сол пəндерден  қайта  емтихан 
тапсыруына мүмкіндік беріледі. 
56.  Оқу  жылының  қорытындылары  бойынша  жазғы  семестр  нəтижелерін  есепке  ала 
отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады. 
Оқу  курсына  қайта  қалдырылған  білім  алушылар  бұрын  қабылданған  жеке  оқу 
жоспары  немесе  жаңа  жеке  оқу  жоспары  бойынша  білім  ала  алады  немесе  жаңа  жеке  оқу 
жоспарын жасайды. 
57.  Қайта  оқу  курсына  қалдырылған  мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы  бойынша 
оқитын білім алушы əрі қарай оқу кезеңіне білім беру грантынан айрылады. 
58. Білім алушыны көшіру, қайта оқуға қабылдау жəне академиялық демалыстан шығу 
кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады. 
59. Бакалаврларды  даярлау  бойынша  білім  беру  үдерісін  аяқтаудың  негізгі  критериясы 
студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 
6  кредитін,  диплом  жұмысын  дайындауға,  жазуға  жəне  қорғауға  кемінде  2  кредитті  (жоба) 
жəне  мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға  дайындалуға  жəне  тапсыруға  1  кредитті 
игеруі болып табылады. 
Жекелеген  мамандықтардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  (арнайы  жоғары  білім 
бағдарламасын  қоса  алғанда)  білім  беру  үдерісін  аяқтаудың  негізгі  критериі  мыналарды 
студенттің меңгеруі болып табылады: 
"Өнер" тобы бойынша – теориялық оқу 160-180 кредит; 
Сонымен  қатар,  университет  игеру  үшін  қажетті  кредиттер  көлемін  көбейтуі  мүмкін, 
білім беру бағдарламасын іске асыру олардың ерекшеліктеріне байланысты. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 70-беті 
 
70 
 
60.  Магистрлерді  даярлау  бойынша  білім  беру  үдерісі  аяқталғандығының  негізгі 
критерийлері магистранттың:  
1)  ғылыми  жəне  педагогикалық  дайындық  кезінде  кемінде  59  кредитті,  оның  ішінде 
теориялық  оқудың  кемінде  42  кредитін,  практиканың  кемінде  6  кредитін,  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының кемінде 7 кредитін; 
2)  бейіндік  дайындық  кезінде    кемінде  28  кредитті  (1  жыл  оқу  мерзімімен)  жəне 
кемінде 48 кредитті (1,5 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде теориялық оқуға сəйкес кемінде 
18  жəне  36  кредитті,  практика  бойынша  кемінде  2  жəне  4  кредитті,  эксперименттік-зерттеу 
жұмыстарының кемінде 4 жəне 4 кредитін меңгеруі болып табылады. 
61.  Жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімнің  білім  беру  бағдарламасын 
меңгерген  жəне  қорытынды  аттестаттаудан  өткен  білім  алушыларға  «бакалавр»  дəрежесі, 
жəне  (немесе)  «магистр»  біліктілігі  мемлекеттік  үлгідегі  диплом  қосымшасымен 
(транскрипт) беріледі. 
62.  Емтихандар  мен  сараланған  сынақтарды  А,  А-,  В-,  В,  В+  деген  бағаға  тапсырған 
жəне  оқытудың  барлық  кезеңінде  үлгерімінің  орташа  балы  3,5-ке  тең  мемлекеттік  емтихан 
мен диплом жұмысын (жобасын) "А", "А-" деген бағаға тапсырған бакалавриат жəне арнайы 
жоғары  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқыған  білім  алушыға,  барлық  оқу  кезенде 
қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом (əскери даярлығы бойынша бағасын 
ескермегенде) беріледі. 
63.  Жоғары оқу  орнына  кейінгі  білім  беру  бағдарламасының  толық  теориялық  курсын 
игерген  бірақ  ғылыми-зерттеу  компоненттерін  орындамаған  білім  алушыға,  келесі  оқу 
жылында  ақылы  негізде  зерттеу  компоненттері  кредитін  қайта  игеруге  жəне  диссертация 
қорғауға қайта мүмкіндік беріледі. 
 
4 ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі 
64.  Теориялық  оқудың  бір  қазақстандық  кредитінің  еңбек  сыйымдылығы  шығыны 
аудиторлық  сабақтар  мен  оқушылардың  дербес  жұмыстарын  есепке  алғанда  бакалавриатта 
45 сағат жұмысты құрайды. 
65.  Білім  алушылардың  академиялық  ұтымдылығын  жəне  білім  беру  бағдарламасын 
тануды  (жоғары  жəне  жоғарыдан  кейінгі  білім  берудің  барлық  деңгейі  мен  нысандарында) 
қамтамасыз ету үшін европалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредит ECTS кредитте 
қайта есептеу қажет. 
66. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пəнді зерделеудегі жұмыс көлемінің 
өлшем  бірлігі,  яғни  дəрісханалық  сабақ  пен  өзіндік  жұмыс  уақытындағы  жұмыс  көлемі. 
ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең. 
67.  Жалпы  оқу  жүктемесіне  дəрісханалықтан  бөлек  эссе,  рефераттар,  курстық 
жұмыстар  (жобалар)  жазу, 
зертханалық 
сабақтарды  орындау, 
практикадан 
жəне 
стажировкадан  өту,  ағымдық,  аралық  жəне  қорытынды  бақылау  əр  түрлі  дайындалу, 
материалдар  жинау  жəне  дипломдық  жұмыс  (жоба)  жазу  сияқты  студенттің  өзіндік 
жұмыстарының түрлері де кіреді. 
68.  ECTS  бір  оқу  жылындағы  оқу  жұмысының  жиынтық  еңбек  сыйымдылығын  60 
кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. 
Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны жəне 6 аптаны құрайды. 
69.  Еуропа  елдерінде  бакалавриат  дəрежесін  алу  үшін  оқудың  ұзақтығы  үш  жылдан 
төрт  жылға  дейінгі  мерзімді  құрайды  жəне  тиісінше  180-240  есептік  кредиттік  бірлік  алуы 
қажет. 
70.  Кредиттерді  қайта  есептеу  Қазақстан  Республикасында  ECTS  кредиттері  жəне 
ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асырылады. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 71-беті 
 
71 
 
71.  ECTS  кредиттерін  Қазақстан  Республикасының  кредитіне  қайта  есептеу  əрбір  пəн 
бойынша  1,5-тен  1,8  шегінде  ECTS-тің  1  кредитін  толтыруға  байланысты  ауыстыру 
коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады. 
Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады. 
Курстық  жобалардың  (жұмыстардың)  еңбек  сыйымдылығы  жалпы  пəннің  еңбек 
сыйымдылығына кіреді. 
72.  Қазақстан  Республикасының  кредиттерін  ECTS  кредиттеріне  қайта  есептеу  əрбір 
пəн  бойынша  Қазақстан  Республикасының  1  кредитін  толтыруға  байланысты  ауыстыру 
коэффицентін 73-тармақта  көрсетілген  Қазақстан  Республикасының  кредиттеріне  көбейту 
арқылы жүзеге асырылады. 
Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік 
жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады. 
73.  Оқу  жұмыстарының  басқа  түрлерінің  кредиттерін  қайта  есепте  мынадай  ауыстыру 
коэффиценттерінің көмегі арқылы 71-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады: 
Практика: оқу  – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, 
өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте; 
магистранттың ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте; 
      білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте. 
74.  Университет  оқу  орны  бойынша  жəне  факультеттегі  ECTS-ті  үйлестірушіні 
тағайындайды. 
Университет  үйлестірушісі  ECTS-тің  принциптері  мен  тетіктерінің  сақталуын 
қамтамасыз  етеді,  сонымен  қатар  университеттің  құрылымдық  бөлімдеріндегі  барлық 
үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды жəне үйлестіреді. 
ECTS үйлестірушілері білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-
тің практикалық жəне оқу аспектілері бойынша кеңес береді. 
75.  ECTS-тің  бағалау  бағаны  бес  санатқа  бөлінген  оң  бағадан  ("А"-"Е"),  дұрыстауға 
болатын FX бағасынан) жəне кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады. 
Қазақстан  Республикасының  білімін  бағалау  жүйесі  білімалушының  оқу  жетістігін 
балдық-рейтинг  əріппен  бағалау  жүйесіне  негізделген,  кредиттерді  тағайындауды 
қарастыратын  он  оң  нəтижелі  бағадан  ("A"-дан  "D"-ге  дейін),  сонымен  қатар  кредитті 
ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз "F" бағадан тұрады. 
76.  Бағаны  ауыстыру  ECTS  бойынша  балдық-рейтингтік  əріптік  жүйе  бағасы  білім 
алушының  жетістігі  жəне  осы  Ережелердің  3-4-қосымшаларына  сəйкес  жүзеге  асырылады. 
 
5  ECTS  түрі  бойынша  кредиттерді  қайта  тапсырудың  Қазақстандық  үлгісі 
шеңберіндегі академиялық ұтқырлық 
77.  Книверситетте  академиялық  ұтқырлықты  жоспарлау  жəне  ұйымдастыру  кезінде 
қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген: 
−  ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші; 
−  ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім; 
−  оқу туралы транскрипт; 
−  ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).
 
78.Университет ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже əзірлейді, 
ол ECTS-ті қолдану бойынша университеттегі негізгі құжат болып табылады. 
79.Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін университет Ақпараттық пакет (бұдан əрі – 
АП)  əзірлейді.  АП  формасы,  құрылымы,  мазмұны  жəне  форматын  университет  дербес 
анықтайды. 
80.АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады. 
81.АП  университеттің  академиялық,  ұйымдастырушылық-əдістемелік,  ғылыми  тəрізді 
едəуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды жəне қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 72-беті 
 
72 
 
іс-шаралар,  мəдени-бос  уақыт  қызметтері,  материалдық-техникалық  база  жəне  тағы  басқа) 
қамтиды. 
82.АП-да  жоғары  оқу  орнының  төмендегі  негізгі  бөлімдер  бойынша  сипаттамалары 
бар: 
1) университет туралы жалпы ақпарат; 
2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі); 
3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат. 
83.  Білім  алушының  өтінішінде  студентті  жіберетін  жоғары  оқу  орнының  атауы  жəне 
толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің жəне жалпы алғанда, жоғары оқу орнының 
академиялық  ұтқырлық  бағдарламасын  үйлестірушісінің  аты-жөні,  сондай-ақ  студенттің 
жеке ақпараты (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс. 
Өтініште  ұтқырлық  бағдарламасына  қатысу  үшін  білім  алушының  уəжділігі  туралы 
ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тəжірибесі 
жəне  алдағы  шетелде  білім  алуы  туралы  мəліметтер  жазылады,  шетелде  оқу  грантына  ие 
болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сəйкес жүргізіледі. 
84.Академиялық  ұтқырлық  бағдарламалары  бойынша  оқу  келісімі  студенттің 
академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  оқыту  процесін  реттейтін  негізгі  құжат 
болып  табылады  жəне  осы  Ережелердің 7-қосымшасына  сəйкес  ағылшын  тілінде 
толтырылады. 
85.Қабылдаушы  жоғары  оқу  орны  студенттің  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасына 
қатысуы  туралы  оң  шешім  қабылдаған  жағдайда  қабылдайтын  жоғары  оқу  орны,  студент 
жəне жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды. 
86.Ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  білім  алушының  оқығанын  растайтын  соңғы 
құжат  осы  Ережелердің 7-қосымшасына  сəйкес  нысан  бойынша  сыртқы  академиялық 
ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  білім  алған  студенттер  үшін  –  ағылшын  тілінде,  ішкі 
академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойынша  білім  алған  студенттер  үшін  –  орыс 
жəне/немесе қазақ тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады. 
87.Білім  алу  туралы  транскриптке  оқу  бағдарламасы  (курс  (пəн)  коды),  пəннің  атауы, 
пəннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған 
жағдайда)  жəне  ECTS  шкалада),  ECTS-тегі  берілген  кредиттер  саны  туралы  мəліметтер 
енгізіледі. 
Оқудың  толық  бағдарламасында  ойдағыдай  оқыған  жағдайда  берілген  дəреже/диплом 
туралы белгі жасалады. 
88.Білім  алу  туралы  транскриптте  оқу  бағдарламасының  ерекшелігі  туралы  мынадай 
(қосымша)  мəліметтер  көрсетіледі:  бағалаудың  университеттік  жүйесін  сипаттау;  ECTS 
бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі. 
 
6 Модульдік білім беру бағдарламаларын əзірлеу тəртібі 
89.Модульдік 
оқытудың 
əдіснамалық 
негізі 
ретінде 
модульдік 
білім 
беру 
бағдарламаларын əзірлеу принциптері, əдістемесі жəне тəртібі саналады. 
Оқыту  нəтижелерінің  тиімділігіне  кешенді  тəсілдерді  сақтау  арқылы  қол  жеткізуге 
болады.  Модульдік  принцип  бойынша  білім  беру  бағдарламалары  да,  оқу  жоспарлары  мен 
оқу пəндері де құрастырылады. 
90.Оқыту нəтижелері білім берудің деңгейіне сəйкес Дублин дескрипторлары негізінде 
анықталады  жəне  құзыреттілік  арқылы  көрінеді.  Бұл  ретте  оқытудың  бес  негізгі  нəтижесі 
көрсетіледі: 
  білім жəне түсіну;  
  білім мен түсінгенін қолдану;  
  пікір айтуды қалыптастыру;  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 73-беті 
 
73 
 
  коммуникативтік мүмкіндіктер;  
  оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік. 
Оқыту нəтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пəн бойынша 
да анықталады. 
91.Модульдік  оқытудың  мазмұны  дегеніміз  оқытудың  мазмұнын  жеке  ұйымдастыру-
əдістемелік  модульдерге  айналдыру  болып  табылады.  Олардың  мазмұны  мен  көлемі 
дидактикалық  мақсаттарға,  білім  алушылардың  бейіндік  жəне  деңгейлік  саралануына  қарай 
өзгеріп отыруы мүмкін. 
Модульдердің  бірігуі  білім  алушылардың  белгілі  санаттарының  оқуы  (жəне  өздігінен 
оқуы)  үшін  жəне  арнайы  дидактикалық,  кəсіби  мақсаттарда  іске  асуы  үшін  талап  етілетін 
нақты  оқу  материалын  таңдау  жəне  құрастыру  еркіндігі  мен  икемділігінің  қажетті  деңгейін 
қамтамасыз етеді. 
92.Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар: 
1) білім беру бағдарламаларын, нақты пəндерді құрастырудың жəне олардың мазмұнын 
анықтаудың жүйелі тəсілдері; 
2)  білімді  жеке  элементтерге  бөлшектеу  жəне  білім  берушілер  мен  білім  алушылар 
ынтымақтастығының нақты көрінуі; 
3)  əр  модуль  ішінде  жəне  олардың  арасында  оқу  сабақтары  түрлерінің  əдістемелік 
тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету; 
4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі; 
5)  білім  алушылардың  білімін  бақылаудың  тиімділігі  мен  бақылау  іс-шараларының 
семестр барысында дұрыс бөлінуі; 
6)  студенттердің  шығармашылық  қызметі  үшін  алғышарттар  құрылатын  дамыта 
оқытудың əдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады. 
93.Білім  беру  бағдарламасының  əрбір  модулі  оқытудың  белгілі  нəтижелеріне,  яғни 
құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пəндердің мазмұндық бірлігі 
негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін. 
94.«Көлденең»  модульде  барлық  құрамдас  пəндер  параллель  оқытылуы  мүмкін  білім 
беру нəтижелеріне тең дəрежеде жəне біршама тəуелсіз қызмет етеді. 
«Тік»  модуль  іргелі  жəне  жалпы  кəсіби  деңгейден  арнайы  тар  қолданбалы  деңгейге 
дейін белгілі бір білім беру нəтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) 
оқытылатын пəндерді қамтиды.  
95.Модульдік  білім  беру  бағдарламалары  мамандарды  даярлаудың  құзыреттілік 
моделінің  контексінде  əзірленеді.  Бұл  жағдайда  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім  беру  барысында  қалыптастырылатын  құзыреттіліктер  пəн  саласына  қатысты  жəне 
əмбебап (жалпы жəне пəннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді. 
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу жəне 
түсіну  қабілеті),  қалай  əрекет  етуді  білуді  (нақты  жағдайларға  білім  мен  дағдыларды 
практикалық  жəне  жедел  қолдану)  жəне  қалай  болатынын  білуді  (əлеуметтік  контексте 
өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды. 
96.Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді: 
1) оқу пəндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім 
беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пəнаралық тексеру; 
2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау; 
3)  бір  МББ  аясында  ықтимал  білім  беру  траекторияларын  белгілеу  (бағыттарды, 
магистрлік  бағдарламаларды,  элективті  пəндер  мен  қосымша  білім  беру  бағдарламаларын 
есепке ала отырып); 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет