Ашық архитектура принципі – бұл жалпы компьютерді және оның бөліктерін, жасап шығарған фирмаға тәуелсіз, өз-ара толығымен үйлесімді жаңа құрылғыларды қолданып әрқашан кемелдендіру мүмкіндігі.
Бұл пайдаланушыға үлкен пайда береді, олар жаңа құрылғыларды сатып алып оны жүйелік (аналық) тақшаның бос қосқыштарына (слотына) қойып, өз компьютерлерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.
Компьютердің модульді құрылуы – ақпарат алмасуыда магистральді (шиналық) принципке сүйенеді. Құрылғылар арасында ақпарат алмасу үш көп разрядтты шиналар (көп сымды байланыс линиясы) арқылы жүреді (2.3-сурет).