Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Массивтермен және матрицалармен жұмыс



бет201/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   234
Байланысты:
Информатика

4.11. Массивтермен және матрицалармен жұмыс Кестелермен жұмыс жасау барысында, тек қана бір амалды
немесе формуланы қандай да бір ұяшықтар диапазонына қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Ұяшықтар диапазонын – ұяшықтар массиві немесе матрица деуге болады.
MS Excel программасы мұндай типті есептерді шешуге көптеген құралдарын ұсынады. Матрицалармен жұмысты: Математические, Сссылки и массивы және Статистические категорияларының функциялары қамтамасыз етеді.
Матрицалармен жұмыс жасау үшін кірістірілген функциялар
MS Excel – де матрицалармен жұмыс жасауға арналған функциялардың арнайы жиыны бар. Мысалы, олар:
МОБР() – кері матрицаны есептеу;

МОПРЕД() – матрицаның анықтауышын есептеу;
МУМНОЖ() – екі матрицаның матрицалық көбейтіндісін қайтарады;
ТРАНСП() – аударылған (транспонированная) матрицаны есептеу;
СТОЛБЕЦ() – нұсқалған сілтеме бойынша бағананың нөмірін қайтарады;
СТРОКА() – нұсқалған сілтеме бойынша жолдың нөмірін қайтарады;
СУММКВРАЗН() – екі массивтегі сәйкес мәндерінің квадраттарының айырымдарының қосындысы;
СУММПРОИЗВ() – массивтердің элементтерінің көбейтінділерінің қосындысы;
СУММРАЗНКВ() – екі массивтегі сәйкес мәндерінің айырымдарының квадраттарының қосындысы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет