сақтау, сөйлей білу мэнері өз-өзін ұстай білу ерекшелігі болып та- былады. Адамдарды тыңдай білу, ой-пікірлерін саралап, тұжырым жасау дегеніміздің өзі - айналып келгенде, журналистің жоғары мәдениетімен, этикалық игі тэрбиесімен астасып жататын күрделі дүние. Қоғамдық пікірді анықтау мақсатында белгілі бір нақты сұраққа әртүрлі адамдардан жауап алынатын сауалнамалық сұхбат та радио ла аракідік көрініс табады. Радиодағы бүгінгі көп сұхбаттардың дені жеке тұлғаның образын ашуға тырысады. Мұндай портреттік сұхбаттар әлеуметтік-психологиялық сипатымен ерекшелінеді. Есен Сәриевтің «Әлқисса» (тарихта болған тұлғалардың қазіргі
ПТтарау. Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
109 ұрпақгарымен сырласу) хабары, Еділ Уәлікұлының «Біздің елдің