САБАҚ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Білу:
3.1 Қауіпсіз және қолайлы оқыту/білім беру / дамыту ортасын құру
|
Оқу/ білім беру процесі кезінде қауіпсіз оқу / дамыту ортасының және эмоционалды-психологиялық ахуалдың нормаларын сақтайды
|
Оқу/білім беру процесі кезінде денсаулық сақтайтын оқу/дамыту ортасын және эмоционалды-психологиялық ахуалды қолдайды
|
Әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және әрбір білім алушыны / тәрбиеленушіні қолдайтын қолайлы оқу / дамыту ортасын жасайды
|
Қауіпсіз оқу / дамыту ортасын басқарады және әрбір білім алушы / тәрбиеленушінің дамуы үшін қолайлы инклюзивті жағдайлар жасайды
|
Қауіпсіз, қолайлы және ынталандыратын оқу / дамыту ортасын құру бойынша тиімді тәжірибені таратады
|
3.2 Оқыту/тәрбиелеу процесін жоспарлау
|
Сабақ/сабақты/қызметті оқыту мақсаттарына сәйкес және танымдық процесс заңдылықтары негізінде жоспарлайды (бірінші жылы тәлімгердің басшылығымен)
|
Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті оқыту/тәрбиелеу және оқыту әдістемелерін және бағалау құралдарын анықтап сабақ/сабақты/қызметті жоспарлайды
|
Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қабілеттерін ескере отырып, бағалау технологиялары мен стратегияларын талдап, пәнаралық/пәнаралық байланыстар негізінде оқыту/тәрбиелеу процесін жоспарлайды
|
Әрбір білім алушы/тәрбиеленушінің дамуы үшін бағалаудың технологиялары мен стратегияларын бағалай отырып, оқыту /тәрбиелеудің интеграцияланған процесін жоспарлайды
|
Тәжірибені зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, оқыту/тәрбиелеу процесінің мазмұнын жоспарлайды
|
3.3 Оқыту/тәрбиелеу процесін іске асыру
|
Танымдық / білім беру үдерісінің заңдылықтары контексінде сабақ/сабақты/қызмет өткізеді және күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді
|
Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқу/шығармашылық жетістіктерді бағалаудың тиісті әдістемелері мен құралдарын қолданып сабақ/сабақты/қызмет өткізеді, күтілетін нәтижелерге қол жеткізеді
|
Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің қабілеттерін ескере отырып, сабақ/ сабақта/қызметте пәнаралық байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын қолданады
|
Әзірленген технологиялар мен бағалау стратегияларын қолдана отырып, интеграцияланған оқыту/ тәрбиелеу процесін іске асырады
|
Тәжірибені зерттеу нәтижелеріне негізделген оқыту/ тәрбиелеудің интеграцияланған процесін іске асырады
|
3.4 Оқыту/тәрбиелеу процесіндегі ынтымақтастық
|
Ата-аналарды/ заңды өкілдерді оқыту/ тәрбиелеу нәтижелері туралы хабардар етеді, білім алушылардың / тәрбиеленушілердің үлгерімін/ дамуын әріптестерімен талқылайды
|
Оқушылармен/тәрбиеленушілермен және ата-аналармен/ заңды өкілдермен оқыту/ тәрбиелеу нәтижелерін және жақсарту жолдарын талқылайды
|
Білім алушылардың / тәрбиеленушілердің үлгерімі мен дамуын бағалайды және қадағалайды
|
Педагогикалық қоғамдастық үшін білім алушылардың/тәрбиеленушілердің даму мониторингінің нәтижелерін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлейді
|
Педагогикалық қоғамдастықта білім алушыларды / тәрбиеленушілерді дамыту бойынша тиімді ынтымақтастық тәжірибесін таратады
|
|