Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет15/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

Жанарбек Әшімжан: Сiз мемлекет басшысын құрылтайға шақыр- 
мадыңыз ба?
Нұрлан  оразалин:  Менiң  тарапымнан  ондай  ұсыныс  болды. 
Өкiнiшке қарай президенттiң iссапарлар кестесi өте тығыз екен. Соған 
қарамастан,  мемлекет  басшысы  бұл  құрылтайға  айрықша  мән  берiп 
отырғанын қадап айтты. 
Жанарбек  Әшімжан:  Осы  орайда  алдағы  сәрсенбi  күнi  болатын 
жазушылар  құрылтайына  дайындық  барысын  қысқа  ғана  тұжырып 
кетсеңiз?
Нұрлан  оразалин:  IV  пленумның  шешiмi  бойынша  бiз  бұл 
құрылтайға  республиканың  түкпiр-түкпiрiндегi  қаламгерлердiң  бар- 
лығын жинап жатырмыз. Жекелеген шығармаларға қатысты мәселелер 
пленумдарда,  одақтың  жанрлық  кеңестерiнде  жиi  талқыланады.  Бұл 
құрылтайдың мақсаты – дәуiр алмасып, кезең кезеңге орын берiп жатқан 
тұста  барлық  қаламгерлердiң  басын  қосып  отырып,  жаңа  кезеңдегi 
әдебиетiмiздi  кемелдендiрудiң  жаңа  концепциялық  бетбұрысын,  бар-
жоғымызды бiр айқындап алудың сәтi түсiп тұр. Ұжымдасып отырып, 
осы сауалдарға оң жауап табудың сын сағаты соқты. Жазушылардың 
абырой-беделi  осыдан  көрiнетiн  болады.  Ал  бұл  үдеден  шығу  оңай 
шаруа емес.
Шетелдерден қонақтар келедi. Облыстардан 250-ге тарта жазушы- 
ларымыз  келедi.  Астананың  өзiнде  70-тiң  үстiнде  қаламгерлерiмiз 
бар. Олардың бәрiн қонақ үймен, тиесiлi көлiктермен қамтамасыз ету 
керек. Ұйымдастыру шаралары қызу жүрiп жатыр. Ал әңгiменiң негiзгi 
арқауы – әдебиет, әдебиеттiң мұң-мұқтажы болу керек.
Республика  бойынша  қазiр  700-ге  тарта  жазушы  бар,  нақтылап 
айтсақ, 670-тiң үстiнде. Өкiнiшке қарай, екi құрылтайдың аралығында 
105 қаламгерден айырылып қалдық. Жасы, жасамысы бар, әрқайсысы 
бiр-бiр  шығармашылық  тұлғалар  болатын.  Солардың  дүниеден  өтуi 
ұлтымызға орны толмас қаза болғаны күмәнсiз. Және сол азаматтарды 
ақырғы  сапарға  арулап  шығарып  салған  жалғыз  мекеме  де  осы  – 
Жазушылар одағы. Айтар ауызға оңай, ал қамшының сабындай қысқа 
ғұмырдағы ең ұлы шаруа – шығармашылығын халқына арнаған аяулы 
азаматтардың  қадiрiне  жете  отырып,  ақыреттiк  мiндетiн  абыроймен 
атқарып, жер қойнына тапсыру. Сәулет, сурет, ән өнерiндегi қаншама 
азаматтар  iздеусiз-жоқтаусыз  дүниеден  өтiп  жатыр...  Өйткенi  – 
шығармашылық  адамдарының  басым  көпшiлiгiнiң  жағдайы  әзiрге 
ауыр. Мұны жасырып-жабуға болмайды.
Жанарбек  Әшімжан:  Жазушылар  одағы  –  қоғамдық  ұйым,  мем- 
лекеттен  қаржы  алмайды.  Ал  құрылтай  өткiзу  орасан  зор  қаржыны 
талап етедi. Көмек қолын созып жатқан тиiстi орындар бар ма? 

155
Нұрлан  оразалин:  Әр  облыстан  келетiн  делегат  жазушылардың 
құрылтайға  келiп-кету  шығынын  көтерудi  облыстық  әкiмшiлiктер 
ұйымдастырып отыр. Құрылтайдың негiзгi ауыртпалығын жеңiлдетiп, 
ұйымдастыру шараларына қол ұшын созған Алматы қаласының әкiмi 
Иманғали Тасмағамбетов мырза. 70 қаламгерге бас-көз болып отырған 
Астана  қалалық  әкiмшiлiгiнiң  иығына  да  оңай  салмақ  түсiп  отырған 
жоқ. Үкiмет тарапынан да қолдау баршылық. Ең басты қолдау мемлекет 
басшысы тарапынан болып отырғанын баса айтқым келедi.
Жанарбек  Әшімжан:  Соңғы  кездерi  қайсыбiр  қаламгерлер  орыс 
тiлдi басылымдар арқылы «Жазушылар одағы әлi күнге ескi сарынмен 
жұмыс  iстеуде»  деген  сыни  пiкiрлерiн  айтып  жүр.  Бұған  қатысты  не 
уәжiңiз бар? 
Нұрлан  оразалин:  «Тойдың  болғанынан  боладысы  қызық» 
дегендей, құрылтай дабысы естiлгелi түрлi әңгiмелер айтылуда. Кейде 
болмағанды  болды,  жоқты  бар  деп,  елдi  адастырып,  өтiрiк  ақпарат 
таратушылар жоқ емес. Мұның бәрi сол әңгiмелердi таратып жүрген 
топтың маңайындағы жiгiттерге өте жайсыз нәрсе. Ерте ме, кеш пе, 
шындық  өз  мiнбесiне  шығады.  Ал  Жазушылар  одағының  қоғамдық 
ұйым  ретiнде  өтпелi  кезеңнiң  қиындығын  қалай  өткергендiгiн 
қаламгерлердiң  өздерi  айтып  отыр.  Қаншама  мақалалар  жазылды! 
Көзқарастар  ашық  айтылуда.  Бұл  тақырыпқа  қызығушылар  сол 
көзқарастарды  екшей  отырып,  өздерiне  керектi  ақпараттарды 
алуына болады. Мен оның бәрiн қайталап жатқым келмейдi. Осыдан 
бiраз  уақыт  бұрын  «Жас  қазақ»  газетiнде  Еренғайып  Қуатайұлы 
екеумiздiң  сұхбатымызда  алыпқашпа  әңгiмелердiң  бәрiне  жауап 
берiлген.  Шығармашылық  үйi,  «Қаламгер»  кафесi,  одақ  орналасқан 
үй  туралы  әңгiмелер  айтыла-айтыла  жауыр  болған  тақырыптар. 
Шындығында ешқандай мүлiк ешқайда кеткен жоқ, бәрi орнында. Тек 
сол ғимараттарды кезiнде алып кеткiсi келген әрiптестерiмiздiң терiс 
пиғылы жүзеге аспай қалды. Одақ төңiрегiнде жайсыз әңгiме таратып 
жүргендер  де  солар.  Олар  кешегi  өздерi  күйретiп,  қиратып  кеткен 
дүниелердiң қайта қалпына келiп жатқанын көтере алмауда. Одақтың 
мүлiктерiн пышақтың жүзiнде бөлiп жiберген солар ендi келiп, араға 
он жыл салып, реваншистiк мiнез көрсетiп жатыр. Пiкiр айтады екен, 
елдi  адастырмай,  әдiлiн  айтсын.  Бiзде  де  бiраз  құжаттар  бар,  қажет 
болса көтеремiз. Одан не пайда? Жазушы жазушыны ғайбаттап қайда 
барады?
Ал,  «шығармашылықпен  аз  айналысып,  негiзiнен  шаруашылыққа 
ден  қойып  кеттi»  дейтiндер  бар.  Бұл  –  нарықтың  заманы.  Осындай 
алмағайып кезеңде одақтың жылжымайтын дүние-мүлiктерiн қайтарып 
алу  керек  болды.  Одақтың  шығармашылықпен  айналысуына  жағдай 
жасайтын  негiзгi  арқауы  –  материалдық  құндылықтар.  Ұстағанның 

156
қолында, тiстегеннiң аузында кеткен дүниелердi толық қайтарып алу 
кезеңi аяқталды. Қазiр Шығармашылық үйi де, «Қаламгер» де күрделi 
жөндеуден  өттi,  түгел  iске  қосылды.  Қазiр  одақ  орналасқан  негiзгi 
ғимарат  күрделi  жөндеуден  өтiп  жатыр.  Анығында  одақ  әлдекiмдер 
айтқандай  «тек  шарушылықпен  ғана  айналысып»  келген  жоқ. 
Қаншама  пленумдар  өттi,  оның  iшiнде  70  жылдыққа  орай  өткiзiлген 
үлкен Пленум бар. Төрткүл дүниеден жазушылар келдi, осының бәрi 
Жазушылар  одағының  беделiмен,  жиған-терген  қаржысымен  өткен 
шаралар.  ЮНЕСКО  деңгейiнде  өткен  Махамбеттiң  200  жылдығы, 
Алматыдағы  пленум,  конференциялар,  Дулат  Бабатайұлының  200 
жылдық  салтанатты  жиындары,  Мүсiреповтiң,  Мұстафиннiң  100 
жылдығына  орай  өткен  жиындар.  Жекелеген  ақын-жазушылардың 
мерейтойлары, кештерi. Мен есiме түскенiн ғана айтып отырмын. Екi 
құрылтай арасындағы елдiң есiнде қалған өзге де шараларға неге бiз 
көз  жұмып  қарауымыз  керек?  Бұларды  шығармашылық  игiлiк  емес 
деп кiм айтады? Солардың бәрi қазақ әдебиетiнiң бiр-бiр алыптарына, 
көркем әдебиеттiң насихатына арналған шаралар.
Мұның сыртында жаңа шыққан әңгiмелер, өлеңдер, драматургиялық 
туындылар одақтың шығармашылық кеңестерiнде талқыланып жатыр. 
Олардың  денi  түрлi  сыйлықтарға  ұсынылды,  жеңiп  те  келдi.  Жыл 
сайын балалар әдебиетiне қатысты дәстүрлi байқайлар өтуде. Балалар 
әдебиетiне орай жеке Пленум болды.
Одақ – жазушылардың өз ерiктерiмен құрылған ұйым. Осы одаққа 
келiп «менiң мынадай ойым бар, анау былай болса, мына шаруа дұрыс 
орындалмай  жатыр»  деген  ұсыныс  айтып,  сол  ұсыныстары  жүзеге 
аспай  жатса  кiнәлауға  болады.  Одаққа  тас  боратып  жатқандардың 
денi  соңғы  бес  жылдың  iшiнде  жазушылардың  бiрде-бiр  пленумына, 
жиналыстарына  бас  сұқпағандар.  Шақырсаң,  келмейтiндер.  Өздерiн 
әдебиеттен, одақтың жұмысынан жоғары қоятындар, өздерiн өте жақсы 
көретiндер.  Неге  және  кiмге  өкпелейтiнi  белгiсiз.  Өздерi  қатыспаған 
талқылауларды,  жиындарды  жоққа  шығару,  болмадыға  есептеу 
оппоненттердiң  ежелгi  қаруы  ғой.  Ақ-қарасын  айтуды  құрылтайға 
қалдырайық.  «Одақ  ескi  тәсiлмен  жұмыс  iстейдi»  дегендердiң  ең 
құрығанда бiреуi келiп жаңа ұсыныс айтып па? Жоқ!
Жанарбек  Әшімжан:  Ал  сiздер  қандай  тәсiлмен  жұмыс  жүргiзiп 
жатырсыздар? 
Нұрлан  оразалин:  Бiз  қолда  бар,  уақыт  өзi  екшеген  тәсiлмен 
жұмыс  iстеп  отырмыз.  Бұл  ұйым  өткен  ғасырдың  елең-алаңында, 
30-жылдары  өмiрге  келдi.  Сол  кездегi  тоталитарлық  құрылым 
мен  партия  одақты  өздерiнiң  идеологиялық  қаруы  ретiнде  құрды. 
Мәскеуде  Горький  бастаған,  бiзде  Сейфуллин,  Жансүгiров  бастаған 
арыстарымыз  бұл  ұйымның  жұмысын  өз  ұлтының  әдебиетiне  қарай 

157
бейiмдей бiлдi. Әрине, жазалаушылық етек алған кезеңде Жазушылар 
одағының  қолымен  Мәскеуде  Булгаковтарды  қалай  қудаласа,  бiзде 
Байтұрсыновтарды,  Жұмабаевтарды  солай  қудалағанын  бiлемiз.  Бұл 
–  тоталитарлық  қоғамның  зымиян  саясатын  жүзеге  асырудың  айла-
тәсiлi болатын. Әр кезеңде әрқалай iс-қимылдар болды. Дегенмен кейiн 
жылымық  келген  жылдары  Жазушылар  одағы  өз  әлiнше  әдебиеттiң 
дамуына көп мүмкiндiктер жасады. Белгiлi қалыптасқан үлгi бар. Күнi 
бүгiнге дейiн жазушылармен жұмыс iстейтiн құрылымның қуаттысын 
ешкiм  ойлап  таба  қойған  жоқ.  Клубтар  мен  бiрлестiктер  бар,  әрине, 
бiрақ Жазушылар одағы секiлдi тегеурiндi, бүтiн қаламгерлердiң басын 
бiрiктiретiн  қоғамдық  ұйым  әзiрше  жоқ.  Бiз  өз  мүмкiндiгмiзше  сол 
ұймның жұмыс тәсiлiн жетiлдiруге күш салудамыз.
Негiзiнен  Қазақстандағы  шығармашылық  одақтардың  денi  тұн- 
шығып  қалды.  Ғимараттарынан  айырылып  қалды.  Солардың  iшiнде 
еңсесiн тiктеп, заман ағымына iлесе алған жалғыз ұйым – Жазушылар 
одағы.
Одаққа  мен  басшы  болып  келген  1996  жылғы  жағдаймен  бүгiнгi 
ахуалды салыстырып көрiңiздер, жер мен көктей.
Жанарбек Әшімжан: Құрылтайдың көмбесi көрiнгелi «Жазушылар 
одағының бүгiнгi басшылығы «заңсыз отыр» деп сөз таратушылар бар. 
Бұған не дейсiз?
Нұрлан оразалин: Рас, соңғы кездерi кейбiр әрiптес-оппоненттердiң 
аузымен түрлi басылымдар мен мiнбелерде ондай пiкiрлер айтылып жүр. 
Ондай даурықпа сөзге мынандай тұжырым айтуға болады: бiрiншiден, 
ұйым  700-ге  тарта  қаламгерлердiң  басын  құрайды.  Оның  380-i  – 
Алматы  қаласында,  70-i  –  Астана  қаласында,  қалған  250-ден  астамы 
облыстарда. Құрылтайға мол қаржы керек. Шығын көздерiн табу оңай 
емес.  Екiншiден,  екi  құрылтай  аралығында  бұрынғы  басшылықтың 
атүстi, шалағай шешiмiнiң салдарынан қолды болып кетiп, араға көп 
жыл салып, ұйым иелiгiне зор күшпен (3,5 жарым жылдай соттасудың 
нәтижесiнде)  әзер  оралған  ғимараттарды  күрделi  жөндеуден  өткiзiп, 
iске қосу қиындығы тұрды. 
Осы  кезең  iшiнде  бұрынғы  әдеби  қор  басшылығының  (араға 
он  жыл  салып  «реванш»  алу  мақсатында  ел  iшiн  шулығандатып 
жүрген) тiкелей жауапсыз әрекетiнiң нәтижесiнде азып-тозып, iстен 
шыққан  Жазушылар  ұйымының  иелiгiндегi  ғимараттар  бiрiнен  соң 
бiрi  күрделi  жөндеуден  өттi.  Шешуi  қиын  мәселенiң  бiрi  орталық 
үйдiң  күрделi  жөндеуi  едi.  Бюджеттен  қайта-қайта  қаржы  сұрау  – 
жайсыз дүние. Қоғамдық ұйымды қаржыландыруға болмайды деген 
«пешенеге  жазылған  жазу»  тағы  бар.  Ақыры  инвестиция  таптық. 
Қазiр  күрделi  жөндеу  жүргiзiлуде.  Үшiншiден,  ғимараттарды  49 
жылға ұзақ мерзiмдiк жалға алу, оны заңдастыру, iске қосу, қалыпты 

158
жағдайда күтiп ұстау, ыждаһаттылықпен қатар, бiраз қаржыны керек 
ететiнi белгiлi. 
2005  жылдың  ақпанынан  берi  ұйым  күшiмен  «Әдебиет  айдыны» 
атты  апталық  үзбей  шығуда.  Одақ  жанынан  құрылған  «Ан  Арыс» 
баспасы да жаңа-жаңа қатарға қосылып келедi. 
Жуықта өткен Пленумда құрылтайдың аз-кем кешiгуiнiң осындай 
объективтi,  субъективтi  себептерiн  алға  тарта  отырып,  басшылық 
Басқарма  алдында  есеп  бердi.  Қаулы  қабылданып,  кезектi  ХIII 
Құрылтайдың өту мерзiмi белгiлендi. 
Құрылтайға  әзiрлiк  жүргiзу  үшiн  әрi  пленум  қаулысында  көр- 
сетiлген  «Жарғыға  түзетулер  мен  өзгерiс  енгiзудi  жүзеге  асыру» 
мақсатында  жұмысшы  тобы  құрылған  болатын.  Осы  жұмысшы 
тобының  мәлiмдеуiнше,  «Құрылтай  мерзiмiнiң  кешiгуiне»  орай  одақ 
басшылығының құқын бейлегитимдi санау нормалары Жарғыда жоқ. 
Сондықтан олардың бұл айтып жүрген әңгiмелерi негiзсiз. Жарғымен 
жақсы танысып, оны «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңмен салыстыра 
отырып,  басқарма  мен  басқарма  жұмысына  заңдық  тұрғыдан 
түсiнiктеме берген бiлiктi заңгерлер де оппоненттердiң пiкiрi орынсыз 
екенiн ескерттi. 
Құрылтай – басқарманы, басқарма – төрағаны сайлағаны; төрағаның 
ұсынысымен секретариат құрамы сайланғаны қандай ақиқат болса, өз 
тарапында секретариаттың нәтижелi жұмыс iстегенi де, екi құрылтай 
аралығында бiр қыдыру iс тындырғаны да сондай ақиқат. 6 сәуiр күнi 
өткен Пленум басшылық есебiн тыңдай келе, бiрауыздан секретариат 
жұмысына оң баға бердi. Құрылтай шақыру мерзiмiн 6 маусымға деп 
белгiледi. 
Жанарбек Әшімжан: «Жазушылар одағы саяси сипатқа да ие болу 
керек» деген пiкiр қаншалықты салмақты?
Нұрлан оразалин: Одақтың басшысы жазушыларды алға салып, 
саяси партиялар секiлдi елдiң iшiн алатайдай бүлдiру дейтiн мәселеге 
мен  өзiм  тұлабойыммен  қарсымын.  Және  «Жазушылар  одағының 
басшысы  үркiтiп-қорқытып,  үкiметтiң  бермес  ақшасын  тартып 
алуы  керек,  жазушылардың  беделi  сонда  артады»  деген  пiкiрлер  – 
астамшылық, керек десеңiз мәдениетсiздiк. Бұл Кеңес одағының соңғы 
бiр кездерiнде болған.
Бiрақ  Жазушылар  одағы  ұлттық  мәселелерде  жерге  қарап  қалған 
тұсы жоқ. Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiнде тiл тағдырына 
араша сұрап жанұшырғаны шындық па? Шындық! Сосын жер туралы 
үлкен дау болған кезде жазушылар қауымы бұл мәселеден шет қалған 
жоқ.  Одақта  Сапабек  Әсiп  ақсақалдың  жетекшiлiгiмен  жер  туралы 
арнайы  комиссия  жұмыс  iстейдi.  «Жер  сатылу  керек,  сауда  көзiне 
айналуға тиiс» деген мәселе алғаш шыға бастағанда-ақ үлкен тегеурiн 

159
танытқан  төр  –  Жазушылар  одағы  болатын.  Жазушылардың  үндеуi 
сол тұста 13-14 басылымның бетiнде жарияланды. Сөйтiп бұл мәселе 
төрт-бес жылға шегерiлген де кезi болған. Одан арыға бiздiң күшiмiз 
жетпедi...
Жалпы кез-келген шығармашылық одақ тәрiздi бiздiң де өз жарғы- 
мыз  бар.  Жарғыға  сәйкес  жұмыс  жүргiзу  –  ұйымның  басты  мұраты. 
Соған  қарамастан,  бiз  кейбiр  маңызды  саяси  мәселелерге  өз  тарапы- 
мызыдан баға берiп, араласып отырамыз. Ұлттық мұраттарды аяқасты 
ететiн  пиғылдарға  жандүниесiмен  қарсы  тұруға  қаламгерлердiң  ары 
да, ұяты да жетедi.
Ал  саяси  мiнбелерден  сөйлеп  жүрген  жекелеген  қаламгерлердiң 
саясатпен  айналысуға,  елдiк  сипатта  өз  сөзiн  айтуға  толық  консти- 
туциялық құқы бар.
Бiзде  «суреткер  билiкке  ылғи  оппозицияда  болу  керек»  дейтiн 
ұғым  бар.  Бұл  бiр  кездерi  Ресей  секiлдi  империялық  елдерде  көп 
айтылатын. Ал Ресейдiң империялық кескiнiне қарсы болмаған ұсақ 
ұлттар аз ба?
Ал сен бас-аяғыңды жаңа-жаңа бүтiндеп келе жатқан кезде, iшiңе 
кiрiп  алып,  бөлшектегiсi  келетiн  әлемдiк  мүдделер  толып  жатыр. 
Жаһанданудың  сан  түрлi  терезелерi  ашылып  кеттi.  Ал  сондай 
алмағайып  уақытта  ұлттың  iшкi  дiңгегiн  сақтап  қалу  үшiн  күресу  – 
суреткердiң басты мiндетi. Бiздiң саяси мiнбелерде жүрген жекелеген 
қаламгерлерiмiз сол күрес жолында жүр. Мен бiлетiн айдай бiр шындық 
– майдан даласында ақиқат үшiн жалғыз қалғанша күресетiн бiрден бiр 
тұлға – жазушы! 
Жанарбек Әшімжан: Жазушылар одағының өзге елдермен шығар- 
машылық, iскерлiк байланысы қай деңгейде?
Нұрлан  оразалин:  Әрине,  анабiр  жылдардағыдай  қоян-қолтық, 
сұрапыл байланыстар жоқ. Қазiр әркiм өз қазанында қайнап жатыр. Осы 
байланысты күшейту мақсатында бiрнеше қоғамдық ұйымдар құрылды. 
90-жылдардың  басында  Шыңғыс  Айтматовтың  басшылығымен  Орта 
Азия  халықтарының  мәдени  ассамблеясы  құрылған.  Мен  сол  ас- 
самблеяның  Қазақстандағы  өкiлеттi  орынбасарымын.  Осы  ұйымның 
тiкелей  мұрындық  болуымен  алғашқы  кездерi  Қырғызстанда,  Өзбек- 
станда,  Қазақстанда  жиi-жиi  бас  қосып  жүрдiк.  Кейбiр  мәселелер 
Орта  Азия  елдерiнiң  заңдық  жүйесiне,  iшкi-сыртқы  саясатындағы 
параметрлерге  келiп  тiрелiп  қалады.  Кейде  Түркiменстан,  Өзбекстан 
секiлдi көршi елдерiмiздiң есiк-терезелерiн тарс бекiтiп алған кездерi 
де болды. Осындай кедергiлердiң әсерiнен Орта Азия елдерiндегi әдеби 
байланыс ойдағыдай болмай тұр. Оның үстiне көршi мемлекеттердегi 
шығармашылық одақтардың бiразы дағдарысқа ұшырап отыр.

160
Жанарбек Әшімжан: Мәскеудегi Жазушылар одағы да қазiр тоз-тоз 
болып бөлiнiп кеткенi, өзара дүрдараз екенiн «Литгазетадан» оқыдық.
Нұрлан  оразалин:  Рас,  Мәскеудегi  бiр  кезде  атынан  ат  үркетiн 
одақ  тоз-тоз  болып  бөлiнiп  кеткенi  шындық.  Жазушылар  бiр-бiрiмен 
алысып, жоқтан өзгеге соттасып, жаға-жыртысып өз абырой беделдерiн 
өздерi төмендетiп алды. Әлi күнге дейiн соттасып жатыр. Бұл «ауру» 
өзге республикаларға да жұқты. Қырғызстандағы одақ төртке бөлiнiп, 
ақыры қайта бiрiктi. Сол ауыр тауқыметтер бiздi де соқпай өткен жоқ. 
Бiз де бөлiнудiң қарсаңына келдiк. Әдеби қор болып бiр, Жазушылар 
одағы болып екi бөлiндiк. Екеуi екi құрылым болды, сөйтiп әдеби қор 
бүкiл  дүние-мүлiктi  өз  иелiгiне  алып  кеттi.  1996  жылы  Жазушылар 
одағы бiртiндеп тарап бара жатқан. Басында бiр мүлiгi жоқ, басында 
үйi жоқ, тарамағанда не болды? Бәрiн әдеби қор алып қойған. Ал әдеби 
қор  өз  кезегiнде  өзге  қайырымыдылық  қорларымен  теңелiп  қалған. 
Мүшелiк  мiндеттен  алыстап  кеткен.  Ал  сол  тұста  Жазушылар  одағы 
тарап  кеткенде,  бiздiң  бөтен  пиғылды  әрiптестер  үшiн  бар  мәселе 
«шешiлетiн»  едi.  Олардың  өкiнiшiне  қарай,  бiз  тоз-тоз  болып  тұрған 
дүниелердi бiртiндеп қайта жинап алдық. Осы дүниелердi жинап алу 
жолында  әдеби  қорды  таратып  жiбердiк.  Бұрын  әдеби  қорды  сақтау 
үшiн әр жазушының қаламақысының 10 пайызы қорға келiп құйылатын. 
Уақыт  талабы  ол  қордың  көзiн  суалтып  жiбердi.  Бiз  сөйтiп  кеткен 
мүлiктердi тiртiнектеп жүрiп жинадық. Ал соншама күреспен, жүйкеге 
түскен салмақпен келген бүгiнгi жағдайда ештеңе болмағандай болып 
көрiнедi.
Сол кешегi «Алматы жазушылар одағын құрамыз» деп жүргендердiң 
пиғылы  алабөтен.  Мен  кейде  солардың  көкейiнде  «анау  1996  жылғы 
кеткен қызғаныштың қызыл итi ойнақ салып жүрген жоқ па?..» деген 
күдiк құшағында қалатыным бар. Олардың мақсаты қай жолмен болса 
да Жазушылар одағының ғимаратын уысына түсiру ғой...
Жанарбек  Әшімжан:  Осы  жағдайлардан  мемлекет  басшысы  ха- 
бардар ма?
Нұрлан оразалин: Мемлекет басшысы барлық жайттан хабардар 
ғой...  Мұндай  ұсақ-түйек  нәрселердi  айтып  ол  кiсiнiң  уақытын  алу 
әбестiк болар едi. 
Жанарбек Әшімжан: Сұхбатымызды қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi және 
ертеңгi бағыт-бағдары, жоғалтқан-тапқан үрдiстерi туралы ойыңызбен 
аяқтасақ?
Нұрлан  оразалин:  Тәуелсiздiкдiң  алғашқы  жылдары  әдебиетке 
көп қиындық алып келдi. Құндылық, баға, көзқарас мүлде өзгерiп кеттi. 
Жазушылар  өздерiн  өздерi  тани  алмай  қалды.  Сол  жылдары  байтал 
түгiл бас қайғы кезеңдер болды. Сондай қиыншылықтарға қарамастан, 

161
соңғы 17 жылдың бедерiнде тәуелсiздiгiмiздi бекiтумен бiрге, өзгеше 
ойлайтын  мүлде  жаңа  ұрпақтың  буыны  қатайды.  Әдебиетке  деген 
жаңа көзқарастар айшықталды. Олардың санасында бодандық туралы 
ұғым  ада-күде  жоқ.  Демек,  жас  әдебиетшiлер  көз  алдында  өткен 
өзгерiстердi  әлдеқайда  еркiн,  мүмкiндiгiнше  терең,  психологиялық 
талдаулары нанымды, ең бастысы уақыт бедерiн нақ беретiн ажарлы, 
көркем, кесек, жанрлық өлшемi әрқилы туындыларды өмiрге әкеле ме 
деген үлкен сенiм үдесiнде отырған жайымыз бар. Бұл пiкiр «аға буын 
шаршап-шалдығып, қатардан қалып отыр екен» деген күдiк тудырмауы 
керек.  Мемлекет  басшысы  жиi  айтатын  Драйзер  шығармаларындағы 
кейiпкерлердiң iс-әрекетiмен сипатталатын күнгейлi-көлеңкелi заман- 
ды бiздiң жазушылар ендi ғана басынан өткеру үстiнде. Құдайға шүкiр, 
қазiр қазақ өлеңi өте жақсы. Ендi нәзiк те қатал құбылыстарға толы проза 
бүр жарып келедi. Мен өзiм жанымдай жақсы көретiн интеллектуалдық 
әдебиеттiң ауылы әзiрше алыстау секiлдi. Мұндай туындыларды жазу 
негiзiнен философ-жазушылардың еншiсiнде.

162
«МҰрАЛАрЫМДЫ МеМЛекет сҰрАсА ҒАНА БереМiН»
(Этнограф, өнер зерттеуші Жағда Бабалықпен сұхбат)
Жанарбек  Әшімжан:  Тәңiрқұты  дейтiн  қасиеттi  ұғым  бар.  Осы 
жайында,  әсiресе,  шекараның  арғы  жағынан  келген  қандастарымыз 
тәуiр бiледi. Бұл ұғымды сiз кейiн бiраз зерттедiңiз. Тiптi осы ұғымға 
қатысты  басыңыздан  қызық  оқиғаларды  да  өткердiңiз.  Әңгiмемiздi 
осыдан бастаған жөн болар.
Жағда Бабалық: Тәңiр дегенiмiз – Жаратушы, Алла, Құдай деген 
сөз. Сол Тәңiрдiң жiберген ұлтқа көсем бола алатын, халыққа қамқор 
бола алатын адамын Тәңiрқұты деймiз. Қазақта президент деген сөздiң 
неше түрлi синонимi бар. Мысалы, елбасы, көсемi, күн көсем, шыңғұз 
(Шыңғыс  дегенi  шыңғұз  ғой),  патша,  хан  деген  сияқты.  Осылардың 
қатарында Тәңiрқұты да бар. Бiздiң жыл санауымыздың басында кейбiр 
түркi тектес халықтар өз хандарын Тәңiрқұты деп атаған. Бұл – мен 
жасаған сөз емес, тарихи сөз. Ойлы адамға Тәңiрқұты өте мағыналы 
сөз. Әуелi мен сендерге бiр тарихи оқиғаны айтып берейiн. 1946 жылы 
мен әскерде едiм. Қобық дейтiн жерде полк командирiнiң орынбасары 
қызметiн атқарып жүргем. 
Жанарбек Әшімжан: Қытайда ғой?
Жағда Бабалық: Иә, Қытайда. Мына Тянь-Шанның солтүстiгiнде 
негiзiнен бес аймақ жатыр. Аймақ дегенiмiз – облыс. Сол бес аймақтың 
бiрi – Тарбағатай. Тарбағатайдың қарамағында жетi аудан бар. Соның 
бiрi  Қобық  деп  аталады.  Бiз  осы  жерде  гарнизонның  құрамында 
болатынбыз.  Яғни,  барлау  жұмыстарын  жүргiземiз.  Аймақты  күндiз-
түнi кiрпiк қақпай күзетуiң керек. Аудан орталығы онша үлкен емес, 
шағын ғана қалашық. Қалашық шетiнде шағын мазар бар. Мазардың 
сырты шынымен қапталған, өте әйбәт, көркем жасалған. Ауылдың бұзық 
балалары соның шынысын iстiкпен аршып, сындырып тастапты. Бұған 
жаны  шыдамаған  жергiлiктi  халық  –  моңғолдар  наразылық  бiлдiрiп, 
бас  көтердi.  Шу  шығарды.  Бiр  күнi  менi  полк  командирi  шақырып 
алып,  шуды  басуды,  мазарды  қалпына  келтiрудi  тапсырды.  Мазарды 
жөндеуге қажет заттарды алдыруға бiрнеше адамды облыс орталығына 
жөнелттiм. Олар бiр жұмада келдi. Бiз мазарды қатырып тұрып жөндеп 
бердiк.  Сол  Қобық  ауданында  буддистердiң  бiр  дiни  орталығы  бар. 
Соның  бiр  мүшесi  мазарды  қалпына  келтiру  жұмыстарын  жiтi  қарап 
жүрдi. Бiз оны көңiлдегiдей жасадық, ол қабылдап алды. Сол екi арада 
мен  бұл  кiсiмен  танысып  қалдым.  Өзi  ақылды  адам  екен.  Қазақша 
мақалдап  тұрып  сөйлейдi.  Сәтi  келген  тұста  мен:  «Мазардың  iшiнде 
жатқан кiм?» деп сұрақ қойдым. Ол: «Шәлбән Геген» деп жауап бердi. 
Шәлбән  –  аты,  Геген  –  моңғолша  «тiрi  құдай»  деген  сөз  екен,  титул 
ғой. Содан мен күлдiм де: «Мырзам, тiрi құдай өле ме екен?» дедiм. 

163
«Жоқ,  ол  өлген  жоқ,  –  деп  үн  қатты  тақуа.  –  Ол  бiзге  өкпелеп  кетiп 
қалған, қайтып келедi». Содан мен қарсы сұрақ қойған жоқпын. Бiраз 
уақыт өткен соң ол кiсiге жолығып: «Сонда бұл кiсi қашан келедi?» деп 
сұрадым. «Ол келгенiн айтпайды, бiз оны iздегелi 20 жыл болды, қай 
шаңыраққа келедi – оны өзi бiледi, бiз тек оны табуымыз керек» дедi бұ 
кiсi. Бақсам, олар бұл адамды былай iздейдi екен: әр шаңыраққа келген 
ұлдың тiзiмi жасалады. Ол бектiң үйi ме, әлде байдың үйi ме немесе 
құлдың  үйi  ме,  бәрiбiр.  Сонда  бұлар  әлгi  назары  ауған  баланы  жетi 
жасқа жеткенше бақылайды. Оның қалай жылайтынын, қайтiп тамақ 
iшетiнiн, қалай күлетiнiн, ой-өрiсiн, бәрiн қадағалайды. Бұл 1946 жыл 
екенi естерiңде ме?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет